2-тип тармағы. Хелицералылар (Chelicerata)

Жалпы сипаттама. Хелицералылардың жалпы және ерекше белгісі сол, аяқтары біткен бөлімі “баскөкірек” бөлімін құрайтын ауыз бөлімімен тығыз байланысқан. Су шаян тәрізділер мен трилобиттердің бас бөліміне сәйкес “баскөкірек” бөлімінде алты жұп аяқ қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың алдыңғы жағында жатады және хелицералы деп аталады, осы хелицералылар қашанда жақ сүйектерінің қызметін атқарады, ал соңғы төрт жұбы – үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы жұптары нағыз көкірек аяқ –қолдары болып табылады және өздері, негізіне, хелицералылардың жүретін аяқтары болады. Аяқ –қолдарының екінші жұбы – педипальпалар болатын болса, бұлар әдетте ауыздың арт жағында жатып, кейде аяқтар қызметін атқарады, бірде – жейтін қоректі қысып алушы мүше болып келеді, кейде, тері сезімі органының қызметін атқарады.

Хелицералылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: меростомалықтар (merostomata, s. Palaeostraca) класы және өрмекші тәрізділер (Archnida) класы.

Классификациясы.

2- тип тармағы. Хелицералылар (Chelicerata)

I – класс. Меростомалықтар (merostomata, s. Palaeostraca)

  • отряд. Найза құйрықтылар (Xiphosura)
  • отряд. Алып қалқандылар (Gigantostraca

II – класс өрмекші тәрізділер (Arachnida)

  • отряд. Шаяндар (Scorpionida)
  • отряд. Жалған шаяндар (Pseudoscorpionida)
  • отряд. Сольпугалар (Solpugida)
  • отряд. Өрмекшілер. (Araneida)
  • Отряд. Пішеншілер. (Phalangida)
  • Отряд. Кенелер (Acarina)

II – класс Өрмекші тәрізділер (Arachnida)

Өрмекші тәрізділердің класына атмосферамен тыныс алатын мүшелері жапырақшалау келген өкпелері мен кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар жатады. Денесі бас – көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ бұлары жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде (Acarina) – жалпы бір бөлім бірігіп кетеді.

Бас көкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің кейбір отрядтарында оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді (сольпугалар). Бас – көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ – қолдардың бірінші жұбы хелицералылар (сhelicera) қысқарып, 2-3 мүшелігі ғана қалған. Олардың ұшында қысқыш немесе тырнақ сияқты болып біткен мүшелік (членик) алу, яки ең сезімі мүшесінің жұмысын атқарады. Бұл — пелипальпалар (pedipalpus). Бас көкіректің аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.

Өрмекші тәрізділердің денесінің артқы бөлімі – құрсағы — әдетте сегменттелген. Құрсақта аяқ-қолдардың рудименттері де болуы мүмкін. Құрсақтың алдыңғы жағында, екінші сегментте, сыңар жыныс тесігі жатады.

Дамуы әдетте – метаморфозсыз тікелей даму.

Өрмекші тәрізділер класының өкілі – кресті өрмекші

(Caraneus epeira). Кресті өрмекші – жоғарғы сатыдағы өрмекшілердің мекені: аласа бойлы, сирек біткен бұталары бар тоғай алаңдары және тоғайдың шеттері. Ірілігі орман жаңғағындай келген аналығы өзінің өрмегінің ортасында отырады. Аталығы едәуір кішкене келеді. Бұның құрсағы жіңішке және ұзынша, аяқ қатары әжептеуір ұзындау, педипальпалар ұшы қампайып тұрады. Аталықтары, аналықтарына қарағанда, сирек ұшырайды, өйткені бұлар өрмектің өзіне шығып отырмайды, соған жақын жерде, жапырақтың астыңғы жағын мекендейді.

Бас көкірек. Өрмекшінің денесі жұмыртқа пішіндес келген екі бөлімнен құралады. Екі бөлімнің арасындағы байланыстырып тұрған жіңішке сабақша құрсақтың алдыңғы жақтағы ең шеткі ұшы болып табылады: ол құрсақтың бірінші сегментіне сәйкес келеді.

Бас көкіректе алты жұп аяқ-қолдар болады. Аяқ қолдар өспеген бос жері бас көкіректің бетіндегі екі қалқанша болып саналады үлкен аралық қалқанша бас-көкіректі жоғары жағынан, ілгері жағынан бүйірлерінен және аздап артқы жағынан жауып тұрады. Арқалық қалқаншаның алқалық беті мен ілгері жақтағы бетінің шекараларында да көлденең қатар болып сегіз жай көздер жатады. Арқалық қалқанша сегменттелмеген. Бас көкіректің астыңғы жағынан сопақ қалқанша төстабан жауып тұрады. Төстабаны да сегменттелген. Бас – көкіректің алты сегментінің бірігіп тұтасып кеткендігін, тек бірінен соң бірі жатқан аяқтардыңалты жұбынан ғана байқауға болады.

Бас көкіректегі аяқ-қолдар. Бастан шығатын екі мүшелікті хелицералар кресті өрмекшіде өзінің негізгі мүшелерінің бағытымен төмен қарай кеткен. Мүшелерінің сайы болады, сол сайға хелицераның ұшындағы тырнақ тәрізді мүшелік жиырылып орналасады. Осы тырнақтың ұшына жақын улы бездің өзегінің тесігі жатады, бұл без хелицераның негізгі мүшелігінде, бас көкіректің алдыңғы жағында болады. Аяқ-қолдардың келесі жұбы аяқ-қармалағыштар (педипальпалар) алты мүшелікті. Аяқ қармалағыштың негізгі мүшелігінің, әдетте өрмекші тәрізділерде болатыны сияқты, жақ тармағы болады. Жақ тармағының екеуінің арасында көлденең ауыз саңлауы жатады, ауызды алдыңғы жағынан етті бұдыр – жоғарғы ерін тежеп тұрады да, артқы жағы мен төменгі жағынан, жоғарыда айтылған, төменгі ерін тежеп тұрады. Жақ тармағының жиегіндегі қылшықтар, өрмекшінің соруына көмектеседі. Аталығында соңғы мүшелік пен жыныстық шағылыс аппараты байланысты болады. Жіңішкерген ұш жағы инеге (embolus) айналатын ұшында тесігі бар нәк тәрізді домалақ кейбір ересек еркек өрмекшіде жыныстық шағылыс аппараты болып саналады. Аталығы мен аналығы шағылысып қосарланған кезде ине аналық өрмекшінің екі тесігінің бірі арқылы ұрық қабылдағышына енеді де, сол кезде резервуарда жатқан шәует (сперма) ерекше бір қысатын тесік арқылы сығылып аналығының ұрық қабылдағышына құйылады.

Сыртқы жамылғысы. Өрмекшінің сыртқы жамылғысы әдетте хитинді кутикуладан және оны астарлап жатқан клеткалар құрылысты гиподермадан тұрады. Сыртқы жамылғының астында бұлшық ет қабаты жатады, бұл қабат түрлі бағытта кеткен ет талшықтарынан құралады.