II-класс. Көпаяқтылар (Myripoda).
Көп аяқтылардың барлығыда – құр тәрізді құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылар. Ауыз алдындағы жұп қосалқылары-мұрттары-пішіні жөнінен түрліше келеді. Әдетте мұрттары бір бұтақты және жіп тәріздес немесе түйрегіш тәріздес. Жақ сүйектерінің саныүш жұптан екі жұпқа дейін өзгеріп отырады. Жалпы кеудесінің көкірек пен құрсаққа бөлінген анық белгісі болмайды. Кеудесінің сегменттелуі әдетте гомономды емес: үлкен метамалар мен кішкене метемалар кездесіп келіп отырады. Кеудесінің аяқтары буын – буын болып мүшелікке бөлінген. Кеңірдектерімен тыныс алады.Зәр шығару мүшелері ретінде мальпиги бездері мен төменгі ерін бездері қызмет атқарады. Жалқы болып яки жұп болыпкелетін жыныс тесіктері кеуденің алдынғы төрт сегментінің бірінде немесе екінші сегментінде жатады. Постэмбрионалдық дамуы тікелей (эпиморфоз) немесе метаморфозды (личинкалық фазасы).
III- класс тармағы. Сколопендреллалар (Sяmphyla).
Жалпы сипаттама. Сколопендреллалар – ақшылдау келген, көру мүшелері жоқ, ұсақ көпаяқтылар, өздері дымқыл топырақ арасында, тастардың, жапырақтардың арасында кездеседі.
Мұрттары ұзын жіп тәріздес және көптеген буын-буын болып келеді. Басында мұрттарының артқы жағында нашар дамыған кеңірдек системасының тесіктері болады.Жақ аппараты негізінен, насекомдардың кеміруші жақ аппараттары сияқты құрылған. Кеудесіне он екі жұп жүгіру аяқтары біткен, бірақ бұлардың бірінші жұбы қылшықты бұдырға айналуы, немесе тіпті жоқ болуы мүмкін.Тергиттердің саны қашанда болса жұпаяқтылардың санынан көп болады (15-тен 22-ге дейін болады). Аяқтарының жамбастарының өзінде бөлшектеніп тұрған бір-бір кішкентай өсіктен –сырғашадан және томпайып тұрған дорбашадан болады. Денесінің артқы ұшында кері иіру сырғашасы (грифельки) жатады, бұл сырғашалардың не қызмет атқаратыны әлі белгісіз. Тақ жыныс тесігі үшінші жұпаяқтылар мен төртінші жұпаяқтылардың арасында жатады.
Сырғашасы және томпайып тұрған дорбашасы сколопендрелланы алғашқы қанатсыз насекомдарға жақындатады.
Насекомдардың зеріттелген белгілі түрлерінің саны барлық басқа жануарлардың белгілі түрлерінің санынан көп ¾ миллион шамасында. Көп насикомдар жүздеп, кейде мыңдап жұмыртқа салады. Сонымен бірге, көп насекомдар бір жылдың ішінде бірнеше ұрпақ береді. Насекомдардың денесі әдетте айқын үш бөлімге бөлінеді: басы, көкірегі, құрсағы. Басы кеудесінен анық бунақталып бөлек тұрады және алты сегменттен құралады: Бірінші сегментте (acron, немесе протоцеребральдық сегмент) екі күрделі көзбен үш жай көзі болады: Екінші сегментте бір талды екі мұрт болады (дейтоцеребральдық сегмент): Ал үшінші сегментте қосалқылар (басқа мүшелер) болмайды (тритоцеребральдық сегмент): Төртінші сегментте бір буынды жоғарғы жақ аппараты болады (мандибульарлық сегмент), бесіншіде – төменгі жақ аппаратының бірінші жұбы (макселлярлық сегмент), алтыншыда – төменгі жақ аппаратының, төменгі ерін болып бірігіп кеткен, екінші жұбы жатады (лабиальдық сегмент).
Құрсағы әдетте 10-сегменттен құралады: сегменттерінің саны 11-12 болуы да немесе алтыға дейін азаюы да мүмкін. Құрсақтың үш жағы мен буын-буын болған екі қосалқы – церк байланста жатады. Аналығының жыныс тесігі әдетте құрсағының сегізінші сегментінде, аталығыніңкі – тоғызыншы сегментінде болады. Аналығының жұмыртқа салғышқа айналған жыныстық аяқтары құрсағының сегізінші және тоғызыншы сегментінен шығады. Ал аталығында жыныс қосалқылары тоғызыншы сегментпен байланысты.
