Былқылдақденелілер – кейбіреулері ғана болмаса, көпшілігі бақалшақты, жұмсақ денесі бас, тұлға, аяққа бөлініп, нағыз суда мекендейтін жәндіктер. Олардың құрлықта тіршілік ететін де түрлері бар. Денесі буылтықсыз және өте жұмсақ болғандықтан, бұл топтағы жәндіктер былқылдақденелілер деп аталады. Жер жүзінде былқылдақденелілердің 130 мыңға жуық түрлері бар.
Теңіздерде, кейбіреулері тоғандар мен құрлықта тіршілік ететін, жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін толтырып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады. Бұлардың 90 мыңға жуық түрлері бар.
Тіршілігі және сыртқы құрылысы. Суы тұщы тоғандарда тұрқы – 70 миллиметрге дейін жететін үлкен ұлудың су түбінде жайлап жылжып бара жатқанын көруге болады. Оның денесінің алдыңғы бөлігінде 2 қармалаушы және бір жұп көзі болады. Тоспаұлудың тұлғасын бақалшақ қаптайды, бақалшақтың кең аузынан бүкіл бауырын алып жататын аяғы байқалады. Бақалшақ төрт – бес бұратылып, ұшы үшкірленіп бітеді. Тоспаұлудың бақалшағы мүйізтектес заттан түзіледі.
Үлкен ұлудың денесі бас, тұлға және аяқтардан құраладыда, бірінен – бірі айқын бөлінбейді. Аяғы бүкіл құрсақ бөлігін қамтитындықтан, үлкен тоспаұлу бауыраяқты былқылдақденелі жәнедік деп аталады, Ұлудың басындағы қармалауштардың түбін ала екі көзі болады және баспен жалғасқан тұлғаның алдыңғы жағында ерекше қатпар – шапанша тұлғаны қаптап жатады. Ал ұлудың денесі мен шапанша аралығындағы бос орын шапанша деп аталады. Бастың астыңғы жағынан ұлудың аузы көрінеді.
Мүшелер жүйесі. Тоспаұлулар — өте қомағай жәндіктер, олар негізінен алғанда өсімдіктекті азықпен қоректенеді. Ұлкен тоспаұлудың асқорту мүшесі ауыздан басталып, жұтқыншаққа, өңешке және қарынға жалғасады. Қорегін қорытуда бауырдың атқаратын ықпалы зор, одан қарынға асқорту сөлі бөлінеді. Қарын ішекке жалғасады да қоректің қорытылуы ішекте аяқталып, қорытылмаған қалдығы аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Ұлудың жұтқыншағында, тіл деп аталатын астыңғы бөлігін ала ұсақ тісшелер үккі болады. Тоспаұлу үккілері арқылы су өсімдіктерінің сабақтарындағы жұмсақ ұлпаларды қырып жейді.
Үлкен тоспаұлу өкпемен тыныс алады, сондықтан әлсін — әлі су бетіне шығып, тыныс тесігі арқылы өкпесіне ауа толтырып алады. Өкпенің қабырғасындағы қантамырларда оттегін сіңіріп, көмір қышқылын бөлу арқылы газ алмастырады. Түссіз кан ұлу денесіне жүректен шыққан қан тамырлар арқылы бірден таралып, мүшелер арасындағы аралықтарға құйылады. Үлкен тоспаұлудың жүрегі екі бөліктен тұрады, олар құлақша, қарынша деп аталады. Жүрек екі бөлігін кезек – кезек жиыру арқылы ірі қантамырлар мен қанды айдайды да, одан соң қылтамырларға бөлініп, мүшелер аралығына таралады. Бұл қан айналымның ашық жүйесі деп аталады. Ұлуларда қан айналымның ашық жүйесі қызмет атқарады.
Үлкен ұлудың едәір күрделі құрылысты бүйрегі бар, сол бүйрек арқылы өткен қан улы заттардан арылып, бүйректегі сүзінді аналь тесігінің жанындағы тесік арқылы сыртқа шығарылады.
Үлкен тоспаұлудың жүйке жүйесі – дененің әрбір үлескісінде орналасқан бес жұп жүйке түйіндерден тұрады. Түйіндердің өзара жалғасуынан жүйке бағанасы түзіледі де, бүкіл мүшелерге тармақталады. Терідегі бытыраңқы орналасқан сезімтал жасушалар мен қармалауыштар үлкен тоспаұлудың сипап сезу қызметін атқарады. Сондай – ай тоспаұлуда тепе –теңдік мүшесі де болады, ол – ішінде әктенген ұсақ денешігі бар көпшілік және сезімтал түкті жасушалар. Ұлудың денесі қалпынан өзгерген кезде көпіршектегі әкті денешік орнынан жылжып, тітіркенуді денеге жеткізеді.
Үлкен тоспаұлу — гермафродитті жәндік, жыныс жасушаларынан жұмыртқажасушасы мен сперматозоиттар бөледі де, айқаспалы тәсілмен ұрықтанады. Тоспаұлу су өсімдіктерінің сабағына жұмыртқалап, жұмыртқадан жетілген жас тоспаұлушалар өрбиді. Бауыраяқты былқылдақденелілердің пайда – зияны. Бұлардың бірқатарларыауылшарушылығына зиян елтіреді. Жүзім ұлуы жүзімнің жапырағын жесе, жалаңаш шырыш бауда өсетін өсімдіктер көпшілігінің жемісі мен жапырақтарын зақымдайды. Ал кішкене тоспаұлудың бауырсорғыш паразитіне аралық ие екені сендерге бұрынан мәлім, ол кез келген тоқтау суларда кездеседі.
Улулардың пайдасы туралы жүзім ұлуының көптеген европалық елдердің тағамға пайдалану үшін арнайы өсіретінін айтуға болады.
Бауыраяқтылар – көбінесе суда, кейде құрлықта мекендейтін, денесін бақалшақ қаптап, кейбіреулерінде бақалшағы болмайтын ең көп тараған.