Ішек қуыстылар қос қабатты көбіне сәулелі симетрия ретінде құрылған жәндіктер. Олардың дене қабырғасы- эктодерма ж/е эндодерма болып екі қабаттан құралған. Эктодерма дененің сыртын қаптап эндодерма дененің бүкіл ішкі қуысына астарланып тұрады. Бұл қуыс са қорытушы органда болыптабылады. Себебі: оның ішіне ас жалғыз тесік арқылы енеді, ол тесік ішкі қуыспен сыртқы орталықты жалғастырып тұрады. Эктодерма мен эндодерманың арасында сүйеніш пластинка немесе қалың қалың қоймалжың тәрізді қабат- мезоглей болады, эктодерма мен эндодерманың клеткаларынан түзілген. Ішек қуыстылардың көбісінде скелет бар. Ол не сыртында н/е мезоглейдің ішінде орналасады. Скелет көбінесе известтен құралған.
Ішек қуыстылардың түрі өте көп. Олардың арасында еркін жүзетін пішінділері медузалар, сифонофорлар, мен гревниевиктерде ж/е бір нәрсеге бекінген түрлері де түрлі полиптеріде болады. Медузалар ірі –көлденеңі екі метрге жететіндері болады. Полиптер әдетте өте тамаша пішіндес болып келетін коллонияларды құрайды.
Ішек қуыстылардың губкалардан айырмашылығы, олардың нерв элементтері болады. Бұл нерв элементтері ішек қуыстылардың ішінде өзара бұтақшалармен қосылған, эктодерманың ішіндегі бытыраңқы нерв клеткаларынан құралған, өте жабайы пішінде болады, оны-диффузиялы нерв жүйесі деп атайды, н/е нерв тармақтарынан құралып белгілі тәртіппен орналасқан ж/е сезім органдармен байланысты анағұлым нерв системасы пайда болады.
Ішек қуыстылар жынысты ж/е жыныссыз жолмен көбейеді. Ішек қуыстылардың орасан көпшілігі теңіз жәндіктері, тұщы суларда олардың азғана өкілдері кездеседі. Бұл типтің осы кезде небары 9000-ға жуық өкілдері белгілі.
Ішек қуыстылар өте ертедегі топ ж/е скелеттің бар болуына байланысты олардың көпшілігі қазба күйінде жақсы сақталған.
Жіктелуі: 1-тип тармағы-Шанышқылар-Chidaria
1класс- Гидроиттылар-Hyroza
1 класс тармағы гидротәрізділер-Hydroidea
1отряд-Гидралар- Hydrida
2отряд- Гидроиттар – Leptolida
3отряд- Гидромедузалар-Trachyida
2класс тармағы – Сифонофорылар –Siphonophora
2класс Сцифойдалар- Sgyiphozoa
3класс Маржандар-Actinozoa
1 класс тармағы Сегіз сәулелілер- Octocorallia
2класс тармағы Алты сәулелілер- Hexacorallia
2тип тармағы Шанышқысыздар-Achidaria
1класс тармағы Қармалағыштылар-Tentacullata
2класс тармағы Қармалағышсыздар-Atentacullata
1 класс Гидроиттар –Hudrozoa
өкілі: Тұшы су гидрасы.
Гидра деген атқа әдетте бірнеше түрлерді, осы кезде әр түрлі туыстарға жататын гидроиттардыбіріктіреді. Біздің жерімізде гидраның бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінен Кездесетіні тармақты гидра. Сыртқы көрінісі: Гидра созылған күйінде ұзындығы (тармалағыш мұрттарын есептемегенде)1-1,5см-ге жететін полиф. Денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі болады. Оны 5-9 жіңішкежіп тәрізді үзын өте қозғалғыш тармақты шашақта қоршап тұрады. Гидраның денесінің сыртында жас гидра (бүшік) болады, олар бірте-бірте организмнен бөлшектеніп өз бетімен тіршілік ете бастайды. Гидра денесінің артқы жағындағы шамалы жалпайған пішінде болатын табанымен су астындағы затқа жабысып тұрады.Гидралардың түсі әр түрлі болады, әдетте сарғыш қоңыр түсті мысалы тамақты гидралар сондай . Бірақ жасыл кейде ашық қызыл түс гидралар да кездеседі. Бұл түстер пегментке байланысты емес, ол гидра клеткаларының ішіндегі тіршілік ететін бір клеткалы жасыл балдырлардың немесе бактерияның түсіне байланысчты болады.
Ішкі құрылысы: Гидраның дене қабырғасы экодерма ж/е эндодерма деп аталатын екі қабаттан құралған. Бұл екі қабатта эпителий –мусколь клеткасы деп аталдатын клеткалардан құралған. Эктодерма мааен эндодермада эпителий мускаль клеткаларынан басқа сезуші, нерв ж/е безді клеткалары да болады. Сезуші клеткалары бір жақ ұшы дененің сыртына н/е ас қорытушы қуысқа қарай шығып тұрса екінші жағы сүйеніш пластинкаға жабысып тұрады. Нерв клеткалары эпителий мускаль клеткаларының астында сүйеніш пластинкаға түйісіп тұратын жиырылғыш тармақтардың маңында жатады. Гидраның нерв системасы дифузды.
Эктодерманың безді клеткалары әсіресе табанымен қарлаушы тармақтарында көбірек болады. Сол бездерден бөлініп шығатын гидраның су түбіндегі затқа жабысып түру қызтетін атқарады.
Көбеюі: Гидралар жынысты ж/е жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде гидралардың үстіне аналық организмнен бірте бірте бөлектеніп кететін бүршіктер пайда болады. Жаз бойы гидралар бүршіктену арқылы көбейеді де күз түскенде жынысты жолмен көбейе бастайды.
Қоректенуі: Гидра-суда тіршілік ететін ұсақ шаян тәрізділерінен т.б.қоректенеді. Оның бүкіл денесінде әсіресе қармалауыштарында жауынан қорғанатын ж/е жемісін аулағанда пайдаланатын атпа жасушаларыболады. Атпа клеткасының цитоплазмасы, ядросы ж/е көбіршік тәрізді дорбашасыболады. Атпалы дорбашаның ішінде жіңішке түтікше – апта жіпшесі орналасады. Судағы кішкене шаян өскіні тиіп кетсе атпалы дорбашасының ішіндегі атпа жіпше лезде жазылады да бірден сыртқа атылып жеміне қадалады. Сол кезде атпалы дорбашадағы улы зат жіпшенің өзегі арқылы тұтылған қоректің денесіне жайылады. Гидра жемін қармалауыштары арқылы аузына апарып жұтады. Ас ішкі қабатта қорытылады.
Зәр шығару ж/е тыныс алуы: Гидрада арнаулы тыныс алу зәр шығару мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығарып отырады. Зәр шығаруды бүкіл денесі арқылы жүзеге асады.