Қазақстан Республикасы Мәдениет туралы Заңы

Мәдениет туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 24, 147-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 26 желтоқсан N 320

МАЗМҰНЫ

Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) басылымның мiндеттi тегiн данасы — басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кiтапханаларға беруiне жататын, редакциялық-баспа өңдеуiнен өткен, шығарылым деректерi бар басылымның (мәтiндiк, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) данасы;
1-1) кинематографиялық ұйым — қызметiнiң негiзгi түрлерi фильм және (немесе) киношежiре шығару, фильмдi прокаттау, фильмдi корсету, фильмдi қалпына келтiру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөнiндегi жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы бiлiм беру, ғылыми-зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметi, фильмдi, фильмнiң және (немесе) киношежiренiң бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға;
1-2) киношежiре — уақытын, орынның, мән-жайдың өзiндiк (көбiнесе өткен шақтағы) ерекшелiктерiн сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректi сюжеттердiң түсiрiлiмдерi;

1-3) көркем құндылықтар — шығармашылық қызмет нәтижесiнде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;

2) көтермелеудiң салалық жүйесi — саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерiн моральдық ынталандыру нысаны;

3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы — мемлекеттiк маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесiлi мәдени құндылықтар жиынтығы;

4) мәдениет — адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;

5) мәдениет қызметкерi — кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар — республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру;

7) мәдениет саласындағы қызмет — мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi;
8) мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат — мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар кешенi;

9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) — мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық атқарушы орган;
10) мәдениет ұйымдары — қызметiнiң негiзгi нысанасы мәдениет саласындағы қызметтi жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

11) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау — мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;

12) мәдени құндылықтар — зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар құндылықтар;
13) мәдени қызмет субъектiлерi — мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;

14) ұлттық мәдени игiлiк — Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген, ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар мәдени құндылықтар;
15) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi — тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау, ұстау, қалпына келтiру, қорғау және пайдалану жөнiнде мемлекет қабылдайтын шаралар;

16) Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi — Мемлекеттiк тiзiлiм) — ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар ұлттық — мәдени игiлiктiң тiзбесi;
16-1) Фильм — шығармашылық ниеттiң негiзiнде кез келген нысанда және әртүрлi жанрда жасалған, кинотаспаға, магниттiк таспаға немесе жеткiзгiштердiң өзге де түрлерiне жазылған және өзара реттiлiкпен байланысқан кадрларды бiртұтас тақырыпқа бiрiктiрген бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын және тиiстi техникалық құралдардың көмегiмен естiп-көруге арналған дыбыстау-бейнелеу туындысы;

16-2) Фильмдердiң мемлекеттiк қоры — Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, ұлттық фильмдердi, бiрлесiп түсiрiлген фильмдердi, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

16-3) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмi — прокатталуы және көпшiлiкке көрсетiлуi (демонстрациялануы) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;

16-4) фильмдi прокаттау — көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау), телевизия эфирiнде (кәбiлдiк телевизияны қоспағанда) трансляциялау, жалға беру, сондай-ақ өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсiлмен фильмдi тарату;

16-5) фильмнiң таралымын көбейту — тарату мақсатында жеткiзгiштiң кез келген түрiнде және түпнұсқа форматында фильмнiң бiр немесе одан көп көшiрмесiн (таралымын) дайындау;
16-6) фильм шығару — нәтижесiнде дыбыстау-бейнелеу туындысы жасалатын автордың шығармашылық ниетiн iске асыру үдерiсi;

17) шығармашыл қызметкер — кәсiби немесе әуесқой шығармашылық қызметi көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған жеке адам;

18) шығармашылық қызмет — кез келген нысанда және кез келген тәсiлмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған қызмет;

19) шығармашылық одақ — мәдениеттiң бiр немесе бiрнеше жанры кәсiби шығармашыл қызметкерлерiнiң өздерiнiң жеке мүшелiгi негiзiнде құрылатын қоғамдық бiрлестiгi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
    2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi

Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатының негiзгi принциптерi:

1) мәдениеттi мемлекеттiк қолдау. Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

3) алынып тасталды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;

5) қазақтың ұлттық мәдениетiнiң тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бiрi ретiнде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетiн дамыту және молайту үшiн құқықтық кепiлдiктер жасау;
7) алынып тасталды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
8) алынып тасталды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
9) мәдени қызмет субъектiлерi арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;
10) Қазақстан халқы мәдениетiнiң әлемдiк мәдени кеңiстiкке кiрiгуiн қамтамасыз ету болып табылады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-бап. Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi

Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетiн қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

