Жер шарының тірі қабатын- биосфераны көптеген ғылымдар зерттейді. Биосфера тірі оганизмдерді және олардың мекендеу ортасын қамтиды. Биосфераны ботаника, зоология және микробиология ғылымдары зерттейді.
Кейінгі жылдары биогеография деген ғылымының жаңа түрі пайда болды.
Оның негізгі мақсаты –жергілікті жердің биосферасының ерекшелігін зерттейді.
Совет ғалымы А.Г. Воронов 1963 жылы былай деді. Биогеография – жер шарының
өсімідік жамылғысы мен жануарлар дүниесін зерттейтін ғылым.
Биогеографияның құрамдас бөлігі болып зоогеография саналады. Зоогео-графия жер шарындағы жануарлардың таралуын және таралуының жалпы заңды-лықтарын зерттейді. Зоогеографияның негізгі обьектісі болып фауна саналады. Фауна- жер шарының белгілі бір аймағын мекендейтін ұзақ жылдар бойы қалып-тасқан жануарлар түрінің жиынтығы.
Зоогеография ареалдарды да зертейді. Ареал- жануарлардың таралу аймағы.
Атақты зоогеограф О.Л. Крыжановский-ареалдарды казуальды зерттеу қазіргі заманғы зоологияның негізгі бір міндеті.Оны мына мысалдармен айтуға болады.
Тундраның жануарларының жалпақ жапырақты орманның, шөлдің жануар-ларынан айырмашылығы бар. Өйткені, тіршілік ету орталары әртүрлі. Ол негізінен климат пен өсімдігіне байланысты.Соған қарай жануарлар дуниесі таралған.
Оңтүстік Американың, Африканың және Азияның ылғалды тропиктік орман-дарының климаты мен өсімдігі ұқсас болғанымен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Мұның негізгі себебі: Фауналардың қалыптасу тарихы. Фауна ұзақ жылдар бойы қалыптасып тұзілген. Оған тұрлі жағдайлар әсер етті.
Мекен ететін жануарларыда соған байланысты тіршілік етеді.
Зоогеография бұл жануарлар географиясы, зоология мен физикалық
географияның негізгі бөлімдеріне жатады..
Зоогеография – жер шарындағы жануарлардың экологиялық жағдайын ,климатқа
,рельефке,мұхиттқа алыс-жақын орналасуына тәуелді екенін көрсетеді. Жануарлардың таралу заңдылықтарын зерттейді.Зоогеографияның негізгі объектісі –фауна. Зоогеография регистрациялық салыстырмалы, және каузалді (себепті) болып бөлінеді.Зоогеографияның-экологиялық зоогеография, генетикалық зоогеография, ареалография,фаунистика,географиалық зоогеография деген бөлімдері бар. Бұлардың әрқайсысы өзіндік мәселелерді шешеді.
Зоогеография – систематика, палеонтология, экология ғылымдармен тығыз байланысты. Өйткені зоогеография сол ғылымдар деректеріне суенеді
Палеография, ландшафтану, физикалық география, геология және басқа да гуманитарлық пәндермен тығыз байланыста болады.
Зоогеография 19 ғасырда дами бастады. Биология,география ғылымдарының дамуы зоогеографияның дамуына себепші болды. Атақты зоогеограф,биолог М.А.Мензбир зоогеографияның дамуының төрт кезеңін анықтады.Американ биогеографі Л.Стюарт зоогеографияның тарихында 3-кезеңді көрсетті. Бірінші кезеңі-К.Линнейдің жануарлар систематикасымен байланысты. Екінші кезеңі Чарльз Дарвиннің эволюциялық теориясымен байланысты. Ұшінші кезеңі-20 ғасырдан осы күнге дейін созылып жатыр.
Ағылшын ғалымдары Ф. Склетер, АР Уолестер зоогеографияның негізін қалады.Негізгі-6 фаунистикалық аймақты бөлді. 1-Палеарктикалық. 2-Эфиопиалық. 3-Индо-Малай. 4-Австралиялық 5-Неотропикалық. 6- Неарктикалық..
Ресейде жануарлардың таралуы туралы көптеген еңбектер жасалынды. 18 ғас. П.С.Палластың, И.И. Лепехинаның академиялық экспедициялары көптеген еңбектер жинады Ресейдін Шығыс Европа бөлігі толық зертеп сипаттады…
19 ғас. К.Бэр, Э.А. Эверсман, Ю.И. Семашко, Н.А. Северцов А.П. Семенов Тянь-Шанский зоогеографияның дамуына үлкен үлесін қосты.Зоогеографиялық аймақтар зертеліп сипатталды.Жергіліқті жердің түрлері анықталып ашылды.
