Балықтардың дене тығыздлығы судың тығыздлығынан артық, сонан оларға қалқымалықтың маңыздлығы ерекше. Қалқымалық –балық денесінің тығыздығының судың тығыздығы арасындағы қатынасы. Ол бейтарап оң немесе теріс болуы мүмкін. Бейтарап қалқымалық балықтарға су қабатында емін еркін жұзуге мүмкіндік береді.
Балықтардың бейтарап қалқымалылыққа, немесе гидростатикалық тепе- теңдікке, яғни салыстырмалы түрдегі салмақсыздыққа, жету әдісі әр турлі. Торсылдақтың көмегі балықтардың етін сұландыру, қаңқаны жеңілдету және май жинау арқылы жүзеге асады.
Көпшілік балықтардың торсылдағы бар. Ол шеміршекті балықтарда, нағыз сүйектілерде-су түбінің (бұзаубас-балықтар), тұңғиықтың кейбір жылдам жүзетін (тунецтер, пеламидалар, кәдімгі скумбриялар т.б.) балықтарда болмайды. Жылдам жүзетін балықтардың бейтарап немесе соған өте жақын қалқымалылығы бауырда (акулалар) немесе етті (скумбрия, пеламида) майдың көп жиналуы арқылы іске асады. Балықтардың гидростатикалық қосымша бейімделушілігі –көтергіш оларда бұндай күш үздікесіз қозғалудың нәтижесінде пайда болады.
Торсылдақ күміс түстес едәуір үлкен жұмсақ қапшық,бұйра астында орналасқан. Негізгі қызметі гидростатикалық. Саусаққанат, қостынысты, көпқанаттыларда өңештің вентральді жағынан пайда болды. Көпшілік балықтардың торсылдағы, өңештің дорсальді жағынан басталатын, тақ орган түрінде пайда болады. Кейбір қостыныстылар мен көпқанаттыларда ғана жұп. Көпшілік балықтардың торсылдағы бір камералы (албырттар), кейде ұзыннан өзара қатысатын екі (тұқылар) немесе үш (ошибень т.б.) торсылдағынан, оны ішкі құлақ қуысымен жалғастыратын, тұйық өскіндер басталады.
Торсылдақ оттегі, азот, көмірқыщқыл газдарының қоспасына толы болады. Олардың өзара қатынасы әрбір түрде де, бір түрдің өзінде де тұрақты емес, бұл тұрақсыздық балықтың қандай тереңдікте екенін физиологиялық жағдайына, т.б. тәуелділіктен туады. Айталық алабұғаның торсылдағында орташа 19,4 оттегі, 78,1 азот және 2,5% көмірқышқыл газы болады. Тұңғиықтың балықтарының торсылдағында оттегі су бетіне жақынырақ тіршілік ететін балықтарға қарағанда, көп болады.
Торсылдақты балықтар ашық-және жабықторсылдақтыларға бөлінеді.
Ашықторсылдақтылардың торсылдағы ерекше ауа жолы арқылы өңешпен жалғасқан. Бұларға әсіресе ертедегі балықтар –қостыныстылар, шеміршекті және сүйекті гаоидтылар, көпқанаттылар, ал нағыз сүйекті балықтардан –майшабақтәрізділер, тұқытәрізділер, шортандар жатады. Атлант майшабағы, шпрот және хамсалардың ,әдеттегі ауа жолынан басқа, торсылдақтың артқы бөлігінен басталып оны сыртқы ортамен байланыстыру үшін аналь тесігінен кейін ашылатын екінші —-болады.
Жабықторсылдақты балықтардың (алабұғатәрізділер, трескатәрізділер, кефалтәрізділер т.б.) ауа өзегі болмайды.
Дернәсіл бірінші рет ауаны жұтқанда оның торсылдағы газдарға толады. Мысалы, бұл тұқының дернәсілі уылдырық қабынан шыққасын 1,5, тәуліктен кейін жүзеге асады. Жабықторсылдақтылардың торсылдағы шамалы уақыттан кейін сыртқы ортамен қатынасын жояды, ашықторсылдақтыларда ауа өзегі өмір бойы сақталады.
