БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ – СLIТЕLLАТА

Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродитті жыныс сегменттерінде белдеу аймағы (сlitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: азқылтандылар — Оlіqосһаеtа және сүліктер — Ніrudinea.

АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ — ОLIGОСНАЕТА

Олигохеттердің 3400-гe жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродитті буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.

Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм-ден 3 метрге дейін (Меqаsс1іdеs аustralis-тa). Сегменттері біркелкі (гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалакшасында — простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. Сегменттсріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтан-дылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі — пигидиум орналасқан. Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде кебірек. Эпителидің астында жақсы жетілгеп сырты сақина торәзді, іші — тығыз орналасқан ұзына бойы бұлшықет-терден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады. Кең, жаксы дамығаи цилом қуысы диссепимектпен жәнс құрсақ мезсентериімен бөлінген. Арқа мезентсриясы жоқ. Іш қуысы цеслотелимси астарланған.

Ас корыгу жүйссі дененің простомиум сегментінде орналасқан ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, өңештен (кейде жемсаудан). бүлшық етті қарыннан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь тесігінен тұрады. Жауын құртының (Lumbrecus terestris) өңешіне үш жұп ерекше избесті бездер (моррен бездері) ашылады. Олар қан тамырларымен тығыз байланысты және қандағы жиналған карбонатгарды шығару кызметін аткарады. Ізбест безінің сұйығы өңешке өтеді де, гумин қышқылдарының әсерін әлсіретеді (нейтрализациялайды).

Ортаңғы ішектің арқа жақ қабырғасында ішегіне терең енген тифлозоль деп аталатын қатпарлар ұзына бойлай орналасқан. Олар ішектің бетін ұлғайтып, қорек сіңіргіш қызметін жақсартады. Олиго-хеттердің негізгі қорегі өсімдік қалдықтары және детрит.

Зәр шьнару жүйесі метанефридиялы, сегменттеліп орналасқан нефридиялардан тұрады. Құрылысы көпқылтанды кұрттар жүйесіне ұқсас.Ортаңғы ішектің және қан тамырларының сыртқы бетін жауып тұратын хлорагогенді клеткалар да зәр шығару қызметін атқарады.

Хлорагогенді клеткалардың ыдырау өиімдсрі бір-біріне қосылып, жабысып «коңыр денешіктерді» түзейді, бұлар целом қуысына өтеді де, ерекше арқа поралары арқылы сыртқа шығарылады.

Тыныс алуы бүкіл денесімен өтеді. Терісіндегі капиллярлар тығьз тор түзейді де, газ алмасуды қамтамасыз етеді.

Қан айналу жүйесі көпқылтандылардың жүйесіне ұқсас: арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Әрбір сегментінде осы негізгі тамырларды жалғастыратын сақиналы тамырлары болады. Дененің алдыңғы бөліміндегі (7-13-ші сегменттердің тұсында) сақина қан тамырлары жуандау болып келеді және олар бұлшықеттің жиырылуы арқылы арқа тамырындағы қанды денесінің артқы жағынан алдыңғы бөлігіне айдап отырады, сондықтан, оларды бүйір немесе «сақиналы жүрек» деп те атайды. Негізгі қан тамырларынан және сақиналы тамырларынан капиллярлар тарайды. Олар ішекті торлап жатады. Ішектен қорытылған заттар капиллярлар арқылы қанға өтіп бүкіл денеге таралады. Қан айналу жүйесі тұйық- жауын құртының қанында еріген гемоглобин болады, сондықтан оның қаны қызыл түсті.

Нерв жүйесі барлық буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және кұрсақ нерв тізбегінен құралған. Нерв түйіндерінен денесінің бөлектеріне нервтер таралады.

Сезім мүшелері нашар жетілген, көздері болмайды, бірақ жауын құрттар терісінде жеке шашырап орналасқан сезгіш клеткалары арқылы жарықты сезеді.

Жыныс жүйесі гермафродитті. Жыныс мүшесінің құрылысы, орналасуы, сан мөлшері жағынан бірқатар ерекше өзгешеліктері болады.