3) ұлттық және әлемдiк мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

4) мәдени құндылықтарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

5) халыққа мәдени қызмет етудiң мемлекеттiк ең төменгi стандарттарын белгiлеу;
6) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;

9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуiне және әкелуiне, оған меншiк иесi құқығының басқаға заңсыз берiлуiне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшiн жағдайлар жасау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық — мәдени бiрлестiктерге қатысу еркiндiгiн, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн қорғау және дамыту құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ

5-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi мемлекеттiк басқару

  1. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы
    органдар жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) мәдениеттi дамытудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекiтедi;
3) мәдениет саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
4) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсiби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;
5) мәдениет саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтер көрсету ережелерiн айқындайды;
6) Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;

7) мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру ережелерiн бекiтедi;
8) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде шешiм қабылдайды;

9) әлеуметтiк — экономикалық даму бағдарламаларында мәдениет саласындағы басым бағыттарды ескередi;

10) мәдениет саласында мемлекеттiк стипендиялар беру тәртiбi мен ережелерiн белгiлейдi;
11) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;

12) Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн және оған әкелiнетiн мәдени құндылықтарға сараптама жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
13) мәдениет ұйымдары желiсiнiң ең төменгi мемлекеттiк нормативтерiн және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегi мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының үлгiлiк штаттарын бекiтедi;

РҚАО-ның ескертпесi!

6-бапты 14) тармақшамен толықтыру көзделген — ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады, Қазақстан Республикасы халқы мәдениетiнiң дамуы үшiн жағдайлар жасайды;
2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
3) өз құзыретi шегiнде мәдениет мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;

4) мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;

5) ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;

7) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етедi;

8) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

9) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;
9-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әдебиеттi республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзедi;

11) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

12) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;

12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдердi өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

13) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегiн айқындайды;

14) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;

15) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастырады;

18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асырады және үйлестiредi;
19) шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификат беру тәртiбiн бекiтедi;
20) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiтедi;
21) көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ережелердi бекiтедi;
22) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге белгiленген тәртiппен рұқсат бередi;
23) Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнiндегi сарапшы комиссия туралы ереженi бекiтедi;

24) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды iске асыру жөнiнде қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

25) өз құзыретi шегiнде республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiредi, меншiк нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелерi бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

26) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiрiп, қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлейдi;

27) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiредi;

28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;

29) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi бойынша сарапшы комиссия құрады;
30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседi.
РҚАО-ның ескертпесi!

7-бапты 31), 32) тармақшалармен толықтыру көзделген — ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
33) республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

34) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

РҚАО-ның ескертпесi!

7-бапты 35) тармақшамен толықтыру көзделген — ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесi!

8-баптың тақырыбына және бiрiншi абзацқа өзгерту енгiзу көзделген — ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жәнеастананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы:

1) мәдениет саласында өңiрлiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

2) театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және мұражай iсi саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

3) театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметiн және халық шығармашылығын, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мекемелерiнiң мәдениет саласындағы қызметiн қамтамасыз етедi;
4) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi ұйымдастырады;

4-1) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткiзудi ұйымдастыруға құқылы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

6) мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнiнде сарапшылық комиссия құрады;
7) тиiстi аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкiлеттi органға ақпарат, сондай-ақ белгiленген нысанда статистикалық есептер бередi;

8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

10) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;
10-1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындайды;
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
13) шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификаттарды белгiленген тәртiппен бередi;

14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн бередi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы:
1) театр, музыка және кино өнерi, кiтапхана және мұражай iсi, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметiн қолдауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) жергiлiктi маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бiрлестiктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi жүзеге асырады;

4) алынып тасталды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

6) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;

7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
8) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетедi;

9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн бередi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылыққызметке құқықтары

  1. Азаматтардың өз қабiлеттерiне сай бұл қабiлетiн жұмсау саласын, iске асыру нысандарын өздiгiнен таңдау және кәсiби бiлiм алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

Шығармашылық қызметпен айналысу кәсiби негiзде де, кәсiби емес (әуесқой) негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.

  1. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етiледi. Осы құқықтың шектелуi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiмен ғана айқындалуы мүмкiн.
    3. Кәсiби және кәсiби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлiк меншiк, өз еңбегiнiң нәтижелерiне иелiк ету еркiндiгi, мемлекеттiң қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.

Азаматтардың кәсiби және кәсiби емес (әуесқой) шығармашылық қызметi ұжымдық немесе жеке негiзде жүзеге асырылады.