Барлық балықтар судың бетінен тереңіне, не тереңінен су бетіне орын ауыстырады. Су қабаты тереңдеген сайын ондағы қысым артады, сосын торсылдақтағы газдардың қысымы да көбейеді, оның көлемі кішірейеді. Сонымен қатар балықтың өзіндік салмағы артады, ол балықтың терең кетуін жеңілдетеді. Балық су бетіне көтерілгенде бұл процесс керісін жүреді.
Жабықторсылдақты балықтардың торсылдағындағы газдардың көлемін реттеу ерекше құрылымдар –газды без, «керемт тор» және соған (торсылдақ қабырғасындағы қуыс) арқылы іске асады. Кейбір ашықторсылдақтылардың (Esocidae) газды безі болады, бірақ сопақ болмайды. (Безге келетін қан тамырлары параллельді орналасқан капиллярлар шоғынан «қызыл дене»-ні құрайды, ол «керемет торсылдақ» қалыптастырады. Капилярлар әуелі паралельді болады, сосын қайтадан бірігіп юбезге баратын екінші артерияны құрайды.) Торсылдақ қабырғасында болатын бұлар торсылдақты ауаға толтыруды және газды денеге сіңуін қамтамасыз етеді. Газды без торсылдақтың алдыңғы, сопақ артқы бөлігінде орналасқан. Газды без –қатар орналасқан жіңішке артериальды және венозды тамырлардың жүйесі, ал сопақ –торсылдақты ішкі қабатындағы ет сфинктері қоршаған терезе. Ет сфинктері босаңсығанда газ торсылдақтан өз қабының ортаңғ,ы қабатын а веноздық капияларларға барып қанға сіңеді. Сіңетін газдың көлемі сопақтың тесігінің өзгеруімен реттеледі.
Жабықторсылдақты балықтар тереңдеген сайын олардың торсылдағындағы газдың көлемі азайады, сондықтан балықтың қалқымалылығы теріс болады, дегенмен белгілі тереңдікке жеткенен кейін торсылдаққа газды бездің газ бөлуімен сол тереңдікке бейімделеді. Балық су бетіне көтерілгенде , судың қысымы азайғанда , торсылдақтағы газдың көлемі артады, оның артығы сопақ арқылы қанға сіңеді, қаннан желбезек арқылы суға бөлінеді. Балық тез көтерілгенде газдың артығы қанға сіңіп үлгермейді де торсылдақ қатты ісінеді, ондайда ішкі органдардың сыртқа шығарылуы және торсылдақтың жарылуы онша сирек емес. Айталық теңіз алабұғасы 250-300 м. тез көтерілгенде торсылдақтың көлемі 25-30 есе артады, ал треска бұндай тереңдік айырмашылығына оңай төзеді.
Ашықторсылдақтылардың сопағы болмайды, себебі газдардың артығы қажет болғанда сыртқа ауа түтігі арқылы шығарылады. Мысалы, бұндай балықтар тереңнен көтерілгенде су бетінде көбік қабаты пайда болады. Көпшілік ашықторсылдақты балықтардың (майшабақтар, албырттар .т.б.) газды безі де болмайды.Газдардың қаннан торсылдаққа бөлінуі нашар жетілген, ол торсылдақтың ішкі қабатындағы эпителимен іске асады.
Көптеген ашықторсылдақты балықтар шамалы тереңге барарда, онда бейтарап қалқымалылығын сақтау үшін, ауа жұтады.Ашықторсылдақтылар едәуір тереңдікке сүңгу үшін торсылдақтағы таздарды шығарады, сонда су бетінде ауа көпіршіктері немесе көбік қабаты пайда болады. Тереңде бос торсылдақпен қалу мүмкін емес, сондықтан олар су бетіне көтерілуге мәжбүр.
Торсылдаққа тек гидростатикалық қызмет тән емес. Ол қысымның өзгеруін қабылдайды, есту органына тікелей қатысты-дыбыс толқынының резонаторы және рефлекторы қызметін атқарып ішкі құлақтың сезімталдығын күшейтеді.
Шырма – балықтардың торсылдағы сүйекті капсуламен қапталған, гидростатикалық қызметі жойылған , бірақ, атмосфераның қысымының өзгергенін тез қабылдайтын қасиет тапқан.
Торсылдағының көмегімен дыбыс шығаратын балықтар аз емес (треска, мерлуза т.б.)
Қостынысты және сүйекті ганоидтылардың торсылдағы ұялы, сондықтан ерекше тынысалу органының қызметін атқарады.