Олигохеттердің жыныс жүйесінің құрылысын және дамуын жауын құртын (Lumbricus terrestris) алып қарастырайық. Жыныс жүйесі денесінің 9-15-шы сегмснттер аралығында орналасқан. Аталық бездері ұсақ денелер түрінде 10-шы және 11-ші сегменгтерінде капсуланың (қабығы) ішінде жұптасып орналасқан. Капсуланы диссепиментіпен түзілген үш жұп аталық қапшығы орап жатады. Аталық безінде қалыптасқан сперматозоидтар капсула арқылы аталық қапшығына өтіп, онда пісіп жетіліп, қайтадан капсулаға түседі. Сперматозоидтардың сыртқа шығуына арнайы тұқым жолдары қатысады. Олардың бір ұшы кірпікшелі воронка тәрізді кеңейіп капсуланың ішіне ашылады, ал екінші ұшы 15-ші сегментте жыныс тесігімен аяқталады. Аналық жүйесі тұқым бездерінен және тұқым жолдарынан құралған. Екі аналық безі 13-ші сегментте орналасып, тұқым жолы 14-ші сегментге жыныс тесігімен сыртқа ашылады.

Аналық жыныс жүйесіне ұрық қабылдағыш қапшығы да жатады. Олар екі жұп терең тері ойығы түрінде 9-10-шы сегменттерінде орналасқан. Шағылыс кезінде басқа құрттың сперматозоидтарын жинайды. Жыныс жүйесіне белдеудің де жанама қатысы бар. Жауын құртының белдеуі 32-37-ші сегменттер аралығында орналасқан. Ұрықтану кезінде осы аймақтағы топтасқан бір клеткалы кілегейлі бездер ісініп сыртқа кілегейлі заттарды шығарады. Олар белдеуді айнала қоршап тұратын муфтаны (тоғын) түзеді. Кейін муфта денесінен бөлініп жұмыртқа пілләсіне айналады.

Жауын құртының ұрықтануы айқасу нәтижесінде іске асады. Екі құрт бас жағымен біріне-бірі қарама-қарсы жылжып жақындасады. Бір құрттың белдеуі екіншісінің ұрық қабылдағышына қарсы орналасады (9-10-шы сегментке). Екеуі де белдеу жағынан ұрық шырышын бөліп шығарады да, соған сперматозоидтарын (15-ші сегменттен) құяды. Осы кезде ұрық қабылдағыштар шырышқа түскен сперматозоидтарды ішіне тартып алады: бір құрттың ұрық қабылдағышы екінші құрттың сперматозоидтарын ішіне тартады. Ұрықтарын алмастырып болғаннан кейін екі құрт бір-бірінен ажырайды. Біраз уақыттан кейін әрбір күрт денесінің белдеу бөлігінен кілегейлі заттарды шығарып, белдеуді айнала қоршап тұратын муфтаны түзейді. Сонан кейін құрт бас жағымен қозғалып, муфта дене қимылының арқасында бірте-бірте алдыңғы жағына қарай жылжи бастайды. Муфта 14-ші сегментке жеткен кезінде, тұқым жолынан жұмыртқалар шығып муфтаға өтеді. Муфта жоғары жылжып 9-10-шы сегменттерге жеткенде, ұрық қабылдағышта жиналған екінші құрттың сперматозоидтары муфтаға құйылады да, осы жерде ішіндегі жұмыртқаларды ұрықтандырады. Осыдан кейін муфта бас бөлімінен сырғып топыраққа түседі. Оның ашық ұштары жабысып муфта пілләға айналады.

Пілләнің ішінде жұмыртқа спиральды детерминативті жолымен бөлшектеніп, жас құрттар қалыптасады. Олар пілләні жарып, сыртқа шығып, өсіп, ересек жауын құртына айналады. Личинкалық даму сатысы болмайды.

Олигохеттер жыныстық көбеюмен қатар жыныссыз жолмен де көбейеді: архитомия және паратомия жолымен. Архитомия жағда-йында құрттың денесі бірнеше бөліктерге немесе сегменттерге ыдырап, олардың әрқайсысы қайтадан қалпына келіп, тұтас организм пайда болады. Осылайша, Lumbriculus vагіеqatus жәнс Еnchytraeus туысының өкілдері көбeйеді. Паратомия жағдайында құрттың денесінде регенерациялық аймағы пайда болады да сегменттер тізіле бастайды: алдыңғы аймақтан артқы бөлімІ, ал артқы аймақтан бас бөлімі құрылады. Артқы бөлімнің алдыңғысынан бөлінуінің баяулығы сонша, әрбір жас особь пайда болғалы жаңа бөлінуге дайындала бастайды.

Олигохеттердің регенерациялық қабілеті күшті дамыған, әсіресе жыныссыз жолымен көбейетіндерде. Мысалы, Lumbriculus туысының өкілдері 9-13 үзілген сегменттен, тіпті бір сегменттен де кайтадан жетіліп, тұтас организмге айналады.

