1 класс Теңіз жұлдыздары (Asterdipea)

Сипаттамасы. Тікентерілілер типінің барлық белгілерін өте жақсы көрсететін негізгі класс. Бұл жануарлардың ересектерінің сыртынан қарағанда да және ішкі органдарының орналасу тәртібінде де сәулелі семметрия, ал, личинкаларында бипинарлы – екі жақты семметрия айқын көрінеді. Скелет известі таяқшалардан құралған, олар көбінесе жануарлардың төменгі жағында болады. Абулякральді жүйесі жақсы жетілген, бұл көбінесе қозғалу үшін керек

Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі.

Сыртқы түрі. Жануардың денесі орталық бөлімі не диск және одан тарайтын бес сәуледен құралады. Төменгі яғни оральді жағынан жоғары не аборальді жағынан оңай айыруға болады. Оральді жағының ортасында ауыз тесігі, ал сәулелерді бойлап өтетін қуыстарда амбулякральді жүйенің ақырғы жағы болып саналатын ұшында сорғыштары бар амбулякральді кішкене аяқтар болады. Аборальді жағында амбурякральді жүйенің бас жағы — мадрепоралық пластинка, артқы тесік және жыныс бездерінің тесігі бар.

Ішкі құрылысы. Скелет известі пластинкалардан құралған пластинкалар бірнеше қатарлар болып ораль жағында және біразы сәулелердің бойында орналасқан. Сәуленің ортаңғы сызығы бойында амбулякральді пластинканың қос қатарлы қабаты келеді. Бұлар ойық сызат құрады. Бұл пластинкалардың арасында амбулякральды аяқшалар шығады.

Мускулатура едәуір жақсы жетілген, мұның себебі скелеттің жөнді жетілмеуінен жұлдыздың сәулелері жоғары қарй да төмен қарай да иіле алады.

Сәулелілерді иетін әрбір сәулені бойлай жүретін және аборальді жағының ортасынан барып қосылатын үш бұлшық ет таспалары. Мұнан басқа бір жұптың, бір тізбектің амбулякральді пластинкаларын сәйкес пластинкаларды алды – артынан байланыстыратын және амбулякральді пластинкаларды амбулякральді пластинкалармен байланыстыратын бұлшықеттер бар. Бұлшық еттердің мұндай жүйесі теңіз жұлдыздарының сәулелі қозғалмалы өтеді.

Дене қуысы не целом. Терінің, скелет элементтерінің және мускулатураның астында сәулелілерге кіретін кең дене қуысы болады. Дене қуысы алдымен бастапқы ішектің екі жағында бір жұп бастама сияқты болып, құрыла бастайды.

Мұнай былай өсу кезінде бұлардың әрқайсысы үшке бөлінеді. Артқы екі участкесінен целом, сол жақ ортадағы участкеден (гидроцель) амбулякральді жүйе құрылады. Оң жақ орта участке редукцияға ұшырайды, алдыңғы екеуінен псевдогемльді жүйенің бір бөлімі ось комплексі құрылады. Дене қуысында амеба тәрізді көптеген клеткалары бар сұйық зат болады және дене қуысының ішін кірпікті эпителялар жауып жатады.

Амбулякральді не су тамырлы жүйенің құрылысы сәуле симметриялы және оның денесі орталық бөлім мен сәулелерде жатқан радиальді тармақтардан құралады. Денесінің ортасында өңешті қоршап жатқан дөңгелек канал бар. Осы каналдан әрбір сәулеге радиальді каналдар және тасты каналдар тарайды

Амбулякральді жүйенің негізгі қызметі қозғалыс әрекеті, мұны ол амбулякральді аяқшалар арқылы жүзеге асырады. Мадрепоралық пластинка арқылы амбулякральді жүйеге су толады. Аяқшалар созылып барып өзінің сорғыштармен бір нәрсеге жабысады, соннан соң жиырылып жұлдыздың денесін соған қарай жылжытады.

Псевдогемальді жүйе де амбулякральді жүйе сиқты целомның бір бөлшегі. Ол амбулякральді жүйенің дөңгелек каналынан сыртқа өтетін өңештің айналасындағы қос дөңгелектен, олардан сәулелерге таралатын радиальді каналдардан және дененің ауыз жағынан артқы жағына қарай түтік сияқты болып жыныс бездеріне бұтақ бертін осьтік комплектерінен құралады. Осьтік комплекстің ішінде тас канал және қан айналыс жүйесінің осьтік органы болады.

