Омырқасыздардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады, оларды адам баласы пайдаланады, кейде тіпті асырып, өсіреді (бал арасы, жібек құрты, устрица және бір қатары).
Омыртқасыздардың енді біреулері зиян келтіреді, сондықтан олармен үнемі қатал күрес жүргізуге тура келеді.
Омыртқасыздың пайдалы жақтары мыналар:
- Азық-түлік есебінде пайдаланылатын омыртқасыздар, немесе олардың беретін өнімдері.
Бұларға алдымен бал арасы жатады. Бал арасын асырау, ең бірінші бағалы тамақ боларлық бал берумен қатар, балауыз сияқты техникалық құнды затты да береді. Адам баласына тамақ боларлық омыртқасыздар қатарына тағы да толып жатқан моллюскілер де, әсіресе қос жақтаулы моллюскілер, толып жатқан сушаян тәрізділерде, кейбір тікентерілер де және басқаларда жатады, сонымен бірге кейбір моллюскілерді, мысалы, устрицаны,сондай-ақ кейбір сушаян тәрізділерді аулап қана қоймайды, тіпті асырап өсіреді де.
- Техникалық шикізат есебінде пайдаланылатын омыртқасыздар немесе бұлардың беретін өнімдері.
Бұларға ең алдымен кейбір көбелектер жатады, бұлардың жұлдыз құрттары қуыршақтануы үшін жіп шығарады. Бұларға тағыда толып жатқан молллюскілер де жатады, олардың бақалшақтарын сәдеп(перламутр) бұйымдарын жасауға немесе маржан шығаруға өндірісте шикізат есебінде пайдаланылады. Губкалар (туалет губкасы), қызыл маржан кейбір насекомдар да жатады. Медициналық сүлікті де осыларға жатқызуға боолады, өйткені қазір сүлікті табиғаттағы бар жерінен алып қана қоймай, медицинада пайдалану үшін асырап та өсіретін болады.
- Омыртқасыздар- ауыл шаруашылық дақылдарын, огород пен бау-бақша дақылдарын тозаңдатушылар.
Бұларға көптеген насекомдар жатады, тозаңдатушылар ретінде бұлардың маңызы өте зор. Тек акйта кететін бір жағдай сол, кейбір ауыл шаруашылық өсімдіктерін, мысалы, қызыл жоңышқаны, тозаңдатуда бал арасының да үлкен маңызы бар.
- Омыртқасыздар – ауланатын балықтарға және құстар мен аңдарға азық қоры.
Бұларға балық үшін тамақ болатын сушаян тәрізділер, моллюскілер, еркімен жүретін құрттар, кейбір тікен терілер, насекомдардың лечинкалары, алжер бетіндегі формалар үшін – көбінесе түрлі насекомдар, олардың лечинкалары және біраз жер құрттары жатады.
- Омыртқасыздар – зиянды омыртқасыздарды құртушы және олардың паразиті.
Бұларға көбіне шаршарлар (наездниктер) сияқты кейбір насекомдар жатады, өйткені бұлар өздерінің жұмыртқаларын зиянды көбелектердің жұлдыз құрттарының ішіне салып, ондай зиянды жәндік түрлерінің өніп өсуіне кесел болып, санын азайтады. Зиянды насекомдарды жоюда жыртқыш көп аяқтылардың да, сондай-ақ паразит жұмыр құрттардың да, біраз маңызы бар.
- Омыртқасыздар – топырақ түзетушілер.
Бұларға, әсіресе, жер құрттары яки жаңбыр құрттары жатады,өйткені бұлар топырақты қобсытып, топыраққа органикалық қалдықтар қосады. Топырақ тіршілігінде топырақтағы бір клеткалардың да, (амеба, талшықтар, инфузориялар ) елеулі маңызы бар.
Сонымен омыртқасыздардың адам баласына пайдалы жақтары орасан екендігін және бәрінен бұрын түрліше екендігін көреміз.
