Балықтар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көпсанды және әртүрлі пішінді топ. Бұл олардың өте әртүрлі жағдайларда тіршілік етуімен байланысты. Балықтар тропикалық, қоңыржай және полярлы зоналардың шағын қара суларында, ағысы қатты өзендері мен жылғаларында, теңіздері мен мұхиттарында тіршілік етеді. Балықтар 6000 м биіктегі тау суларында, мұхиттардың тұңғиықтарында, жер асты үңгірлердегі суларда да кездеседі. Бұлар температурасы 20С суық сулардан 400 С асатын ыссы суларда да, сондай-ақ тұщы, кермек және тұздылығы 80% болатын суларда да тіршілік ете алады, тек тұзсыз (тазартылған) және тұздық суларда болмайды.
Балықтардың әр бір түріне нақтылы тіршілік жағдайы тән, бұлардың құрылысы мен тіршілігі айтарлықтай солардың ерекшелігіне байланысты. Ұзақ тарихи даму барысында балықтар судың құрамының көптүрлілігіне беймделген, сондықтан пішіні мен түсі де әртүрлі, көптеген айрықша органдары дамыған немесе жоғалған.
Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі микроскоптық балдырлармен – фитопланктон, екіншілері – жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен коректенеді, өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тіріжұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды – балықтың қанында эритроциттер болмайды, қаны түссіз және т.т. Балықтар суда мекен ететін гидробионтар болып саналады. Мекен ету ортасына қарай дене құрылысыда соған лайықты болады. Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір болып келеді. Арқа, кеуде, құрсақ, құйрық қанаттары балықтың емін еркін қозғалыс жасауына мүмкіндік береді. Балықтардың қозғалысы, азығын табуда, жауларынан қорғануда улкен көмек көрсетеді. Балықтар мұхиттың барлық жерлерінде мекен етеді. Судың қысымы тереңдеген сайын артып отырады. Қысымның жоғары болуынан терең қабаттарында мекен ететін балықтардың денесі жалпайып кеткен. Мұхиттың ортаңғы бөлімінде мекендейтін балықтар активті қозғалыс жасайды. Олар алып акулалар, сүйекті балықтардың өкілдері, басқада теңіз жануарлары мекен етіп, тіршілігін жұргізеді. Бұл балықтардың өкілдерінің дене құрылысы қалыпты болып келеді. Дене құрылысы соған лайықты. Балықтардың тері қабыршақтары денсін тұрлі зақымданудан сақтап, денеге жалпы бір форманы беріп тұрады. Тері қабыршақтарының орналасуы суда жұзуге мұмкіндік береді.
Балықтар –желбезекпен тыныс алатын, дене температурасы тұрақсыз, аяқ орнына жүзу қанаттарыбар омыртқалы су жануарлары. Балықтардың жақсы дамыған етті құйрығы, екі құрсақ және қос құйрықты қанаты, дара арқа, құйрық және анальқанаты болады. Денесін қабыршақ жапқан және қабыршақсыз түрлері болады.Терісінде шырыш түзетін бездері,жарық шығаратын органдары болады. Балықтардың түсі тіршілік ортасына сай келеді. Ең кішкене түрі Филиппины бұзаубасының дене тұрқы 1см болса, кит тәрізді акуланың салмағы 30тоннаға дейін барады. Балықтар қартайғанша өседі, бірақ өсуі бір келкі болмайды. Жыныстық қаблеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Балықтар 1жыл,немесе 2-3 жыл, кейбіреулері 100 өмір сүреді. Мысалы белуга 100ж өмір сүреді. Балықтардың қаңқасы сүйектен немесе шеміршектен тұрады.Омыртқасы 16 дан (айбалық), 400ге дейін(жаңа зеландиялық таспа балық) ьолады.Негізінен желбезекпен тынысалады, бірақ ауамен тыныс алатын түрлері де кездеседі.
Балықтардың өсімдікпен, жәндіктермен, омыртқасыздар мен қөректенетіндері де бар. Балықтардың жыртқыштары, паразитті тіршілік ететіндері бар. Жүрегі екі камералы. Тек қостынысты(өкпесімен тыныс алатын ) балықтарда аздап өзгешілік болады.Балықтар дыбыс пен ультра дыбысты сезеді, өздері де торсылдағын немесе қанаттарын, желбезек қақпағын пайдаланып дыбыс шығара алады. Балықтар дара жынысты, қос жынысты түрлеріде кездеседі. Жыныстық қаблеті 1жылда ( бұзаубастың кейбір түрі) немесе 12-20жылда (құртпа)
жетіледі. Көпшілігі өмірінде бірнеше рет уылдырық шашады, бір шашатын түрлеріде кездеседі. Оған қиыр шығыс лососі, кета, горбуша т.б. түрлері кездеседі. Уылдырықты жылдың түрлі маусымында, жазғытұрым, жазда, күзде және қыста шашатындары бар.Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары,көміп тастайтындары, тіпті моллюскалардың днесіне, інге, аузына тығып сақтайтындары болады. Акулалар, тісті тұқылар(гамбузия,теңіз алабұғасы) шабағын тірі туады. Іштей ұрықтанатын тұрлері бар.
Алғашқы балықтар тұшы суда мекен еткен, кейін теңізге тараған. ТМД елдерінде балықтардың 1400 түрлері мекендейді, ал Қазақстанда 150 түрі бар.Бекіре, шоқыр, ақ балық, ақмарқа,лосось,табан, сазан, шортан, майшабақ, т.б. түрлері кездеседі.