Желбезек тыныстылар (Branchiatа): Бұл тип тармағының өкілдері сушаян тәрізділер және қазба трилобиттер – суда тіршілік ететін организмдер, сушаян тәрізділер құрғақта болса – олар суда жүргенде тыныс алатын органдарын – желбезектерін көбінесе сақтап қалады.
Желбезек тыныстылардың желбезектері, түрліше пішінде келген нәзік өсінділер, әдетте олар дененің қай бөлігінің болса да біріндегі аяқшаларда болады, не дененің бүйір жақ беткейінен өсіп шығады. Бірақ кейбір ұсақ сушаян тәрізділердің желбезектері болмауы да мүмкін.
Трилобиттерде де, сушаян тәрізділерде де аяқ-қолдардың қос бұтақ тәрізділері көп тараған, сушаян тәрізділерде ондай аяқ қолдардың протоподит деп аталатын жалпы негізі болады.
Желбезек – тыныстылардың бәрінің де басында бес жұп аяқ-қолдары болады. Солардың кейінгі үш жұбы жақтың қызметін атқарады. Бірінші жұбы мұрт қызметін атқарады, бастағы аяқ-қолдардың екінші жұбы не ауыздың ілгергі жағында (трилобиттерде) орналасқан. Бірінші жағдайда – ол мұрт қызметін атқарса; екінші жағдайда – жақ қызметін атқарады. Бастың бес жұп аяқ-қолдары бастың артқы бес сегментіне тура келеді, олардың алдыңғы жағында бірінші бөлім, немесе бастың сегменті акрон тұрады, оған көздер бітеді, күрделі көздермен қатар жәй көздер де кездеседі.
Желбезек тыныстылар арасында метаморфоз көп тараған.
Желбезек тыныстылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: трилобиттер класы және сушаян тәрізділер класы.
Класқа бөлу
Тип тармағы – Branchiata
- класс. Сушаян тәрізділер (Crustacea)
1-класс тармағы. Төмендегі сатыдағы сушаяндар (Entomostraca)
1-отряд. Жапырақ – аяқты сушаяндар (Phyllopoda)
отряд тармағы. Желбезек – аяқтылар (Euphyllopoda)
отряд тармағы. Бұтақ мұрттылар (Cladocera)
2-отряд. Жыланбас – бақалшақтар (Ostracoda)
3-отряд. Ескек аяқтылар (Copepoda)
4-отряд. Тұқыбалық биті (Branchiura)
5-отряд. Мұрт аяқтылар (Cirripedia)
отряд тармағы. Нағыз мұрт – аяқтылар (Eucirripedia)
отряд тармағы. Тамыр бастылар (Rhinocephala)
2-класс тармағы. Жоғарғы сатыдағы сушаяндар (Malacostraca)
І жақын отряд. Небалия (Leptostraca)
ІІ жақын отряд. Жоғарғы сатыдағы нағыз шушаяндар
(Eumalacostraca).
Отряд. Амфиподалар (Amphipoda)
Отряд. Бірдей аяқтылар (Isopoda)
Отряд. Мизистдықтар (Mysidacea)
Отряд. Ауыз-аяқтылар (Stomatopoda)
Отряд. Он-аяқтылар (Decapoda)
І класс. Трилобиттер (Trilobita)