Цитология — клеткасың жалпы морфологиялык. құрылысын, ішІндегі болатын зат алмасу процессі, сыртқы ортамен қарым қатынасын зерттейтін гылым. Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектел-ген ядро мен цитоплазмадан түрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіледі. Кірінділер немесе параплазмалық қүрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың кепшілігінде байқалатын ал-масу енімдерінің жиынтығы. Бүған жататындар майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кри-сталдары және пегменттік кірінділер. Органоидтар клетка-лардың барлығыда дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бүларға эндоп-лазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар, тағы басқалары жатады.
Клеткалардың кепшілігі бір ядролы, бірақ та екі неме-се кеп ядролы клеткаларда болады. Кеп клеткалы орга-низмнің клеткаларының саны ете кеп. Мысалы адам миының үлкен ми сыңарларындағы клеткалардың саны 20 миллиард шамасында, ал қандагы эритроциттердің саны 25 миллиондай.
Өсімдіктер мен жануарлар организмі клеткаларының атқаратын қызметтері әр түрлі болғандықтан, олардың пішіні түрліше болады. Клеткалардың пішіні оның орга-низмдегі орнына да байланысты.
Жануарлар клеткалары жүлдыз тәрізді (нерв клетка-сы), цилиндр-кубтәрізді (эпителий клеткалары), сопакша (эритроциттер), тармакталған (мезенхиманның клеткала-ры), жүмыр (жүмыртқа клеткасы) т. т. болады (1-сурет).
Клеткалар пішіні жағынан ғана емес үлкендігі жағынан да ажырайды. Мысалы, адамның жүмыртқа клеткасы (диа-метрі 0,1 мм) келемі жағынан адамның сперматозоидынан 1 млн, есе үлкен.
Адамның нерв клеткасының аксоньшың үзындығы 1 метрден артық, эпидермистің, бүйректің, бауырдың, ішектің клеткаларының үлкендігінің диаметрі 30 мкм. Адамның ең кішкене клеткасы кіші лейкоциттер, диаметрі 3-4 мкм. Бактериялық клеткалар ете үсақ келеді. Кебіреулерішң үлкендігі 0,2-0,3 мкм. Белгілі клеткалары-дың ішіндегі үсағы микоплазманың клеткасы (0,10-0,25 мкм).
Қүрылысының күрделілігіне қарай клеткаларды екі топқа беледі: прокариондык (гректің про — алдымен, карион — ядро) және эукариондық (эу — жақсы, карион — ядро) деп (2,3-суреттер). Прокариондык деген термин эво-люция процесінде эукариондық клеткаларға дейін пайда болған деген үғымды білдіреді.
Прокариоттарға эубактериялар, көк-жасыл балдырлар, спирохеталар, риккетсиялар және микоплазмалар жатады, қалған барлық организмдердің клеткалары, саңырау-қүлақтардың, қарапайымдардың, жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары — эукариондық клеткалар.
Прокариоттардың клеткалары үсак болады (0,5-3 мкм). Митохондриялар, хлоропластлар, Гольджи аппараты, лизо-сомалар сияқты айқын байқалатын мембранамен шектел-ген органеллалар мен ядролық мембрана болмайды. Прокариоттардың гендік информацияның қүрамында эука-риондар клеткасының хромосомаларыңда болатын негізгі белоктар — гистондар жоқ, түйық сақина пішінді ДНК-ның қос тізбегінен түратын бір хромосомада орналасқан.
Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен яд-рошықта жоқ. Прокариондық клеткалар аминқышқылдары мен көмірсуларынан түратын клеткалық қабырғамен қоршалған. Олардың плазмалық мембранасы мезосомалар деп аталатын цитоплазмаға қарап ойыңцылар қүрайды. Прокариоттардың клеткаларына цитоплазмалық ағыс пен амеба тәрізді қозғалыс тән емес, жабайы талшықтардың көмегімен қозғалады. Прокариондық клеткалардың цитоп-лазмасы біртекті емес, онда фибриллалар үсақ мембрана-лық көпіршіктер мен жалпақ қапшықтар, рибосомалар, майдың тамшылары, полисахаридтер мен полифосфаттар жиынтықтарын байқауға болады. Бүлардың бәрі цитоплаз-маның негізгі затында, матриксінде, гиалоплазмада орна-ласқан.Цитоплазманың матриксінде ерігіш белоктардың негізгі массасы, гликолиз процестеріне қатысатын фермен-ттер, түрлі субстраттарды тотықтыратын ферменттер, бело-ктардың синтезі барысында аминқышқылдарының активтігін арттыратын ферменттер мен липидтер, полиса-харидтер синтезіне қатысатын кептеген ферменттер жүйелері болады. Прокариондық клеткалардың цитоплаз-масының орталық зонасы электрондық микроскоппен қарағанда көбінесе босаң, ақшыл болып байқалады. Бүл зонада ДНК-ның молекулалары жатады. Прокариоттардың плазмалық мембранасында немесе оның ішкі бетіндегі есінділерінде АТФ синтезделуіне әкеліп соғатын, то-тықтырып фосфорлауға қатысатын ферменттер жүйесі ор-наласқан.
Кейбір бактериялардың цитоплазмасының бетіңце кей-де рибосомалар жайғасқан түтікшелі мембраналық қаналшықтардың болатыны баяндалған. Бүндай қаналшықтар түрлі токсиндер мен ферменттерді және басқа заттарды синтездеуге және клеткадан сыртқа шығаруға қатысады. Бактериялардың гиалоплазмасында седиментация коэффициенті 70 8 рибосомалар өте көп бо-лады. Прокариондық клеткалар жай ғана екіге бөліну арқылы көбейеді.