  1. Әрбiр азаматтың мәдени құндылықтардың меншiк иесi болуға құқығы бар. Жеке меншiктi алу, пайдалану және оған иелiк ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
    5. Әрбiр азаматтың өзiнiң шығармашылық қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және iске асыруға құқығы бар.
    Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы мiндеттерi

Азаматтар:
1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи құндылықтарды қастерлеуге;

3) қазақ халқы мен этностық топтардың ұлттық мәдениетiн әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерiн, мемлекеттiк тiлдi және басқа да тiлдердi құрметтеуге мiндеттi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

12-бап. Мемлекеттiң азаматтардың мәдениет саласындағықызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегiмiндеттерi

  1. Мемлекет мәдени өмiрге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткiзу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша бiлiм алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепiлдiк бередi.
    2. Мемлекеттiк органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етедi.

4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСIБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

13-бап. Шығармашыл қызметкердiң мәртебесi

  1. Шығармашылық одақтың мүшесi — шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн өз құрылтай құжаттарына сәйкес осы одақ растайды.
    2. Шығармашылық одақтарға мүше емес шығармашыл қызметкердiң мәртебесi сертификатпен расталады.
  2. Кандидаттың шығармашылық қызметi шығармашыл қызметкер сертификатын алуға негiз болып табылады.

14-бап. Шығармашыл қызметкердiң және мәдениетқызметкерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

  1. Шығармашыл қызметкердiң:

1) жария етiлуi немесе жоғалуы өзiнiң шығармашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн ақпаратты қорғауға;
2) өз қызметiне үшiншi тұлғаларды тартуға;

3) мәдениет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысуға;
4) шығармашылық және кәсiби мүдделерi бойынша қоғамдық бiрлестiктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кiруге;

5) шығармашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн мұрағаттарға, кiтапханаларға, мұражайларға және басқа да мәдениет ұйымдарына еркiн баруына құқығы бар.
2. Мәдениет қызметкерi:

1) кәсiптiк, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
2) кәсiби қызметiн жүзеге асыру үшiн жағдайлардың қамтамасыз етiлуiне;
3) егер мемлекеттiк емес мәдениет ұйымының қызметкерi болса, мемлекеттiк бюджет немесе жұмыс берушiнiң есебiнен бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға;
4) мемлекеттiк бюджеттiң немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуге;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.

  1. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

15-бап. Шығармашыл қызметкерлердi және мәдениетқызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау

  1. Қызметi зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тiгумен және кәсiптiк аурулар қаупiмен байланысты шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғаужәнесақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгентәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлердi мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлегентәртiппен мәдениет саласындағы мемлекеттiк стипендиялар тағайындалады.

16-бап. Шығармашылық одақтар

  1. Мәдениет саласындағы бiрлескен күш-жiгердi талап ететiн шығармашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн ерiктi негiзде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкiн.
    2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңiрлiк және жергiлiктi шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн.
  2. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар шығармашылық одақ республикалық деп танылады.
  3. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар шығармашылық одақтар өңiрлiк деп танылады.
    5. Қызметi бiр облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергiлiктi шығармашылық одақтар деп танылады.
    5-1. Республикалық шығармашылық одақтар мәдениет саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторлық) даму бағдарламаларын әзiрлеуге тартылуы мүмкiн.
    Өңiрлiк және жергiлiктi шығармашылық одақтар мәдениет саласындағы өңiрлiк даму бағдарламаларын әзiрлеуге тартылуы мүмкiн.
  4. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледi
  5. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтықзаңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
    Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелiк

  1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгiленген талаптарға сай келетiн шығармашыл қызметкердiң шығармашылық одаққа кiруге құқығы бар.
    2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарына нұқсан келтiрмеуге, олардың құрамына тиiстi шығармашылық кәсiптердiң неғұрлым бiлiктi өкiлдерiнiң бiрiгуiне, олардың кәсiби және шығармашылық өсуiне ықпал етуге тиiс.

18-бап. Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық бiрлестiктер мен ұжымдар

Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық бiрлестiктер мен ұжымдар азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мәдениет ұйымдарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жұмыс iстейдi.

5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

19-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi ұйымдастыру

Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердiң, цирктердiң, студиялардың, мектептердiң, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, мұражайлардың, кiтапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруi және қорғауы арқылы жүзеге асырылады

Мәдениеттiң дамуы үшiн өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жүзеге асыратын мәдениеттi дамыту қорлары құрылуы мүмкiн.

20-бап. Мәдениет ұйымдары

  1. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындабелгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
    2. Мәдениет ұйымдары қызметiнiң түрлерiн олардың құрылтайшылары айқындайды және бұл олардың жарғыларында көрiнiс табады.
  2. Өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениет ұйымдары мемлекеттiк, мемлекеттiк емес және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

20-1 бап. Мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттау

  1. Мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негiзгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерiн ұтымды пайдалану, осы негiзде олардың желiлерi мен құрылымдарын ретке келтiру үшiн жүргiзiледi.
    2. Барлық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары бес жылда бiр рет аттестаттауға жатады.
    3. Мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкiлеттi орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.

Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесi

  1. Мәдениет саласындағы қызметiнiң айрықша мемлекеттiк және қоғамдық мәнi бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берiлуi мүмкiн.

«Ұлттық» мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

  1. Өз саласында жетекшi болып табылатын мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсiби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнердi қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулi үлесi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi «Академиялық» мәртебе бередi.
    2-1. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кiтапхана пайдаланушыларға берудi жүргiзетiн, кiтапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кiтапханаларға әдiстемелiк көмек көрсететiн облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кiтапханаларына уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен «Орталық» мәртебесiн бередi.
  2. Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары жекешелендiруге жатпайды.
    Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

22-бап. Театрлар

  1. Театрлар — әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетiлiмдерiн (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттiк және өзгелерi) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары.
    2. Театрлар меншiк нысанына қарамастан көркемдiк бағыттар, репертуар таңдауда, әдебиет және өнер туындыларын көпшiлiк алдында орындау туралы шешiмдер қабылдауда, сахна туындыларын жасауда және танымал етуде, сондай-ақ тиiмдi шығармашылық және өндiрiстiк даму үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыруда ерiктi.
    3. Азаматтарды мәдени өмiр саласына тарту мақсатында халықтың театр iс-шараларына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджетзаңнамасында белгiленген тәртiппенсубсидиялар бөлiнедi.

23-бап. Концерттiк ұйымдар

  1. Концерттiк ұйымдар — әдебиет және өнер туындыларын көпшiлiк алдында орындауға және көркемдiк ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшiн шаралар кешенiн iске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
    2. Концерттiк ұйымдардың негiзгi мiндеттерi музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдiгi жоғары бағдарламалар мен нөмiрлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсiби көркемдiк ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерiн ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
    3. Концерттiк ұйымдар шығармашылық бағдарламалар жүргiзуде және репертуар таңдауда дербестiкке ие.
  2. Республика азаматтарын мәдени өмiр саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жiктерiнiң концерттiк iс-шараларға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк концерттiк ұйымдарға мемлекеттiк бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленгентәртiппен субсидиялар бөлiнедi.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

24-бап. Кiтапхана iсi

  1. Кiтапхана iсi — мiндеттерiне кiтапханалар желiсiн құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кiтапхана пайдаланушыларға кiтапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетудi ұйымдастыру, кiтапхана мамандарын даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, кiтапханалардың дамуын ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз ету кiретiн мәдениет саласы.
    2. Кiтапхана — ақпараттық, мәдени, бiлiм беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрiнiс материалдары, электронды жеткiзгiштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретiн мәдениет ұйымы.
    Қоры тек қана электронды жеткiзгiштердегi құжаттардан тұратын кiтапхана (электронды кiтапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегi (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегi өзара iс-қимыл кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
    2-1. Кiтапханалардың кiтапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кiтап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылады.
    Ұлттық кiтапханалардың кiтапхана қоры басылымның мiндеттi тегiн данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
    2-2. Басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын дайындалған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханаларына жiбередi.
    3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, салалық, салааралық, жасөспiрiмдер, балалар кiтапханалары, сондай-ақ көрмейтiн және нашар көретiн азаматтар үшiн арнайы кiтапханалар құрылуы мүмкiн.
    4. Мемлекеттiк кiтапханалар ақысы мiндеттi сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалатын, өздерiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткiзуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
    Мемлекеттiк кiтапханалар:

1) жеткiзгiштердiң, форматтардың, стандарттардың барлық түрiнен көшiрмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

2) кемтар азаматтар үшiн материалдар дайындауға;
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
4) қолжазбаларды, құнды кiтаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
5) көшпелi ақпараттық — көрме iс-шараларын ұйымдастыруға;
6) бiлiм беру және аудармашылық қызметтерiн көрсетуге;
7) қолжазбаларға және құнды кiтаптарға сараптама жасауға;
8) байланыс операторымен шарт негiзiнде Интернет желiсi қызметтерiн ұсынуға;
9) құжаттарды электронды жеткiзуге, тақырыптық ақпарат iздестiрiп, құрастыруға;
10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсiрiлiмдер жасауға;
11) кiтапхана шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзуге құқығы бар.

Кiтапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезiнде салынған кепiл сомасын, кiтапхана қорына пайдаланушылар келтiрген залал өтемақысының түрлерi мен мөлшерiн белгiлеуге құқылы. Мемлекеттiк кiтапханалар кiтапхана қорына келтiрiлген залал үшiн алынған өтемақы сомаларын тиiстi бюджетке аударады.
5. Кiтапхана iсi, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бiр бөлiгi ретiнде кiтапхана қорларын қалыптастырумен, сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкiлеттi орган белгiлегентәртiппен реттеледi.

  1. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кiтапханаларға бара алмайтын кiтапхана пайдаланушылар уәкiлеттi орган айқындайтынтәртiппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзуге құқығы бар.
    Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25-бап. Мұражайлар

  1. Мұражайлар — мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшiлiкке көрсету үшiн құрылған, мәдени, бiлiм беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшiлiкке танытуды қамтамасыз етуге тиiс мәдениет ұйымдары.
    2. Қазақстан Республикасының аумағында әр түрлi бейiндегi мұражайлар, соның iшiнде жеке коллекциялар мұражайлары құрылуы мүмкiн. Айрықша тарихи, ғылыми, мәдени және көркемдiк мәнi бар жылжымайтын тарихи-мәдени құндылықтар ансамбльдерi мен кешендерi тарихи-мәдени және (немесе) табиғи қорықтар, қорық-мұражайлар болып жариялануы мүмкiн.
  2. Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекциялары мұражай қорының құрамына кiредi және елдiң мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
    Мұражай жәдiгерлерiн мемлекеттiк мұражайлардан жеке меншiкке беруге тыйым салынады.
    4. Мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақысы мiндеттi сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша айқындалатын, өздерiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткiзуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
    Мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтардың:
    1) жеткiзгiштердiң, форматтардың, стандарттардың барлық түрiнен көшiрмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

2) байланыс операторымен шарт негiзiнде Интернет желiсi қызметтерiн ұсынуға;
3) фото, бейне түсiрiлiмдер жасауға;

4) кәдесый және полиграфия өнiмдерiн өткiзуге;

5) мұражайлар мен мұражай — қорықтар шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзуге құқығы бар.

  1. Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу тәртiбi мен шарттары және мұражай iсi саласындағы басқа да қатынастар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттеледi.
  2. Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк мұражайларға мемлекеттiк бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленгентәртiппен субсидиялар бөлiнедi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

26-бап. Ауыл мәдениетi

  1. Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердiң мәдениет объектiлерiмен қамтамасыз етiлу нормативi талаптарымен айқындалатын деңгейде ауылдық жерде мәдениеттi дамытуда, мемлекеттiк мәдениет ұйымдары желiсiн қалыптастыруда, халыққа эстетикалық бiлiм беру және мәдени қызмет көрсету үшiн жағдайлар жасауда басымдық қамтамасыз етiледi.
  2. Ауылдық жерлердегi мемлекеттiк мәдениет ұйымдары материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң басым құқығын пайдаланады.
  3. Ауылдық елдi мекендерде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шаралары берiледi.
    Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2008.12.24 N 111-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары

  1. Мәдени-демалыс ұйымдары — қызметi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелетiн күнделiктi көпшiлiктiң араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктерi, мәдениет үйлерi мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлерi) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары.
    2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негiзгi мiндетi халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
  2. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметi:

1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға бейiмдеуге;
2) Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердi, концерттердi, ән-би мерекелерiн, тұсаукесерлердi, фестивальдердi, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнерi көрмелерiн ұйымдастыруға;
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдiстемелiк жұмыстарды ұйымдастыруға;
4) мәдени-демалыс қызметiндегi және халық шығармашылығындағы озық тәжiрибенi зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгiзуге және таратуға;
5) облыстық, өңiрлiк, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздiк ұжымдарын насихаттауға;

6) этномәдени бiрлестiктердi қолдауға;

7) мәдени — демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлi мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдауға бағытталған.

  1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердiң ең аз көлемiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн болмаса, оған жол берiлмейдi.
    5. Азаматтарды мәдени өмiр саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс iс-шараларына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджетзаңнамасында белгiленген тәртiппенбюджеттiк субсидиялар бөлiнедi.

