Желбезекаяқтылар класс тармағы

Желбезекаяқтылар класс тармағы — ВRANCHIOPODA

700 – ге жуық түрі бар. Дене сигменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, пасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ , соңғы бөлігі ашалы. Даму метамарфоз жолымен өтеді, личинкалары науплиус, метанауплиус .

Екі отрядқа бөлінеді: Желбезекаяқтылар — Аnostraca және жапырақаяқтылар — Phyllopoda.

Желбезекаяқты шаяндар отряды — Аnostraca

Денелері ұзын гармонамды сигменттелген , басы – протоцефалон құрылысты , жақ сигменттері тұтас бірікпеген , наупилальді , және фассеттік көздері бар қарапайым шаян тәрізділер, жапырақ тәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді.Құрсағы сегіз сигменті аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен аяқталады.

Жүрегі ұзын көп камералы желбезек аяқтылардың 180 – ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді , сол арқылы кең таралады. Олар каспи теңізінде Еуропа , Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және көбінесе балықтардың жемі үшін пайдаланылады.

Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшығына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су ағынымен ас қашық жерлерге таралады.

Жапырақ аяқты шаяндар отряды — Phyllopoda .

Жалпы құрылысы жағынан желбезек аяқты шаяндарға ұқсас , тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қос жақтаулы берік бас қалқаншасы — карапакстың дамуымен ерекшеленеді. Кеуде бөлімі көп сигментті , жапырақ тәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді , тыныс алады , қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сигменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.

Қалқанды шаяндар отряды — Notostraca

Карапаксы жалпақ шатыр тәрізді қалқанша түрінде дамып , бас кеуде бөлімін түгел жапқан. Антинула мен антеналары өте қысқа , мандибулалары айрақша үшкірленген. Кеудесі көп сигментті, алдынғы он сигменттерінің әр қайсында жұп аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал қызыметін атқаратын ұзын жіп тәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде сигменттерінің әр қайсында 4 – 6 аяқтары болады. Бұндай таң қалдырарлық ерекшелік басқа буын аяқтарда кездеспейді.

Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі детрид кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді.Қорек барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталып, аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасмалданады. Қалқандылар партеногенез жоламен көбейеді. Папулияциядағы мың аналығынан ең көп дегенге 10 аталығы сәйкес келеді.

Бақалшақты жапырақты шаяндар отряд тармағы — Conchostraca

Ұзындығы 30 мм – ге дейін , ұсақ шаянтәрізділер, Карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшағы түрінде дамыған. Бақалшақтың жақтауы жануар денесімен ІІ — ші максилла сегментінің аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшық еттері де дәл осы жерде орналасқан. Антинулалары қысқа , антиналалары ұзын, екі бұтақты кеудесі 10 – 32 сигментті , әр қайсысында 2 – бұтақты аяқтары бар. Құрсағы редументті, екі тырнақшаларымен аяқталады.

Conchostraca — ның 150 – ге жуық түрі бар көбінесе ұсақ тұщы су , кеуіп бара жатқан су қоймаларында мекендейді, нашар жүзеді, сондықтан шөгінділерде көміліп тіршілік етеді. Негізінен табиғатта аналықтары да, аталықтары да кездеседі .

Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы — Cladocera

400- ге жуық түрі бар ұзындығы 1 –5 мм , шалшықтардан бастап ірі көлдерге шейін барлық суларда және кейбіреулері теңіздерде тіршілік ететін планктонды ұсақ шаянтәрізділер. Басым көпшілігінің денесі қос жақтаулы, мөлдір, жұқа карапакс жабылған. Антинулалары қысқа , ал антеналары ұзын 2 бұтақты, көптеген қылқандармен жабдықталған, жылжу мүшесінің қызметін атқарады, осылар арқылы секіріп қозғалады. Кеудесі қатты қысқарған 4 – 6 сигменттен ғана тұрады.Кеуде аяқтары жапырақ тәрізді, көптеген қылқандармен жабдықталған, олар сүзгінің ең басты бөлімі , әр аяқтарында арнайы тыныс алу мүшелері — желбезек қалқаншалары бар.

Бұтақ мұртты шаяндардың тіршілік циклнда жыл мезгіліне қарай сыртқы құрылысы да өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикломарфоз деп атайды. Мысалы , Daphnia — ның түрлі температура жағдайларына қарай басының пішіні не «сүйір», не «домалақ» түрге айналып өзгеріп отырады: Басының домалақ болуы төмен температураға , ал сүйір болуы жоғары температураға байланысты.

Бұтақмұртты шаяндардың тәжрибелік маңызы зор олар тек омыртқасыздарға ғана емес, барлық балық шабақтарына да қорек.