Шаянтәрізділер классы. Өкілі- Өзеншаяны

Шаянтәрізділер класы — CRUSTACEA

Шаянтәрізділердің 30000 – ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған .Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін ), планктонды , паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.

Денелерінің ұзындығы 1 – 2 мм – ден 80 см – ге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден олардың екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері – антеннулалары және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары — антенналалары болады. Соған орай оларды антенна І және антенна ІІ деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғанааяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит пен базиподит және екі буындалған бұтақтан – экзоподит және эндоподиттен тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызыметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері бар.

Құрылысы мен физиологиясы.

Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon) , кеуде (thorax) , және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде бөліміне айналады. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.

Дене құрамына кіретін сегмент саны , басқа буынаяқтылырмен салыстырғанда алуан түрлі : 5 – 8 – ден 50 – ге дейін.

Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон болжам бойынша , арғы тегінің (көп қылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі, ал оның өндірісі — антеннулалары немесе І антенналары пальпилерінің гомологы. Антенула – мұртшалардың бірінші жұбы. Басының алдынғы бөлімінде , ауыз тесігінің алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтағы. Тек кейбір жоғары сатыдағы шаяндарда олар екіге кейде тіптен үшке ажырайды.

Антеннулалар — сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшінде жұмсалады.

Акроннан кейіегі 4 сегменттердің әр қайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антена деп аталатын мұртшаға айналған. Бұл мұртшалардың екінші жұбын құрайды және антена ІІ деп аталады.Олар әртүрлі қызмет атқарады.

Бас аяқтарының екінші жұбы – мандибулалары – негізгі тамақ үгіту қызыметін атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы науплиуста ол екі бұтағы және ерекше шайнағыш өсіндісі бар.

Мандибулулардан кейін бастың 3 – ші және 4 – ші сигменттерінде 2 жұп астынғы жақтары немесе бірінші және екінші максилалары орналасқан. Олар негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік жапырақ тәрізді аяқтар түрінде болады.

Аяқтарының қызыметіне және орналасуына қарай бас сегменттеріде антенальді , мандибулярлы , максиллярлы І –ІІ деп те аталады.

Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және 4 сегменттері бір – бірімен тұтасып бас қалқаншасына – гнатоцефалонға айналған.

Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдынғы кеуде сегменттерімен тұтасқан.

Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегменттерінің саны бірдей еме, тек жоғары сатыдағы шаяндарда сегменттер саны тұрақты.

Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қлзғалыс мүшелері, сондай – ақ қорегін ұстау , тыныс алу процесіне де қатысады.Аяқтарының атқаратын қызыметіне байланысты олар түрліше құрылған.

Жабыны.

Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальді эпители қабаты және базалды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір , ал жоғарғыларында құрамында Са СО3 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тірішілік ететіндіктен шаянтәрізділерге денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты – эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған.Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.

Ас қорыту жүйесі.

Жақсы жетілген ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдынғы , ортанғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.

Ішектің алдынғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасы мен қапталған, яғни экдодермалды. Түлеу кезінде осы кутикулаларда жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің алдынғы ішегі кеңейіп қарынға айналған.Ол кардиалді немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиалді бөлімінің арқа және бүиір қабырғаларындағы кутикуласы қалыңдап, ізбес сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған.

1.Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі

Екі жұп безді мүшеден тұрады: Антеналды және максилярлы. Антеналды бездер жоғары сатыдағы шаяндарда болады, ал қалғандарында — максилярлы , тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Бездің мүшелер түрі өзгерген целомодукталар . Антиналды және максилярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа — қуыққа ашылады.Қуық қысқа өзегіне антеналардың түбінде немесе ІІ – ші максилаларының түбінде ашылады.

Тыныс алу жүйесі.

Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсқ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ . Олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтарының протоподиттерінде басталатын тақталы немесе бұтақталға жұқа қабырғалы өсінділері — эпиподиттер . Су желбезек қуысынан бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы арқылы бір жағынан кірсе екінші жағынан шығарылады және осы бағыт өзгеруі де мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші максиланың ерекше өсіндісі.Басқа жоғары сатыдағы шаяндар да желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.

Қан айналу жүиесі

Ашық типті. Гомолинфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғаларымен шектелмеген дене қуысының бөлімдері — синустарға құйылады.

Қан айналу жүйесі тыныс алу жүиелерінің даму денгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер желбезек қызыметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.

2.Шаянтәрізділердің нерв жүйесі

Көпқылтанды буылтық құрттардікіне ұқсас . Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина — конниктивадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.

Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе ми үш бөлімнен құралған алдынғы – протоцеробрум, ортанғы дейтоцеробрум және артқы тритоцеробрум. Протоцеробрум күрделі және қарапайым көздерді , деитоцеребрум антенулаларды нервтендіреді, ал антеналаларға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен басталады. Басқа буынаяқтағылардай шаянтәрізділердің нерв жүиесінде неиро секрет — гармондарды бөліп шығаратын неиросекраторлы клеткалар орналасқан.Олар организмнің ішкі ортасына , гомолинфаға арнайы сөлдерді шығарып жеке мүшелердің зат алмасу түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы клеткалары протоцеробром, дейтесеробром және құрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан

3.Сезім мүшелері

Жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде дененің белгілі бөліктерінде — антенула , антена аяқтарының беткейіндегі талшықтармен түтіктерінде орналасқан, иіс, дәм, химиялық сезу қызыметін орындайды. Бұлардың түбінде, гиподермальді эпителидің астында биполярлы нерв клеткалары бар . Шаянтәрізділердің көру мүшесі — қарапайым — науплиальды және күрделі – пасеттік көздер. Науплиалды көз негізінен шаянтәрізділердің науплиус деп аталатын личинкасына тән, бірақ жиі ересек түрінде де кездеседі.

Жыныс жүйесі

Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік ететіндерде гермафродитиз кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антинулалары , не антеналары анлығына ұқсайтын мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағлыс мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшелеріне айналып, түтік тәрізді болады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, тіпті ергежейлі аталықтары да кездеседі.

Дамуы.

Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа жарым – жарты және беткейлік түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, тек саруыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. Пайда болған ядролар жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде цитоплазмамен қапталады да тұтас клеткалы қабатын, яғни блоста дерма қабатын түзеді. Бластадерма сары уызды қоршайды бұдан кейінгі даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде клеткалардан құралған ұрық алқабында өтеді. Ұрық жапырақшасынан мүшелер қалыптасып , ұрықтың денесі сегменттеле бастайды. Ең алдынғы бөлімінен болашақта күрделі көздері дамитын бас тізбектері және бас қалқаншасы — акронмен антеналды және мондибулярлы сигменттері бөліктенеді.

Классификациясы

Шаянтәрізділер классы 5 клас тармағына бөлінеді: желбезек аяқтылар — Branchiopoda , сефалокардиалар — Cephaiocarida , максиллоподалар — Maxillopoda, бақалшақты шаяндар — Ostracoda, жоғары сатыдағы шаяндар — Malacostraca