28-бап. Кинематография

  1. Кинематография — фильмдi жасауға, сақтауға, прокаттауға және көрсетуге бағытталған шығармашылық, ғылыми, өндiрiстiк, бiлiм беру қызметi түрлерiн бiрiктiретiн мәдениет саласы.
  2. Кинематографиядағы мемлекеттiк саясаттың басымдықтары:

1) киношежiре мен ұлттық, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдерге арналған фильмдер жасау;
2) кинематографияның материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту;
3) шетелдiк фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдердi шығаруға, олардың таралымын көбейтуге және прокаттауға басым жағдайлар жасау;

4) кинофестивальдер және басқа да iс-шаралар өткiзу;

5) халықаралық кинематографистер ұйымдарына, сондай-ақ фестивальдер мен конкурстарға қатысу және өкiлдiк ету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы кино өндiрiсiнiң негiзiн кинематографиялық ұйымдар құрайды.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-1-бап. Ұлттық фильм

  1. Фильм мынадай негiздердiң жиынтығына сәйкес келсе:
    1) егер фильм жоғары көркемдiк деңгейде жасалып, халықтың рухани қажеттiктерiн қанағаттандыруға қабiлеттi болса, мемлекеттiк мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнерi арқылы әлемдiк аренада танып-бiлуге қызмет ететiн болса;
    2) фильмдердi шығару, тарату және көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау) кезiнде смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемiнiң кемiнде жетпiс процентiн Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асыратын болса;
    3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген заңды тұлға фильмнiң продюсерлерi болып табылса;
    4) фильм түсiретiн топтың құрамына кiретiндердiң (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киiм суретшiлерi, монтаждаушылар, басты рөлдердi орындайтын актерлер) отыз пайыздан аспайтыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар болса;

5) фильм шығарудағы шетелдiк инвестициялар фильмнiң сметалық құнының отыз процентiнен аспаса;

6) фильмдi шығару iшiнара немесе толығымен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылса, ұлттық деп танылады.

  1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдiк кинематографиялық ұйымдармен бiрлесiп түсiрiлген фильм ұлттық деп танылуы мүмкiн.
    3. Фильмдi ұлттық деп тану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    Ескерту. Заң 28-1-баппен толықтырылды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесi!

Заңды 28-2, 28-3, 28-4-баптармен толықтыру көзделген — ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-4-бап. Фильмдердi прокаттау тiлi

РҚАО-ның ескертпесi!

Заңды 28-4-бапты 1, 2-тармақтармен толықтыру көзделген — ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  1. Прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) барлық фильмге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.

Ескерту. Заң 28-4-баппен толықтырылды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

28-5-бап. Фильмдердiң түрлерi

  1. Фильмдер түрлерi бойынша мыналарға бөлiнедi:
    1) анимациялық фильм — графикалық әдiстердi және бейнелеу өнерi тәсiлдерiн, сондай-ақ компьютерлiк графика мүмкiндiктерiн пайдалану жолымен қимылдар мен көрiнiстер жандандырыла отырып жасалатын фильм;

2) деректi фильм — режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және баска да құралдармен түсiндiретiн өзектi оқиғалар, шындық фактiлерi жинақталып көрсетiлген сценарий желiсiнiң негiзiнде жасалатын фильм;
3) ойын фильмi — сценарийдiң негiзiнде жасалатын жене актер ойыны, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшiнiң, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектiлерiнiң шығармашылығы құралдарымен iске асырылатын фильм;

4) хроникалы фильм — өзектi оқиғалар мен шындық фактiлерi көрсетiлген фильм.
2. Бейнелеудi көрсету тәсiлдерi бойынша фильмдер кинофильмдерге, телевизиялық фильмдерге және бейне-фильмдерге бөлiнедi.

  1. Ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толық метражды болып табылады, ұзақтығы алпыс минутқа жетпейтiн фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
    Ескерту. Заң 28-5-баппен толықтырылды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-6-бап. Фильмдердiң және киношежiренiң бастапқыматериалдарын сақтау

  1. Мемлекет ұлттық фильмдердi, бiрлесiп түсiрiлген фильмдердi және киношежiренi, оның iшiнде ұлттық мәдени игiлiктiң ажырамас бөлiгi ретiнде ұлттық фильмдердiң және киношежiренiң бастапқы материалдарын сақтауға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асырады.
  2. Ұлттық фильмдердiң бастапқы материалдары Фильмдердiң мемлекеттiк қорына тұрақты сақтауға берiледi.
  3. Қазақстан Республикасының аумағына көшiрмесiн жасау, таралымын көбейту, прокаттау және көрсету үшiн әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) бiрлесiп түсiрiлген фильмдердiң бастапқы материалдары да Фильмдердiң мемлекеттiк қорына тұрақты сақтауға берiледi.
    4. Фильмдердiң мемлекеттiк коры ұлттық фильмдердiң, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) бiрлесiп түсiрiлген фильмдердiң бастапқы материалдарын сақтау кезiнде фильмдердiң бастапқы материалдарына олардың құқық иелерiнiң еркiн және өтеусiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
    5. Киношежiренiң бастапқы материалдары Кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттiк мұрағатына тұрақты сақтауға берiледi, ол киношежiренiң бастапқы материалдарына олардың құқық иелерiнiң еркiн және өтеусiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
    6. Негатив, контратип, бейне негативi, фонограмма негативi, эталонды көшiрме, қондыру роликтерi, паспорттары мен олардың жазбалары, фильмнiң бақылау көшiрмесi, қайта жазбалардың, музыканың, шулардың магниттi фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнiң кез келген материалдық нысандағы таралымын көбейту үшiн қажеттi өзге де материалдар фильмнiң және киношежiренiң бастапқы материалдарына жатады.
    Ескерту. Заң 28-6-баппен толықтырылды — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдiк қызметi