Қан айналыс жүйесі де сәуле симетриялы псевдогемальді жүйенің қоршауларының ішінде. Дөңгелек канал дененің аборальді жағындағы сол сиқты каналдарымен осьтік органыен жалғасады. Ол осьтік комплекстің ішінене өтетін көптеген қан тамырлары бар қосу ұлпадан (ткань) құралған . Қан айналыс жүйесін толтыратын сұйық затта ешқандай пегмент болмайды және ол тыныс әрекеттерін атқармайды.

Асқорту жүйесі. Бұл жүйе табылған ірі қоректерді ішіне қарай тартуға қабілетті өте созылғыш дөңгелек ауыздан басталады. Қысқа өңеш дененің орталық жағын түгел алып жатқан көлемді жұқа қабырғалы қарынға барып қосылады. Қарын ауыз арқылы сыртқа айналып шығып өзінің демін басып алады. Қарыннан жоғары аборальді комплекске қарай қоршаған бір топ бездер қоршаған тік артқы ішек өтеді. Қарыннан барлық сәуелерге айналасын қосымша заттар қоршаған түтік тәрізді «бауыр» өсінділер тарайды. Қарынның ас қорытатын орталық бөліміне өзінен шырын бөліп тұратын бездер болады.

Теңіз жұлдызы целломның өсінділер кіріп тұратын тері желбезектері арқылы дем алады. Газ алмасу үшін амбулякральді жүйніңде біраз маңызы бар.

Теңіз жұлдызының зәр шығару жүйесі жоқ. Оның денесінде пайда болған зат алмасудың қалдық заттары дене целомның амеба тәрізді клеткалары сыртқа шығарылады. Зат алмасудың қалдық заттарының кейбіреулері денеден шығарылмайды, олар тері дененің басқа тканьдарына түйіршік тәрізді зат түрінде жинала береді.

Нерв жүйесі сәулелі симетриялы …Өңештің айналасында нерв сақинасы және одан сәуелерге баратын баратын радиальды нерв сабақтары таралады. Бұл сабақтардан амбулякральді аяқшаларға нерв тарайды. Осы үстіңгі, яғни эктоневральдық жүйеден басқа оның астыңғы жағында терең жатқан яғни гипоневральдық жүйе болады. Аборальді жағында нерв сақинасы және сәулелердің аборальді жағымен өтетін бес нервтен құралған үшінші аборальді немесе эндоневральді нерв жүйесі бар.

Сезім органдары жөнді жетілмеген. Осыған байланысты жарықты сезгіш органдары яғни көздері қарапайым құрылған, оларда көз шұңқырлары ғана болады.

Жыныс жүйесі өте қарапайы құрылған және ол дененің аборальді жағында интерадиустерде болатын бес жұп гонодалардан құрылады. Өсе келе гонадалар сәулелерге кіреді мұнда сәуленің екі жағынан екі гонада өсінділері өнеді. Теңіз жұлдыздары дара жынысты болады.

өніп-өсу. Жетілген жұмыртқаларын аналықтары тура суға салады. Аталығы да спермасын суға жібереді. ¦рықтану мен өніп-өсу су ішінде өтеді, мұнда жұлдыздың личинкасы –микроскоптың бипинария құқрылады. Бұл екі бүйірлі симметриялы бүйірлерінде пайда болатын қос өсінділер оның планктондық тіршілігіне керекті икемдігі. Біраз жүзгеннен кейін бипинария метаморфозға ұшырайды, ол судың түбінде кішкнтай жұлдызға айналады.

Экологиясы және географиялық таралуы. Asterias rubens әртүрлі тереңдіктерді мекендейді. Оның судың жиегіндегі тастардан да, 400 метрге дейін тереңдіктен де табуға болады. Теңіз жұлдызы өзінің амбулякралъді аяқшалары арқылы әжептеуір тез қозғалады. Қозғалудан бұрын ол жан-жағын қармалаған сияқты сәулесін сәл көтереді, сонан соң аяқшаларын шығарып алады да, бір нәрсеге қадалады, сонан кейін аяқшаларын жиырып ілгері жылжиды. Жұлдыздың қозғалыс шапшандығы сағатына 15 см-ге дейін болады.

