Рибосомалар

Электроңдық микроскоптың көмегімен ашылған орга-ноидтардың бірі рибосомалар — тығыз бөлшектер, Палад-тың гранулалары деп те аталады.

Рибосомалар — прокариоттар мен эукариоттардың клеткаларында болатын диаметрі 15-25 нм ете үсақ жүмыр белшектер. Эукариоттар клеткаларында рибосомалардың екі популяциясы байқалады: гранулалық эндоплазмалық тордың мембраналарының бетіне бекіген, цитоплазмада не-месе митохондриялар мен хлоропласт сияқты органоидта-рының матриксінде бос орналасқан.

Рибосомалар бөлшектерінің үлкендігін ультрацентрифу-гада бөлшектер шөгуінің жылдамдыгын сипаттайтын седи-ментация константысының (8 — Сведберг бірлігі) көмегімен белгілейді. Бөлшектер неғүрлым салмақты бол-са, соғүрлым тез шөгеді.

Ультрацентрифуганы түңғыш рет ойлап шығарған және ультрацентрафугалаудың ғылыми негізін қалаған швед ғалымы Сведберг. Молекулалық массасы алты миллион «түтас» рибосомаларды 100 рибосомалар деп атайды (Сведбергтің 100 бірліктері). Прокариоттар рибосомалары-ның седиментация коэффициенті 70 8 эукариоттардікі 80 8, митохондриялар рибосомаларының седиментация коэф-фициенті рибосомалардың 70 8 класына жатады. Хлороп-ластардікі 67-70 8 тең.

Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі қүрылымдық суббірліктен қүралған — үлкен және кіші. Рибосомалардың суббірліктері РНҚ мен белоктан түрады. Үлқен суббірлігі эндоплазмалық тордың липопротеидтік мембранасына ри-босомалардың бекуіне катысады. Рибосомаларда белоктар синтезделеді. Батериялардан сүтқоректілерге дейінгі орга-низмдердің бәрінің рибосомалары үлкендігі, күрылысы және химиялық қүрамы жағынан үқсас. Белок пен РНҚ-ның бірдей мөлшерінен түрады. Рибосомаларда липидтер болмайды.

Белоктарды жедел синтездейтін клеткаларда рибосома-лар көп болады. Сол сияқты клеткалардың өсу дәуірінде де цитоплазмада, эндоплазмалық тордың мембраналарына бекімеген, көптеген бос рибосомалар байқалады. Ересек және кәрі клеткаларда рибосомалар болмайды. Көптеген клеткаларда мРНҚ-ның молекулалары бос рибосомаларды біріктіріп полирибосомалар немесе полисомалар деп атала-тын кішкене топтар қүрайды.

Рибосомалар үнемі қозғалыста болады. Рибосомалар митохондриялардың, Гольджи аппаратьшың мембранала-рына, плазмалық мембранаға бекімейді, лизосомалардың мембраналарына да жанаспайды.