Классификациясы. Азқылтандылар класы екі отрядқа бөлінеді: найдоморфа — Naidomorpha және люмбрикоморфа — Lumbricomorpha.

Найдоморфа отряды.

Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін Аеlоsomatidae тұқымдасының өкілдері жатады. Еnchуtгаеidae-лар топырақта кең тараған.

Тұщы суда мекендейтін түрлері су түбінде жорғалап иемесе інге кіріп тіршілік етеді. Тubificidae тұкымдасының өкілдері тұнбаның ішіне, 50-100 мм терендігіне бас жағын кіргізіп алып, денесінің артқы бөлігін судың бетіне шығарып бір қалыпты теңселмелі қозғалыс жасайды. Бұлар су түбіндегі тұнбамен қоректеніп, ішегінен өткізіп, оның құнарлылығын арттырады. Шұбалшаңдар өзендерде, көлдердс кең тараған және жиі кездссетін жануарлар. 1 м: -жерде мыңнан астам особьтары кездеседі. Балықтардың жемі ретінде және суды шіріктерден тазарту жағынан маңызы зор. түкымдасыныц өкілдсрі де топырақта кең тарап, жиі кездссетін кұрттар. Топырақты ішегінен өткізіп онын кұнарлылығын арттырады.

Люмбрикоморфа отряды

Бүл отрядқа негізінде топырақта тіршілік ететін Lumbricidae тұкымдасының Lumbricus, Еusnia туыстары жатады. Тропикалык топырақтарда Меgascolecedae тұқымдасының ірі түрі Меgascolecedes кездеседі және ВгапсҺіоbdellidae тұқымдасының өкілдері шаянтәрізділердің паразиттері болып келеді.

Топырақта тіршілік ететін Lumbricidae жауын кұрггарының ауыл шаруашылығында алатын маңызы зор. Олар топырақта індерін казып, өсімдік тамырының топыракқа еркін жайылуына ықпалын тигізеді, судың, ауаның топыраққа еркін өтуін реттейді. Індерін қаза отырып топырақтың астынғы қабатын жоғары бетіне көтеріп, қопсытып араластырады. Алға жылжи жүре топырақты жұтып алып, ішегінен өткізіп, сыртқа копролит деп аталатын нәжістерін шығарады. Олар топырақты қарашірікке байытады. 1 гектар жердегі кұрттар жылына 10-30 тоннаға дейін топырақты құнарландырады. Сонымен қатар, індеріне жапырақ, шөп, өсімдіктердің қалдықтарын тасып, олардың тез шіріп, гумусқа айналуына әсер етеді. Жауын құрттары топырақтағы процестерге күшті әсер етеді. Жауын кұрттары басқа жануарларға да жем.

Жауын құрттарының топырақ үшін маңызын, биологиясын, тіршілігін алғашқы рет Ч. Дарвин «Жауын құрттарының әрекеттері-мен жердің өсімдік кабатынын пайда болуы және олардың тіршілік ету өрекеттерін бақылау» (1881) деген еңбегінде көрсеткен.

СҮЛІКТЕР КЛАСЫ

Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтснстін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, кылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь (пигидиум) бөлімдері жок. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.

Құрылысы мен физиологиясы. Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұксас. Денесі арқа-кұрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы жінішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі сегментіне 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді. Сүліктердін денесі 33 сегменттен (Асаnthobdella отрядында — 30) түзілген, олардың алдынғы төртеу қосылып алдыңғы сорғыпггы, артқы жетеуі — артқы сорғышты құрайды. Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары жәнежелбезектері жоқ, тек Асаnthobdella туысының өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде кылтандары болады, бұл олардың азқылтанды кұрттарға жақындығын көрсетсді.

Денесі тығыз кутикуламен капталған, оның астын кілегейлі без клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалары шашыранқы орналасқан. СүлІктердің түсі — осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Сонымен катар дорзо-вентральды бұлшықеттері де бар.

Ішкі мүшелерінің арасын паренхима толтырған, целом қуысы нашар дамып, жіңішке түтікшеге, лакунарлык жүйеге айналған, тек қана Асаnthobdellida отрядының өкілдерінде ғана ересек күйінде целом сақталып калған.