Asterias rubens басқа теңіз жұлдыздары сияқты жыртқыш, регенерацияға өте қабілеті. Үзіліп қалған бір сәуленің өзі қалған органдарды қайта қалпына келтіре алады, сонымен қатар кескініне таң қаларлықтай организм пайда болады.

Asterias rubens теңіздерде өте көп таралған жануарлар, ол Африкадағы синнегалдан бастап солтүстік Норвегияға дейін Атлант мұхитының барлық жағалауында кездеседі. Біздің теңіздерімізде ол Мурманск жағалауында және Ақ теңізде әдетте ең жиі кездесетін теңіз жұлдызы.

Сипаттамасы. Бұл клетка өзара известь пластинкалармен тығыз байланысқан толық сауыты бар тікенектерілілер жатады. Денесінің сауыты әдетте, қозғалмалы тікендермен қапталған, олар кейде өте ірі де болады. (“Теңіз кірпісі” дейтіні сондықтан). Көбі нағыз сәулелі симметриялы, бірақ кейбіреулерінде ол қалып бұзылып, жануар екі жақты – симметрияға жақындайды.

Амбулякральды жүйесі кейбіреулерінде тек дем алу үшін ғана керек.Көпшілігінде ерекше шайнау аппараты – аристотель фонары – болады. Личинкасы эхиноплутеус екі жақты симметриялы, плонктонды еркімен жүзіп жүреді. Бұлар осы күнгі тікентерілілердің түрі.

Сыртқы пішіні. Теңіз кірпілерінің көпшілігінің едәуір биік, домалақ келген денесі болады. Бұларға денесі арқа бауыр бағытында қабысқан денесі жалпақ теңіз кірпілері және денесі екі жақты – симметриялы, жүрек тәрізді теңіз кірпілері жатады.

Сауыты 20 қабат известь пластинкалардан тұрады, олардың біразы тұтас болса, бірқатарында амбулокральды аяқтары өтетін ұсақ тесіктері болады. Сауыт ілгергі жақ ауыз маңында және кейінгі – айналшық маңында ғана болмайды.Дұрыс кірпілердің арнаулы скелеттік пластинкалары денесінің кейігі бөлігінде орналасады. Мұнда 5 ірі пластинка бар, оның бір мадрепоралақ пластинкасы болады. Бұл пластинкалардың оның ішінде мадрепор пластинкасының да, едәір ірі тесіктері яғни жыныс өнімдері шығатын – жыныс тесіктері болады. Бұл плстинкадағы тесіктер —————————-акналдарының, бұтақтарының ұшрары шығады.Бұл бұтақтарды пигментті клеткалар бар, сондықтар олар жарық сезгіш оргын ”көз” деп есптеледі. Саутының сырты жұқа терімен қапталған. Сауыттың пластинкаларында арнаулы бұдырлар болады, оған жан-жағында ербиіп тұрған тікендер буындаса бекіледі (дұрыс кірпілерде өте жетілген, бұрыс кірпілерде олар қысқа және жығылыңқы келеді). Тікеннен басқа теңіз кірпісінің үстінде көзге ілінер – ілінбес әртүрлі педицелляти болады. Олар қозғалғыш болады. Теңіз кірпісінің үстін бөгде заттардан тазарту үшін керек. Кейбір педициллярида улы без болғандықтан, қорғау міндетін де атқаратын орган болады. Кірпілердің мөлшері әрқилы: олардың арасында кішіректерімен қатар, диаметрі 20 сантиметрге жететін, одан да асатын өте ірілері де ұшырайды.

Ішкі құрлысы: Асқорыту жүйесі. Дұрыс және жалпақ кірпілердің аузы денесінің оральды жағының қақ ортасында орналасады. Жүрек тәрізді кірпілерге ол ауысқан, сондықтан, бұлардың сәулелі симетриясын бұзады. Дұрыс кірпілердің ауыздарының айналасында жұмсақ тері бар, онда көбінесе, кірпіге қорек ұстауға жәрдемші болатын көптеген ерекше педициляри орналасады. Дұрыс және жалпақ кірпілердің ауыздарынан кішірек 5 тістері шығып тұрады. Бұл тістер өте күрделі, айрықша шайнау аппараты. Бұл аппараттың түрі конус сияқты, 5 сәулелі симметриялы болады және онда үш қырлы 5 негізгі тістері болады, олардың әрқайсысы айтылған тісшіктермен аяқталады. Аристотель фонарының жәрдемімен теңіз кірпілері, теңіз балдырын кейде тамыр аяқтылар сияқты ұсақ жәндіктнрді де ұстап шайнайды. Аристотель фонарының жоғарғы жағынан дененің ішіне ішек каналы шығады, ол кірпінің өсімдік қоректілігінен, өзінің биіктігінен бірнеше есе ұзын келеді. Сондықтан ол кірпінің ішінде күрделі имектер жасағаннан кейін ғана ашылады.