  1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы гастрольдiк қызметi шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
    2. Шетелдiк гастрольдердi шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз ететiн шарттар негiзiнде өткiзедi.

30-бап. Халық көркем шығармашылығы

  1. Халық көркем шығармашылығы — халық көркем шығармашылығы шеберлерiнiң шығармашылық қол еңбегi және (немесе) механикаландырылған еңбегi процесiнде белгiлi бiр жерде халық өнерi дәстүрлерiн ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негiзiнде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бiрi, әсемдiк мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөнiндегi қызмет.
    2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөнiндегi көркемдiк-сарапшылық кеңестердiң қорытындылары негiзiнде жүзеге асырылады.
    3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiндекөзделген тәртiппен қорғалады.

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi қаржыландыру

  1. Мемлекеттiк мәдениет мекемелерiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасындабелгiленген тәртiппен пайдаланылатын, бюджет қаражаты және қайырымдылық, демеушiлiк көмек түрiнде түсетiн қаражат және өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттiк мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мәдениет ұйымдарын қаржыландыру қызметтер көрсету, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
    3. Мәдениеттi дамыту қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мемлекеттiк емес қаражаттарды тартуы мүмкiн.
    Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГIЛIК

32-бап. Мәдени құндылықтар

Мәдени құндылықтарға:

1) археологиялық ескерткiштер, археологиялық олжалар (кәдуiлгi және құпияларын қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар;

2) өсiмдiктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгiлерi және палеонтология үшiн қызығушылық тудыратын заттар;
3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам тарихын, ұлттық мәдениет тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәденнет, әдебиет пен өнер қайраткерлерiнiң, ойшылдардың, ғалымдардың, ақын-жазушылар мен әртiстердiң өмiрiмен және iрi ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;

4) жекелей немесе коллекциялардағы, айрықша қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне кiтаптар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби), құжаттар және басылымдар;
5) жекелей немесе коллекциялардағы елу немесе одан көп жыл бұрын шығарылған почта маркалары, салықтық және осы тәрiздi маркалар;

6) қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;

7) көне және бiрегей музыкалық аспаптар;
8) дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;

9) тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;
10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;
11) айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;
12) Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнектi ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты объектiлер, соның iшiнде мұражай заттары және мұражай коллекциялары;

13) кез келген негiздегi және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолар, картиналар және суреттер түрiндегi көркем құндылықтары (сызбаларды және өнеркәсiп бұйымдарын, қолдан жасалған әшекей заттарды қоспағанда);
14) мүсiн өнерiнiң кез келген материалдан жасалған соны туындылары;
15) бiрегей гравюралар, эстамптар және литографиялар;
16) бөлшектенген көркем және тарихи ескерткiштердiң және археологиялық орындардың құрамдас бөлiктерi жатады.

Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

33-бап. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiктiзiлiмi

  1. Мәдени мұраны сақтау мақсатында осы Заңның 32-бабында аталған, айрықша құндылығы бар объектiлер Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiледi.
    2. Жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ ескерткiштердi (тарихи, археологиялық, сәулет және басқа) зерделеумен айналысатын зерттеу ұйымдары уәкiлеттi органға Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге жататын объектiлер туралы мәлiметтер беруге мiндеттi. Жаңа объектiлер мен заттардың анықталуына қарай қажеттi мәлiметтерi бар ақпарат ұсынылады.
    3. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу туралы өтiнiмдерi уәкiлеттi органның қарауы үшiн мiндеттi болып табылады. Аталған өтiнiмдердiң берiлуi мұндай объектiлерге мәселе мәнiсiмен шешiлгенге дейiн, бiрақ екi айдан аспайтын уақытқа, ерекше режимдi уақытша беру үшiн негiз болып табылады.
    Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