Ас қорыту жүйесі — алдыңғы, ортанғы және артқы ішектер. Алдыңғы сорғышының түбіңде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұткыншаққа жалғасқан. Жұтқыншақтың кұрылым ерекшеліктері негізгі систематикалық белгілер. Тұмсықты сүліктерде (Rhynchobdellida) жұткыншақта етті түтік немесе тұмсық болады. Ол ауыздан уақытша шығып, қорегіне қадалуға кабілетті. Жақтылар отрядынын (Gnathobdellida) ауыз қуысыңда үш хитинді тістері болады, біреуі арқа және екеуі бүйір. Олар тісті ара сияқты жақты құрайды. Қоректелу кезінде сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, сол жерден қанды сорады. Жұткыншаққа бір клеткалы сілекей бездері ашылады. Медициналық сүліктің (Нігado medісіnalis сілекей бездері гирудин (Ніrudin) деп аталатын, қанды ұйытпайтын қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер жаралаған жерден канның көп уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы гирудиннің бөлінуінен. Осыған байланысты сүліктін ішегіне түскен қан бірнеше айға дейін ұйымайды.

Жұтқыншақ жіңішке әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы ішекке жалғасады. Ортаңғы ішектен тұйықталған бірнеше бүйірлік қалталары тарайды (медициналық сүлікте 10-11 жұп). Бүйірлік қалталары бар бөліктерді кейде қарын деп те атайды. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып, сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің соңына дейін созылып жатады. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы сорғыштың үстінде орналасқан аналь тесігімен аяқталады.

Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Зәр шығару жүйесі — метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері дененін бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.

Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі — нефростома (кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінін де ұшы тұтасып бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның кабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кенейген ұшымен бүйір жағындағы синустың (целомның калдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.

Целом калдықтарынан қабырғаларында дән тәрізді клеткалар жинақталған. Оларды «ботриодты тканьдер» деп атайды. Азқылтан-дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұксас.

Тыныс алу мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Вгапсһеіііоп туысының өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.

Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі кұрылысты. Қылтандылар (Асаnthobdellada отрядының өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және кұрсақ қан тамырлары са-қиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Тұмсықты (Rhynchobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде целом қуысы редукция-ланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лакуналар (синустар) түрінде болады: арқа, кұрсақ және екі бүйірлі, Олар бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Арқа және құрсақ лакунаның ішінде арқа және кұрсақ қан тамырлары бар, ал екі бүйір лацуналары қан тамырларымен қатыспай, кабырғаларының жиырылуының нәтижесінде, целом сұйық затын дене бойымен өткізіп отырады. Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты (Gnathobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, қан айналуды лакунарлық жүйе атқарады . Лакунарлық жүйенің сұйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині болуынан) және ішінде амебоцид клеткалары кездеседі.

Сонымен, сүліктерде қан айналу жүйесі мен целомның арасын-дағы байланыс субституцияға негізделіен (латынша substitutio ауыстыру, алмастыру), Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы — бір мүшенін жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.

Нерв жүйесі буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, екі жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және кұрсақ тізбегінен кұралған. Нерв түйіндерінен дене бөліктеріне нервтер таралады. Құрсақ тізбегі 20 және одан да көп ганглиялардан тұрады, әрқайсысы бір сегментке сәйкес. Жұтқыншақ асты ганглиясы 4 ганглияның қосылуынан, ал артқы ганглиясы ірі 7 ганглияныц қосылуынан пайда болған.

Сүліктерде кен тараған сезім мүшелерінің бірі — әрбір сегментінде бір қатар көлденең орналасқан «бокал тәрізді» (кейде сезім бүршігі деп те атайды) мүшелер. Бокал тәрізді мүше — ұзынша келген сезгіш эпителиальды клеткалар, бұларға нерв ұштары жалғасады, денесіне жанасқан әсерді сүлік сол арқылы сезеді. Сезгіш эпителиальды клеткалар тобын сыртынан молдір вакуольдеры бар ірі клеткалар қоршаған. Бокал тәрізді мүшенің қызметі әлі зерттелмеген, бірақ химиялық әсерді сезеді деп болжайды.

Көптеген сүліктерде алдыңғы сегменттерінде болатын бокал тәрізді мүшелерінің біршама бөлігі көзге айнала алады. Көздері 1-5-ке дейін жұп болып, дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Медициналық сүліктің көздері пигментті бокал түрінде болады . Бокалдың ішінде толып жатқан ірі көру клеткалары болады. Терінің астындағы паренхимада орналасқан көздің бокалдары сыртынан қара пигментпен қапталған. Бокалдың ортасынан көру нервтері өтеді, әрбір көру клеткасына нервтің ұшы жалғасады. Осындай құрылысты көздердің көру кызметі жарық пен қараңғыны ғана ажыратады.

