Сорғыш құрттар класы

Сорғыштар өзінің құрылысы тегі жөнінен трубияларға едәуір жақын. Олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты терілері түссіз болады. Трубиялардан тағы бір айырмашылығы сорғыштардың ересек кезінде кірпікшелі болмайды. Терілерін кутикула қаптап жатады. Ересектерінің көзі болмайды. Қазіргі кезде сорғыштардың мыңнан аса түрлері белгілі. Бірақ жыл сайын жаңа түрлері табылуда .

2класс тармағы Дигенетикалық сорғыш құрттар-DIGENEA.

Дигенетикалық сорғыштар төменгі белгілермен сипатталады:

  1. Ішкі органдарда паразиттік етеді: Личинкалар әр түрлі омыртқасыз

жануарлардың, көбіне малюскалардың ішіне енетін паразиттер, ал толысқан ересектері омыртқалы жануарлардың, адамның да ішіне еніп паразиттік өмір сүреді.

  1. Ауыз сорғышы болады. Әдетте одан басқа құрсағында бір сорғышы

болады.

  1. Денесінің артқы жақ бөлімінде иесіне бекінуі аппараты болмайды, кейде

арт жағына таман ауысып орналасқан бауыр сорғышы болады.

  1. Ересек түрлерінде ешқашан көз болмайды. Тек личинкаларында ғана

рудимент түрінде фоторецепторлар болады.

  1. Эксректор системасы сыртқа бір артқы зәр шығарушы тесік арқылы

ашылады.

  1. Дамуы меторморфозды түрде ж/е иелерін ауыстырып отырады.

Басты өкілдері: Бұған жоғарыда сипатталған, адамның, ірі қарамалдың. Қойлардың ешкілердің, үй қояндардың, дала қояндардың т. б. Басқа жануарлардың паразиттері ланцет тәрізді қос ауызды құрт жатады. Бұл құрттардың мирацияларында денесін кірпікшелі түк толық жатпайды, денесінің алдыңғы жақ ұшында бас томпашығынан еніп тұрған ерекше стилет бар. Ланцет тәрізді қос ауыздың мирация деиясының фассила мирациясына айырмасы, бұлар жұмыртқа қабығынан жарып шыққаннан кейін суға тұспеді құрлықтағы малюскалардың бәрінің ішегіне енеді.Ол бұдан малюсканың ортаңғы ішек безіне енеді.Осы жерде метоморфозаға ұшырап, церкария стадиясына көшеді. Басқа өкілдеріне мысық қосауызды өкілін атап өтуіміз керек . Бұл мысықтардың, иттердің, түлкілердің, адамның өт қабында болатын паразит оның екі аралық иелері болады:

  1. Малюскалар болуға тиіс.
  2. Бір сыпыра тұщы су балықтары: шабақ, қарабалық, табан балықтары.

Бұл паразит сібірде көп тараған, сондықтан көбіне сібір қосауыз құрты деп аталады. Бұл класс тармағына қант қосауыздарыда жатады. Бұлардың ішектері ерекше құбылысты болып келеді. Ішегі әуелі екі бүйір тарауға бөлінеді де, одан кейін ол екеуі иіліп барып бірігіп, бір каналға айналып, дененің артқы бөлімінде тұйықталып бітеді. Қанқосауыздылары дара жынысты.Еркектерінде орасан кең тұқым бездері болады. ¦рғшыларын дара сары ауыз безі бар. Ол шектің артқы дара бөлімінен тұтас жатады. Қанқосауыздылары әр түрлі жануарлардың ж/е қанын сорып паразиттік тіршілік етеді. Бұл тұқымдасқа жататын көп тараған түрлерінде еркектерінің бауырында ұзынша терең қатпары болады. Ол генекорф каналы деп аталады. Ұрғашысы осы каналға орналасады.Олар адам қанын соратын қосауыздылар адамның ірі вена қантамырларының ішінде паразиттік тіршілік етеді. Адам бұл құрттың иесі болып есептеледі.Олардың аралық иесі кейбір малюскалар қанқосауыздыларының церкариялары кілегейлі қабық арқылы қан тамырына енеді, не царкаиялар тікелей қантамырын тесіп өтеді. Бұлар Африкада, Азияда көп болатын паразиттер, Европада да кездеседі.