Жануарлардың таралуы алғашқы ареалдың болуын болжайды және ол жерде
түрлердің пайда болу процессі жүрген екенін анықтайды. Кейіннен сол әдіспен соған ұқсас түрлер пайда болған, оларды туыстарға біріктірген. Ал одан жоғары туыстан, тұқымдастар, отрядтар пайда болған. Әр бір топтың ареалы бар.
“Түр” деген терминді Аристотель өз заманында ұқсас жануарларды сипаттау үшін пайдаланған.
ТҮР-деп морфофизиологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір бірімен еркін шағылыса алатын және жалпы ареалы бар популяциялар жүйесін құрайтын даралар жиынтығын айтады. Түрлердің көпшілігі политипті, яғни құрамындағы даралардың көптеген морфофизиологиялық белгілері бойынша алуан түрлі топтан тұрады. Ал жер бетінде қанша топтар анықталмаған.
Табиғатта түрлер бір келкі емес, олардың арасында не морфологиялық, не физиологиялық белгілері, немесе географиялық таралуы бойынша айырмашылық бар. Түрдің ең маңызды белгісі – оның эволюциялық тағдырының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін табиғи жағдайдағы генетикалық тұрақтылығы.
Тұқым қуалауда морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері ұқсас. Еркін будандасып, өнімді ұрпақ беретін, белгілі тіршілік жағдайына бейімделген және табиғатта белгілі аймақты-ареалды алып жататын түрлер жиынтығы болады.
Түрдің особьтары топтасып тіршілік етеді. Түрлер арасында қарым қатынастар пайда болады. Ареалдың белгілі бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особътарының сол түрдің басқа жиынтығынан салыстырмалы түрде оқшауланған жиынтығын популяция дейді. Ол әр жастағы және жыныстағы особьтардан тұрады. Бірнеше жақын популяция ірі түр аралық топ –түр тармағын құрайды.
Түрлер туысқа бірігеді. Әр бір түрдің, туыстың, тұқымдастың өзіне лайықты аралдары болады. Кейде ареалдар бірін бірі жолықтырып отырады. Егерде бір туыс мекендеген ареалды зерттегенде, олардың мөлшері, түрлердің таралуы мен орналасуы анықталады.
Кейбір ареалдарда түрлер бір келкі орналаспаған. Түрлердің көп шоғырланған жерін – таралу орталығы дейді.
Мысалы Оңтүстік Памарктихада жапырақ жейтін қоңыздың 60 –қа жуық түрлері бар. Оның ең көп шоғырланған түрлері Орта Азия мен Қазақстанның таулы аймақтары. Егерде белгілі бір ареалда түрлердің саны көп болса, онда бұл жерлер олардың тіршілігіне қолайлы.
Түрлердің шығу орталықтарын анықтауға болады. Қазіргі кезде түр түзілуідің бірнеше жолдары зерттелген. Бастапқы түр ареалының шеткі аймақтарында орналасқан бір немесе бірнеше аралас популяциялардан жаңа түрдің түзілуін аллопатриялық түр түзілісі дейді. Ареалодың кеңейюіне байланысты. Түр популяциялары мен оның топтары бір бірінен алшақтап жаңа орта жаңғдайлары мен ағзалар бірлестігі әсерінен өзгеріп жаңа түр бастамаларына айналады. Бұл түзілісі жануарлар әлемінде жиі болады. Мысалы галапагос құнақтарын алуға болады. Дарвиннің зерттеуі бойынша құнақтарды бір бірінен ажырататын тұмсығының ұзындығы. Қоректенуіне байланысты тұмсығы әр түрлі болады.
Түр түзілісі бастапқы ареалдың ішінде жүретін процессті симпатриялық түр түзілісі дейді. Оның жолдарының бірі маусымдық немесе экологиялық оқшаулану нәтижесінде жаңа формалардың қалыптасуы.
Популяциялар ішінде үздіксіз пайда болып отыратын мутациялардың молаю арқасында және өзара шағылысуға байланысты алуан түрлі жаңа генотиптер мен фенотиптер түзіледі. Мұның салдарынан популяция дараларының арасында белгілердің ажырауы – дивергенция жүреді. Будан келіп популяция ішінде белгілері түрліше бағытта ауытқыған даралардың жаңа топтасулары прайда болады. Сөйтіп бастапқы түрден бірнеше формалардың шоғыры шығады.