Жыныс жүйесі — гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі ұрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға косылады. Жатын кең бұлшықетті кынапқа жалғасады. Жыныс тесігі кұрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады.

Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері тұкым капшық-тарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. ¥рық қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. Ұрық жолдары дененің алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалақтанып ұрық қалтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп тақ ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшыкетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің кейбір түрлерінде (Наеmеntaria Glossіphonia) шағылыс мүшесі дамымаған. Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген сперматофора деп аталатын сопақша келген калташаның ішіне шығарылады. Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жабыстырады иемесе сүліктің қынабына енгізеді. Сперматофорадан шыққан сперматозоидтар жатынға түсіп. жұмырткаларды іштей ұрықтандырады. Барлық сүліктердің жұмыртқаларының ұрықтануы іштей өтеді. Ұрықтанған жұмыртқаларын сүліктер пілләніц ішіне салады.

Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері аралығында белдеуше аймағы болады (медициналық сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеушенің сілекей тері бездері ісініп шырышты пілләні шығарып тұрады. Медициналық сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін пілләнің ішнде 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде немесе су жағалауларында кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis tessellata –ның пілләсі құрсағына жабысқан.

Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұксас спиральды детерминативті жолмен өтеді. Ұрықтарының даму сатысында кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейіи олар жойылып кетеді. Ересек формасынын калыптасуына Д бластомераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен кұрсақ нерв тізбегі, калған алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.

Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды кұрттарға ұксас. Еке-уінде де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады, жүмыртқаларын пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекшелігі: жұмыртқаның ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.

Классификациясы. Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер – Archihirudinea және нағыз сүліктер — Еuһігudіпеа.

ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары жақсы жетілген. Бұған бір отряд жатады — қылтанды сүліктер -Аcаnthobdellida.

Қылтанды сүліктер отряды — Аcаnthobdellida.

Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы (Аcаnthobdellida. ) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы 30 мм, жуандығы 3 мм. Негізгі түрлері: Аcаnthobdellida. реlеdіnа және Аcаnthobdellida lіvаnоvі.

НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ — ЕUHIRUDINEA

Қылтандары жоқ- Целом куысы редукцияланып лакуна, синус түрінде қалған. Қаң жүйесі де редукцияланып, оның кызмстін лакуна жүйесі атқарады. Бүларға скі отряд жатады: түмсықты сүліктер –Rhynchobdellida және жақты сүліктср — Gnahobdellida.

Тұмсықты сүліктер отряды – Rhynchobdellida.

Бұл отрядка еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететіи сүліктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша сыртқа шығып корегіне кадалуға кабілетгі. Вгаnchellion туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.

Балық сүліктері — (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі — Ріsсісоlа geometra, сүйекті балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінсн айқын бөлініп тұрады . Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica — Каспий теңізінде мекендейтіи, сүйекті және бекіре балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. Сystobranchys fasicatus- жайынның, С. mammillatus — налимнің паразиті. Тrachelobdella turkestanica Орталық Азияда (Іле өзенін-де) кең тараған каяз бен маринканың паразиті.

Жалпак сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Ргоtосlepsis туысының өкілдері кұстардың жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етсді. Haementeria соstata — тасбақалардың, Вatracobdella algira- қосмекенділердің, О — ұлулардыц паразиттері.

Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына камқорлык жасайды. Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Наеmеntегіа туыстары жатады.

Жақты сүліктер отряды

Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері — тісті ара сияқты жақты кұрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae

Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік – Ніrudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. ¥зындығы 120-150 мм, алдыңгы және артқьі сорғыштары жаксы жетілген (98, А-сурет). Омыртқалы жан-уарлардың қанымен коректенеді.

Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдсу әдісі ертеден бар. Мұны бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуык түрі емге пайда-ланылады.

Медициналық сүлікті гипертония, склероч, инсульт, көз, тері ауру-ларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.

Адамға және малға кауіпті сүліктердің бірі — жылқы сүлігі (Limnatis nilotica). Ол сумен бірге жүтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, Самарқандта, Бұқарада кездеседі.

Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі -(Наemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен, құрттармен насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.

Наemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның және сүтқоректілердің қанын сорады.