34-бап. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекшережимi

  1. Кешендi түрде ерекше көркемдiк немесе тарихи мүдделiлiк туғызатын коллекцияларды немесе заттар жиынын бөлшектеуге болмайды.
    Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiн уәкiлеттi органның әрбiр нақты объект бойынша өзi құратын сарапшы комиссиясының ұсынымы негiзiнде беретiн арнайы рұқсатынсыз жоюға, басқа жерге ауыстыруға, өзгертуге, түрлендiруге немесе реставрациялауға жол берiлмейдi.
  2. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiн тарихи, көркемдiк және дiни мақсатына сай емес қандай да бiр тұрғыда пайдалануға жол берiлмейдi. Дiни-табыну ұйымдарына тиесiлi және ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерi болып табылатын заттар олардың табынушылық мақсаты ескерiле отырып пайдаланылуы мүмкiн.
    3. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiне қолданылмайды.
  3. Сәулет ескерткiштерiн пайдаланудың басым құқығы мәдениет мекемелерiне тиесiлi.
    5. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн тиiсiнше ұстап тұру және сақтау жөнiндегi мiндеттер оларды пайдаланушыларға немесе меншiк иелерiне жүктеледi. Аталған мiндеттiң сақталмауы берiлген құқықты сот тәртiбiмен өтемдi негiзде алып қоюға әкелiп соғады. Меншiк иелерiнiң немесе пайдаланушылардың ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiн күтiп-ұстауға материалдық немесе өзге де мүмкiндiктерi болмаған кезде, шығыстарды мемлекет өзiне алады.

Ұлттық-мәдени игiлiк объектiсi меншiк иесiнiң құқықтарын iске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерi сатылған жағдайда, оларды мемлекет иеленуiнiң басым құқығы көзделiп, Қазақстан Республикасының заңында белгiленген бақылаумен және тәртiппен жүзеге асырылады.

  1. Мемлекет меншiгiндегi ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.
    7. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерi мен заттарын қасақана жойғаны, бұзғаны немесе бүлдiргенi үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу

  1. Уақытша экспозиция, гастрольдiк қызмет, реставрациялау жұмыстары және ғылыми зерттеулер, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени iс-шаралар өткiзу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, мәдени құндылықтарды және ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған.
  2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз әкетiлген және (немесе) оның аумағына заңсыз әкелiнген мәдени құндылықтар мен ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерi мiндеттi түрде қайтарылуға жатады. Бұл ретте заңсыз әкетiлiп, қайтарылған, сондай-ақ соттың шешiмiмен тәркiленген мәдени құндылықтар тиiстi бейiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мұражайларға тапсырылуға тиiс.
  3. Автордың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, өзi жасаған мәдени құндылықтарды әкетуге құқығы бар.
    4. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу ережелерi шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады.
    5. Егер бұл iс-әрекеттер мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге және әкелуге ықпал етуi мүмкiн болса, мәдени құндылықтар иелерiнiң аталған құндылықтарды иелену, пайдалану және иелiк ету жөнiндегi құқықтарын басқа бiреуге беруiне жол берiлмейдi.

36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртiбi меншарттары

  1. Заттардың меншiк иесi не меншiк иесi оған уәкiлеттiк берген тұлға мәдени құндылықтарды уақытша әкетудi жүзеге асыруы мүмкiн.
  2. Заңды тұлғалар мәдени құндылықтарды уақытша әкетуi кезiнде олардың әкетiлетiн заттарға меншiк құқығы құжаттамамен расталуы қажет.
    3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнiндегi сарапшы комиссия жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.
  3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдау кезiнде уәкiлеттi орган аталған құндылықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу үшiн негiз болып табылатын, мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiкбередi.
  4. Мәдени құндылықтардың елден тысқары жерлерде болу мерзiмi алты айдан асуы мүмкiн емес.
  5. Елден тысқары әкетiлетiн, сондай-ақ оларды қайта әкелу кезiнде мәдени құндылықтардың сараптамасы Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтынтәртiппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Шығармашылық ұжымдарды, мамандарды, мәдени құндылықтарды және мәдениет саласындағы қызмет нәтижелерiн, сондай-ақ мәдениеттiң түрлi салаларындағы ұйымдастырушылық қызмет тәжiрибесiн алмасуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етедi.

38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға
қатысу

  1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасынасәйкес халықаралық коммерциялық емес мәдени бiрлестiктердiң филиалдары, өкiлдiктерi құрылуы мүмкiн.
  2. Мәдениет ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес және өздерiнiң құрылтай құжаттарында айқындалатын тәртiппен осы баптың 1-тармағында аталған бiрлестiктерге кiруге, сондай-ақ қайырымдылық мақсаттағы нысаналы түсiмдерге билiк етуге құқығы бар.
    Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшiн
жауаптылық

Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

  1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
    2. «Мәдениет туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж. N 22, 406-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президентi