Омыртқасыздардың – адам баласына және оның шарушылығынакелтіретін зияны мына түрде:
- Омыртқасыздар – Адам баласының бірқатар аурулартуғызатын, тікелей паразиттері.
Бұларға кейбір бір клеткалылар жатады, бұлардың ішінде адымен, жер шарында жыл сайын 200 000 000 шамасындай адамды ауруға шалдықтыратын,безгек ауруын туғызатын безгек масасы болады. Бұдан басқа кенелердің арасынан және әсіресе насекомдардың арасынан шығатын (биттер, бүргелер, қандалалар) сыртқы паразитттер жатады.
- Үй жануарлардың және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразиті болып саналатын омыртқасыздар.
Бұларға бірқатар бір клеткалылар, көптеген жалпақ және жұмыр құрттар, аздап сүліктер, сушаян тәрізділер (кәсіптік маңызы бар балықтар үшін), кенелер және көптеген насекомдар жатады.
- Ауылшаруашылығының дақылдарының паразиті болып саналатын омыртқасыздар.
Бұларға бірқатар жұмыр құрттар, мысалы, қызылша нематодасы, бидай нематодасы және кейбір басқа құрттар, кенелер және насекомдар жатады.
- Омыртқасыздар – адамның, үй жануарларының және ауылшаруашылық өсімдіктерінің ауруларын таратушылар.
Мұнда өздері паразит болғанымен, бірқатар аурулардың онда да тіпті түрліше аурулардың қоздырғыштарын тасып, басқаларға жұқтырушы болып табылады. Бұларға құрсақ аяқты моллюскілер,аздап сушаян тәрізділер, көптеген кенелер мен насекомдардың көбісі (мысалы, шыбындар т.с.с) кіреді.
- Омыртқасыздар – Ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығының зиянкестері.
Бұларға түрлі насекомдардың толып жатқан түрлері, кенелер, кейбір бауыраяқта моллюскілер, мысалы, жалаңаш шырыш жатады.
- Омыртқасыздар – түрлі қорлардың зиянкестері.
Бұларға – дәндер мен ұндарды бүлдіретін түрлі насекомдар мен кенелер (бізтұмсық, ұн-дән қоңызы, ұн-дән кенелері) жатады. Жұлдыз құрттары Жүнді және жүннен істелген бұйымдарды құртатын кәдімгі күйе көбелегі көпке белгілі.
- Түрлі құрылыстарды ластайтын және зияндайтын омыртқасыздар.
Бұларға бір жерде орнығып отыратын бір қатар омыртқасыздар (губкалар, мшнкалар және т.б) жатады, Мұндайлар водопроводтардың және басқа гидротехникалық құрылыстардың ішіне жиналып, орнығып алып, өздерінің коллониялары арақылы суды ластайды, ал кейде тіпті ондаай құрылыстарды біреп тастауы мүмкін.
Теңіздегі ағаш құрылыстарды, ағаш кемелері нағыз бүлдірушілер кеме”құрты” деп аталатын өте өзгеріп кеткен, қосжақтаулы моллюска және кейбір сушаян тәрізділер. Құрлықтағы ағаш құрылыстарды, ағаштан жасалған кейбір бұйымдарды зияндайтын насекомдар, әсіресе қоңыздар.
- Улы омыртқасыздар.
Бұларға бір қатар өрмекші тәрізділер (шаяндар, өрмекшілер ), көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұл жәндіктер шаққанда, өздерінің уымен тіпті адамды да, және үй жануарларын да өлтіріп жібереді (әсіресе тропиктегі ірі формалардың улылығы осындай болады) немесе қатты улайды.
Ал техникалық шикізат ретінде ауланатын омыртқасыздарға келсек, мұнда ең көбірек маңыз алатыны қосжақтаулы моллюскілер, өйткені бұлардың бақалшақтары түрлі сәндік бұйымдары (перламутрлар)жасауға шикізат ретінде пайдаланылады. Бұл жөніндәе бізде көбірек пайдаланылатыны тұщы сулық ракушкалар.