Цестодтардыңбәрінің лента тәрізді арқа бауыр бағытында жалпайып келген денесі болады. Көбіне денелері жеке буындардан, не прологиттерден құралады. Бұл пролотиттердің шумағы стробита делінеді. Денесінің алдыңғы ұшында өзгерген буын, бас, не сколское болады. Мұнда иелерінің тақидарына қадалатын арнаулы органдары сорғыштары ж/е ілмешіктері болады. Көбінесе созылып шығатын ұзын, жұмсақ тұмсыққа орналасқан. Бұлардың дене қуыстары болмайды, ас қорыту системасы да жоқ. Әр буында органдар комплекст метамерлі түрде қайталанып отырады. Атап айтқанда: несеп түтіктері, нерв талдары,күшті жетілген жыныс системалары болады. Цистодтардың бәрі Ас гермофродит. Әдетте цестодтардыңбәрі әр түрлі жануарлардың ішегінде мекендейді. Кейде ғана бауырдың өз түтіктерін ж/е қуысын мекен етеді. Бұл жануарлардың 1500-ден аса түрлері сипатталып жазылған.
Таспа құрттар класының өкілі-Сиыр цепені –Tacmarhynchus saginatus.
Сиыр цепені ақ түсті болады. Ол өте зор ұзындығы 10-12метрге жетеді. Басының н/е сколекстің жалпақтығы 2мм-ге жетеді де, бұлшықеттері бартөрт күшті сорғышпен, қаурланған. Скоестің артында бірнеше буындар тіркесіп, созылып жатады, олардың саны 2000-ға жетеді. Буындардың пішіні бастап қашықтаған сайын өзгере береді. Сколекстің жақын буындарықысқа келеді. Бастан қашық арт жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтығы 4-8мм ұзындығы 12-20 мм-ге жетеді. Ороталық нерв системасы. Екі бүйірлік нерв саласынан түзілген.Сезім органдары жетілмеген.Ас қорыту сис
Ас қорыту системасы: Болмайды. Денесінің сырт ы арқылы қоректенеді.
Қан айналу ж/е тыныс алу системасы:Болмайды.
Зәр шығару системасы:Көптеген кірпікше жалынды клеткалар нәзік түтіктерден түзілген. Бұлар бүйірлік ұзына бойы созылған зәр шығару каналдарына құйады. Бұл каналдар әрбір буында артқы көлденең каналымен қосылған. Зәр шығару тесігі артқы буында, оның бос шетінің орталығында орналасқан. Бұл буыны бөлінген кезде зәр шығаратын түтік өзінің тесігімен сыртқа қарай ашылады да, жаңадан жалпы тесік құрылмайды. Бұл айтылғандардан солитердің зәр шығару системасы протонефридий сипаты екені көрініп тұр.
Жыныс системасы: Сиыр цепенінің жыныс системасы өте күшті дамыған.
Аталық жыныс органдары: Тұқым бездері көпіршік пішінді болады. Буынның ішіндегіпарензималардың арасында бытырап жатады. Олардың саны орасан көп, тіпті мыңнан да асып кетеді.
Аналық жыныс органдары: Сиыр цепенінің жұмыртқа безі оң ж/е сол жақ бөлімнен түзілген. Қосарлы болып келеді. Бұл екі бөлшектің арасы белдікпен байланысты, одан жұмыртқа жолының түтігі басталады.
Дамуы: Сиыр цепеннің дамуы басқа түрге айналу ж/е иесін ауыстыру жолдарымен жүреді. Жұмыртқа сыртқа бөлініп шығу мерзімге дейін алты ілмешікті ұрыққа н/е онкосфераға айналады. Онкосфераның сыртында радиальды бағытта созылған қоршау қабығы болады. Оның сыртында тағыда жұмыртқа қабығыменқоршалған бастама күйдегі эмбриональқабығы болады. Жұмыртқа қабығының үстіндегі ерекше жіп тәрізді филаменттер деп аталатын өсінділер болады. Паразиттер үшін қолайлы жағдайда, мысаплыф адам өзінің экскременттерін ірі қарамал қорасының ішіне шашқан кезде, ішінде онкосферабар жұмыртқа цепенінің ішек қарнына оңай түседі.
Сиыр цепенінің өсуі:Ішекке қадалғанфинканың алғашқыда қармақсыз басы мен мойны ғана болады. Одан сиыр цепені мейлінше өзгеше өседі, жаңа буындар пайда болады. Буындар әрқашанда бастан өседі. Ол буыннан өспейді. Сондықтан да стробильдің ең жас буындары басқа жақын болып, нағыз кәрісі дененің арт жақ шетінде болатыны табиғы нәрсе.Демек бастан бүршіктене бөлінген әрбір буын артқа қарай ығыса береді. Себебі бастантағыда жаңа буындар бөлініп шығады. Бірте бірте артқа қарай ығысқан буын пісіп жетіледі де буын гермофродитке айналады. Ақырында пісіп жетіледі, яғни жұмыртқа қабының ішінде отырған онкосфераға толған жатын пайда болады. Пісіп жетілген буын үзіліп бөлінеді. Оның орнына келесі соған тете буындар жетіледі. Олай болса сторобила дегеніміз — өзгермейтін тұрақты мүше емес, ол үнемі жаңадан құрылып тұрады. Бұл бірте бірте артқа қарай ығыса беретін , бастан қашықтаған сайын үлкендігі де, пішіні де , буындардың ішкі құрылысы да өзгере беретін мүше , өзгеруі конвейр системасы тәрізді.