Су фаунасын зоогеографиялық тұрғыдан ағылшын ғалымы Э. Форбс, неміс ғалымы – А. Ортман, СССР- Бэргтер зерттеген.Судағы мекен ететін гидробионтар түрлері , олардың таралу аймақтары белгіленіп сипатталды.Фаунасы анықталды.
Зоогеографияның көптеген күрделі мәселелері шет мемлекеттерде шешілді Дүние жүзінің фаунасы зерттелді.Американ зоогеографі Дарлингтон “Зоогеография”деген кітабында омыртқалы жануарлардың су мен құрлықта таралуын зертеп толық сипаттама жасады.Бұл ұлкен жетістік болды.
Мензбир(1855-1935 )- зоогеорафиялық зерттеу әдістерін ашты.Зоогеограф алдымен ареалдың түрдік құрамын білу қажет деп есептеді.Мензбир мына зогеографиялық бірліктерді еңгіздірді. Облыс, провинция,округ,орналасқан жері.Бұл әдіс кеңінен пайдаланылды.Облысты анықтағанда фаунаның байлығына назар аударды.
Зоогеографиялық проблемалар жайында еңбектер жасалынды, соның ішінде Евразия мен Солтүстік Американың табиғаты,фаунасы мен флорасы зерттелді. .Ғажайып Африка табиғатыда зертелді.Басқа жерде кездеспейтін фауна өкілдері сипатталды. Зоогеографиалық аймақ бөлінді Эфиопия аймағы жеке аймақ болды. Отүстік Американың фаунасыда толық зертеліп арелдары айқындалды.
.Австралия маңындағы аралдарымен өзіндік фаунаны құрайды. Ешбір жерде жоқ жануарларымен сипатталады. Турлердің пайда тарихыда ерекше болып саналады.
ТМД жерінде Зоогеографияның орны ерекше. Жер көлемі үлкен, рельефі алуан түрлі , климаты әртүрлі болғандықтан – фаунасы алуан тұрлі боладыФауна осы күнге дейін зертеліп келе жатыр. Тұрлердің пайда болуы және таралуы анықталуда.
Зоогеографияның негізгі әдістерінің бірі- картографиялау. Картаға түрлерді орналасу аймағын түсіру, соның нәтижесінде түрлердің ареалы пайда болады.
Түрдің өкілдері белгілі бір ареалдың өзіне тиімді аймағына мекен етеді.
Тіршілік ету жағдайының өзгеруі мысалы климаттың жалпы өзгеруі, көрші аймақтарда қолайлы жағдайдың пайда болуы, т.б. түрлердің басқа аймаққа өтуіне себеп болады.Сонда түрлер өсуіне,таралуына, көбеюіне қолайлы жерлерде тұрады.Фауна жануарлар жиынтығын құрайды.Жануарлар өседі,дамиді.
Түрлердің құрамы мен таралуы туралы мәлімет жалпы фауна туралы түсінік береді.Фауна жер бетінде алуан тұрлі болып келеді.Озіндік ерекшелігімен көрінеді.
Кәзіргі заманғы зоогеографияның негізгі проблемаларының бірі –фаунаның өзгеру себептерін анықтау. Фаунаны алғашқы қалпында сақтап қалу.Ол ұшін адамзат табиғатқа деген көз қарасын өзгерту қажет.Фауна мен флораны қорғау керек.
Әр бір жердің фаунасында түрлердің бірнеше категориялары анықталады. Белгілі бір аймақта кездесетін түрлерді эндемиктер деп атайды. Олар өзінің кезегінде сол жерде пайда болған түрлерге бөлінеді. Оларды автохтондар дейді не болмаса эмигранттар деп атайды.
Зоогеографияның мынадай негізгі мақсаттары бар.
- Жер шарының аймақтарындағы белгілі бір түрдің популяциялары мекендейтін ариалдарды зерттеу.
- Жануарлар организмдерінің географиялық таралуының сипатын анықтайтын себептерді табу.
- Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен фаунаның қалыптасу заңдылықтарын анықтау.
- Келешекте жануарлар дүниесінің өзгеруін болжау.