ГОЛЬДЖИАППАРАТЫ Бүл органоидты 1898 жылы Италия ғалымы К. Гольд-жи нерв клеткасында байқаған. Кейін пісіп жетілген спер-мотозоидтар мен эритроциттерден басқа омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі үлпаларының клетка-ларыңда болатыны анықталды. Өсімдіктер клеткасында бо-лу-болмауы көп уақытқа дейін талас болды, бірак оларда да болатынын электронды микроскоп дәлелдеді. Кейде тор тәрізді аппарат, Гольджидің комплексі, пластинкалы ке-шен деп те атайды.
Жарық микроскопы Гольджи аппаратының екі түрін ажыратады: тор тәрізді және диктиосомалық. Гольджи ап-паратының торлы қүрылымы әдетте ядроның маңьшда және центриольдарды қоршай орналасады (5-6-суреттер), ал диктиосомалар клеткалардың цитоплазмасыңда түрліше орналасуы мүмкін. Диктиосомалар тордың жеке үзінділері. Диктиосомада бір-бірінен 20-25 нм қашықтықта жататын, аралықтарында гиалоплазманың жүқа қабаты болатын, жалпак мембраналық қапшықтар немесе цистерналар тек-шелері орналаскан. Текшедегі қапшыктардың саны 5-10-нан аспайды. Гольджи аппаратының зонасында тығыз орналасқан жалпақ цистерналардан басқа көптеген ваку-ольдер байқалады. Диктиосома зонасының проксимальдық және дистальдық учаскелерін ажыратады (7-сурет).
Өсімдіктер мен омыртқасыз жануарлар клеткаларында, эмбриондықүлпаларклеткаларыныңкепшілігіндеоның диктиосомалық формасы жиі байқалады. Ересек жануар-лар организмінің ұлпаларында әдетте әр түрлі қүрылым
кездеседі. Гольджи аппаратының ультрақүрылымы жал-
пақ қапшықтардан (цистерналардан), үлкендігі әр түрлі
вакуольдерден,көпіршіктерденжәнесекрет түйіршіктерінен түратыньш электрондық микроскоп анықтады (8-сурет).
Гольджи аппаратының функциясы клеткада жүретін кептеген маңызды метаболизмдік процестермен байланы-сты. Ол клетканың секрет бөлу қызметіне, липидтерді түзу, жинау, сіңіруге және полисахаридтерді синтездеуге қатысады. Гольджи аппараты клеткадан белоктарды сек-рециялауға да қатысады. Бүл қызметінде Гольджи жүйесі эндоплазмалық тордың мембраналарымен байла-нысты.
Гистохимиялық әдістермен Гольджи аппаратьшда бело-ктардың, липидтердің, полисахаридтердің, мукополисаха-ридтердің болатыны анықталған. Ферменттерден фосфатазалар, пероксидаза, түрлі гидролазалар табылған. Гольджи аппаратының вакуольдарынан лизосомалар түзіледі.