Нематодтардың жоғары экологиялық икемділігі, олардың бүкіл жер шарына таралуына ықпалын тигізеді. Олар теңіздерде, тұщы су қоймаларында, топырақта, тропикадан бастап қиыр шығысқа дейінгі аймақты мекендейді. Нематодтардың қатысуынсыз бірде-бір сапробиологиялық процесс жүрмейді, амалға аспайды. Көптеген нематод тар бйімделу процесі барысында басқа организмдер құрамында өмір сүруге бейімделіп, факультатив тік паразиттерге айналды. Белгілі нематодолог мәліметтері бойынша, жұмыр құрттар класында 500 мыға дейін түрлері бар екнін айтады.
Нематодтарды тәтпіштей зерттеу, біздің елімізде жуырда ғана басталды себебі жұмыр оларды ауыл шаруашылықтың анау айтқан қомақты дәрежеде зиянын тигізетін паразит ретінде қарамау еді. Өсімдіктерді қорғау барысындағы зерттеулер негізінде бунақ денелердің түрлеріне, әртүрлі бактерия, саңырауқұлақтар мен вирустардың тигізетін зиянына қарсы , олардың дамуын анықтау бағытында жүргізілді, себебі олардан келетін зияе өте үлкен болатын. Ал, нематод тар көлемі жағынан да , тигізетін зиянкестік дәрежесі жағынан да энтомологтар мен фитопотологтардың назарына іліккен еді. Фитогельминттердің зиянкестігін басқа зиянкестердің әрекеті ретінде немесе топырақтың құнарсыздығы нәтижесінде болған деп түсініп келінді. Бүкіл Одақтық гельминталогия институты базасында 1933 жылы Москвада бір інші фитогельминталогиялық лабораторія ұйымдастырылды, ғалымдар жабапйы каучук өсімдігінің нематодтарын зерттеу жұмыстарын алып барды. Зерттеу жұмыстары Бұрынғы Одақ көлеміндегі басқа да республикалардағы мекмелерде де Альп барылды. 1934 жылы ленинградтық ғалым И.Н. Филипьеваның “Нематоды вредные и полезные в сельском хазяйстве” еңбегі жарық көрді. Кейінірек фитогельминттік зерттеулер Украйнада, Балтық бойы республикаларда, Грузияда, Орта Азияда жүргізіле бастады. 1952 жылы К.И.Скрябинин басшылығында КСРО Ғылым Акедемиясының фитогельминтологтардың бір тобі өз жұмысын бастады. Ол жерге фитонематодтар бойынша Ірі мамаедардың бірі А.А. Парамонов та шақырылды.
Фиогельминттердің көкөніс өндірісіне тигізетін экономикалық шығыны өте үлкен. Мысалы, көкөністерді теплицада өндіруде галловый нематод тар өнімді 50% жойп жіберуге қабілетті. Бір ғана осы фитогельминт әсерінен Англияда картоп өндірісі 2 мл. фунт стерлинг, Батыс Германияда 11 млн. Марка шығынға ұшырайды. Бұл көрсеткіш АҚШ-та ауылшаруашылық барлық өнімніңдердің 10% құрайды. Батыс Украйнада жертөлелерге сақтауға қойылған картоптардың 80% өркен нематодтары жойып жіберуге қабілетті екені анықталды. Қызылша нематоданың тәсірінен өнім 2-3 есеге азайып, өнімдердегі қант мөлшері 15%-ға төмендейді. Сұлы нематодасы бидай өнімін 70%, қара бидай өнімін 30% төмендетеді. Нематодтардың же міс-жидектер өніміне тигізетін зияны айтарлықтай дәрежеде.
Қазіргі таңда фитогельминттердің көбею дәрежесі мен зиянкестік әрекетітінің артып бара жатқана айтылып келеді. Өсімдік неметодтарын А.А.Парамонов “ шабуылға шыққан жау” деп. атаған болатын. Сол себепті олрмен күресу үшін күресу үшін олардың марфологиясын, физиологиясын, систематикасы мен экологиясын білу өте қажет.
Өсімдіктермен байланысты нематодтарды фитонематодтар деп. атайды. Фитонематодтарды тек бір түрге немесе бір топқа жатқызу қиын, өйткені олрадың түрленуі әртүрлі өсімдіктермен қарым-қатынасынан көрінеді.