Қызыл тарақанның биологиясы (Blattella germanica). Тарақандар тұқымдасының бұл түрі – космополит. Ол ССР Одағында едәуір жиі кездеседі. Қызыл тарақан (Прусақ) ССР Одағында тек үй жәндіктері есебінде ғана кездеседі. Оның шыққан жері Азияның оңтүстік – шығысы шығар деп болжайды. Оның қара тарақаннан айырмашылық белгілері мыналар: имагосының бойының қысқалығы (1,1 сантиметрден 1,5 сантиметрге шейін); түсінің қоңыр – сарылығы, аталығыныңда дәне аналығының да қанаттарының үлкендігі. Қызыл тарақанға температура 200 С, біраз дымқыл орта өте қолайлы. Температура +20С болғанда мұздап қата бастайды, температура +50С болғанда тіршігінің ең ақырғы шегіне жетеді. Қызыл тарақан күндіз жарық және саңлауларда, тасада жүреді. Ымырт түсісімен – ақ олар жатқан жерлерінен шығып тамақ іздейді.
Жүгірген кезде қызыл тарақан бірден бір жағының екі шеткі аяғы мен екінші жағының ортаңғы аяғын басады, сөйтіп, табанның бес бөлік буынын да (бақалшақтарын) басып жүреді. Жүретін жерінің қалай тұрғандығының оған мәні жоқ: қызыл тарақан тік тұрған жерден де, төмен қарай тұрған нәрсенің бетімен де, мысалы үйдің ішкі төбесінің бетімен де, көлденеңінен орналасқан нәрсенің бетімен де оңай жүгіреді. Табанының ұшындағы екі тырнақтың арасында жатқан жабысқақ арасында қызыл тарақан жеңіл жүреді. Көлденеңінен орналасқан нәрсенің бетімен төмен қарай және жоғары қарай қарғығанда 4-10 сантиметрден артық жерге қарғый алмайды. Бірақ аса биік жерден қарғығанда қызыл тарақан қанаттарын да пайдаланады. Қанаттары жүруінің негізгі мүшелері емес, бұлар тек жүгіргенде денеге бағыт беру үшін және жүруді тоқтату үшін ғана қажет мүшелері.
Қорегі. Қызыл тарақан әдетте жемістерді және нанды қорек етеді. Тамақты түн басталған кезде және түн аяғында оқтын – оқтын ішіп жейді, тамақты бір минуттай ішіп, ¼ сағат және одан да көбірек ұзақ үзіліс жасайды. Сонымен қатар каннибализмдер бар, бір – бірін әсіресе нашарларын, түлеп жатқандарын, пілләларын жейді.
Сілекей безінің секреті тек жұтуды ғана оңайлатып қоймайды, сонымен бірге, крахмалды глюкозаға айналдырып, асқорыту секреті ретінде де қызмет атқарады.
Піллә жаралуы. Шағылысқаннан кейін көп ұзамай-ақ аналық тарақанның құрсағының орта шені – аналық бездің тұрған жері – томпая бастайды. Бірнеше күннен піллә кейін салу және піллә құру басталады, бұған бір күн тәуліктен артық уақыт кетпейді.
Өсіп – дамуы. Жас қызыл тарақан пілләдан шығумен бірге, түлей бастайды. Келесі түлеулерінің саны алтау: бұлар жеті жастың арасын алады, олардың алтауы жастық шағындағы жастары да, біреуі – имагокезіндегі жасы. Пілләдан шыққан кезінен имогор дәуіріне жеткенше шекті өсуіне 4 айдан 6 айға шеін, кейде одан да көп уақыт кетеді. Жынысының ұзақтығы әр бір тарақанның жеке басына байланысты түрліше болады.
Түлеуіне 2-3 күн қалғанда жас тарақан қоректенуін тоқтатады. Түлеуіне ыңғайлы орын тауып алып, қызыл тарақан 4-6 сағат сеспестен жатады, 4-6 сағаттан кейін көкірек бастың арқалық жағындағы сызық қақ ортасынан бойлай жарылады. Осы жарықтан жас тарақан сыртқа шығады. Бүкіл түлеу процесі 4 сағаттай уақытқа созылады. Бұрынғы жамылғы қабығының, яғни экзувийден, босап шыққан тарақан аппақ және өте ісіңкі келеді. Ісігі бірнеше сағаттан кейін қайтады, хитіні қоңырқай тартады. Түлеген қызыл тарақанның реңі өңді 10сағаттан кейін түлемеген тарақаннан ажыратуға болмайды.