Ішек каналымен қатар арнаулы жіңішке қатар сифон жүріп отырады, оның екі ұшы да ішекке келіп ашылады. Бұл түтікке азықпен бірге жұтылып су кіреді, бұл тыныс алу қызметін атқарса керек.

Амбулокральды жүйесі. Мадрипоралық пластинкалардан төмен ораль жақта, остік комплексіне құндақталған тасты канал шығады, аристотель фонарының үстіндегі амбулокральды жүйенің ауыз маңындағы сақинасына құяды.Сақинадан сауыттың ішкі бетіндегі радиус пен жоғары жүретін радиальды каналдар шығады. Бұл каналдардан тесік пластинкалар арқылы сыртқа шығатын және бір бірден амбулокральды аяқтар шығады. Дұрыс кірпілердің амбулокральды жүйесінің негізгі өызметі — қозғалыс.

Тыныс органдары. Теңіз кірпілерінің көпшілігінде арнаулы тыныс орган – тері желбезектері болады.Олар әдетте ауыз маңындағы жұмсақ алаңда 5 пар болып орналасады. Одан басқа тыныс алу қызметін амбулокральды жүйе және жоғарыда айтылған ішектегі сифон атқарады.

Псевдогемальды және қан тамыр жжүйелері оральды және аборальды жақтарында тиісті сақиналы тамырлары жатады. Олар осьтік комплекспен байланысады. Сақиналы тамырдан радиальды тамырлар шығады. Одан басқа, теңіз кірпілерінің ішек қарындары қан тамырлары өте жетілген. Олардың ішінде ішектің екі жағынан созылып отырып алды-артынан тұйықталатын екеуі әсіресе жетілген.

Нерв жүйесі. Нерв жүйесі де теңіз жүйесіне ұқсас. Ауыз маңындағы сақинадан 5 радиальды желі шығады, мұнда эктоневральдық және гипоневральдық екі жүйе қатар орналасқан.Сезім органдары нашар дамыған. Өң сезім органы, әсіресе оральды жақтағы ауыз маңында орналасқан амбулокральды аяқтар болады. Жарық сезетін органдары аборальдыжағында денеден сыртқа шығып тұратын радиальды амбулокральдыжағында денеден сыртқа шығып тұратын радиальды амбулокральды каналдардың бұтақтарының ұштары болады.

Жыныс жүйесі. Гонодалары аборальды жағында инеррадиуста орналасқан және айналшықтың маңынан ашылады. Кірпілер дара жынысты болсада, сыртқы түріне қарап аталық аналығын айыруға болмайды.

Дамуы. Сыртта ұрықтанады, бөлінудің және одан әрі өсудің нәтижесінде еркімен жүзетін лечинка-эхиноплутеус пайда болады.

Экологиясы және географиялық таралуы. Теңіз кірпілері көбінесе жылы теңіздерді мекендейді, онда олардың түріде саны да өте көп болады. Көбірек таралған теңіз кірпісі диаметрі 8-9см жететін кәдімгі стронгилоцентротус болады. Ол жағалаудан бастап өте тереңге дейін мекендейді. Мысалы, Мурман жағалауында, бұл кірпі өте көп ұшырайды. Мурманның батыс жағасында ірі диаметрі 17см жететін, жеуге жарайтын кірпі кездеседі. Қиыр шығыс теңіздерінде кірпілер көп, ал өңтүстік теңіздерінде болмайды.

Қазба тікен терілілер. Өткен геологиялық заманда тікентерілер өте куөп болған. Түгелдей жойылып кеткен кластар, теңіз шоқтпры (Blastooidea), шарлар (Cystoidea), текойдалар (Thecoidea), карпоидтер (Carpoidea), т.б. кембри, силур, девон және карбон дәуірлерінен белгілі. Ескі формалары екі жақты симметриялы болсада, олар соңынан бір нәрсеге жабысып өмір сүруге айналғаннан кейін сәулелі симметрияға айналып өзгерген.