Сдуденттерді көп клеткалы жануарлар губкалар типінің құрылысы, систематикасы және губкалардың жіктелуі мен таныстыру.
Губкалар- қарапайым көп клеткалылар. Оның қарапайымдылығы – денесі нағыз тканға бөлінбейтін эктодерма ж/е энтодерма дейтін екі қабаттан тұратындығында. Ересек губкалар коллониялы бір нәрсеге жабысып қозғалмай тіршілік ететін сыртқы тітіркенішті елең етпейді деуге тболатын жануарлар. Олар өздерінің денелерінен су сүзеді. Сүзу губкалардың эндотермасын құрайтын кірпік жағалы клеткалары арқылы болып отырады. Губканың денесіне сумен бірге қоректік заттар ж/е оттегі келеді. Денесінен шығатын сумен бірге зат алмасу қалдықтары да шығып отырады. Эктодерма мен эндодерманың арасында аралық қоймалжың зат әр түрлі клеткалы мезоглея бар. Осы қабатта губканың скелеті орналасады ж/е жыныс клеткалар пайда болады. Скелеттің болуы клетканың басты сипаты. Олардың басым көпшілігінде скелет болады. Скелет көбінесе жеке пішіні әр түрлі ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың известьтен не кременеземнен құралады.Кейбір губкалардың скелеті органикалық зат спонгиннан құралады. Губканың мөлшері бірнеше мм-ден 1,5м дейін жетеді. Губканың өсіп өнуінде әр түрлі процестер болады. ¦рықтанған жұмыртқадан әдетте еркінше жүзетін личинкалар шығады. Личинкалар көбінесе екі қабатты одан арғы көбінесе митиформозында ішкі қабаттың клеткалары сыртқа шығады, ж/е теріге айналады. Ал сыртқы қабаттың клеткалары хоаницитке айналады. Осы процеске байланысты губканың несін эктодерма, несін эндодерма деп санау мәселесі анық емес. Сондықтан оларды көбінесе өзге көп клеткаларға қарсы деп атайды. Губкалар көбінесе теңізді мекендейді; тұщы суларда олардың азғана түрлері болады. Губкалар теңізде көп тараған олар жағалаудан бастап тереңге дейін кездеседі. Губканың қазіргі кезде 5000 түрі белгілі. Губкалар өте ертеден келе жатқан жануарлар, олардың қалдықтары жердің өте ертедегі қабатынан табылады. өздерінің ұзақ тарихында губкалар онша өзгермегенін айта кету керек. Көптеп қазба губкалардың түрлерінің осы кездегі губкалардың түрлерінен аз. Губкалар типі бірнеше отрядқа бөлінеді:
- Известі губкалар-
- ‡ш ості не алты сәулелі губкалар-
- Төрт сәулелі губкалар-
- Кремний мүйізді губкалар-
өкілі- Бадягалар.
Бадягалар тұщы сулы губкалар. Бұл губкалардың бірнеше түрі бар. Олар негізінде жақын екі туысқа жатады.
Сыртқы пішіні: бадягалардың тұрақты пішіні болмайды. Олар жастық сияқты томпақ, не күрделі бұтақты құрылыс түрінде де болады. Бадягалардың түсі сары қошқыл не жасыл. Губканың түсінің жасыл болуы оның тканінде өмір сүретін жасыл балодырдың болуына байланысты. Бір бадяга дегеніміз көбінесе бірнеше бадягалардың бірігуінен түзілген. Олардың санын ауыздарына қарай білуге болады, Бадягалардың тұла бойы недермалықмембранамен қапталады. Бұлардың тесігі саңылаулы болады.
Ішкі құрылысы: Дермолық мембрананың астында кең елдік не дерма дерма астылық қуыс болады. Бұл қуыстың т үбінен кірпікшелі камераларға баратын түтіктердің күрделі системасы басталады. Осы түтіктерден парагастраль қуысына каналдар барады. Канал системаларының аралықтары қоймалжың мезоглеяма мен толған, онда әр түрлі клеткалар мен скелеттік заттар болады. Бұл скелеттік заттар мөлшері әр түрлі бір спикулдар микросколиттер. Мегаскелеттер әдетте белгілі қатармен орналасқан ж/е өзара органикалық затпен желімделген.
Көбеюі: Бадягалар жынысты ж/е жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық жолмен көбеюі. Бадяганың барплық түрлері айырым болады. Бөліну нәтижесінде іші клеткаға толған ж/е кірпікшелі сыртқы қабығы бар личинка пайда болады. Мұндай личинка ұрғашы бадяганың организімінен шығады ж/е аз уақыттан кейін еркімен жүзеді. Содан кейін бір нәрсеге бекіпгубкаға айналады. Бұл өзгерілуінде сыртқы қабатының клеткалары денесінің ішіне батып, онда кірпікшелі жиектіклеткаларға айналады.
Жынысыз көбеюі : Жыныссыз көбеюді бүршіктену әдісімен жүреді. Мұның өзі жолмен жүреді., сыртқы бүршіктену қомақтыколлопия құрады., ішкі бүршіктену гемулля пайда болады.
Бадягалардыңда губкалар сияқты регенирациялық қабілеті күшті. Егер бадяганы езіп жиі маталар арқылы сүзсек ж/е клеткаларданқұралған эмульсия түзіледі. Бұл клеткалар бір бірімен жабысып, клетка жиынтығын құрады. Бұл клеткалар жиынтығы жақсы жағдайда өсіп бірнеше күшпен кейін кішкене губкаға айналуы мүмкін. Губкалардың мұндай регенирациялық қабілеттілігі губкалардың қарапайым екендігін ж/е олардың жеке клеткаларының белгілі қызмет атқаруға нашар бейімделгенін көрсетеді.
Экологиясыж/е географиялық таралуы: Бадягалар көбінесе тропикте ж/е субтропикте таралған. Қоңыр салқын үйектерде бола тұрса олардың түрлері аз. Қазақстанда бадяганың он түрі кездеседі. Бұлар төрт туысқа бөлінеді. Байкал көліндегі губкалардың орны ерекше. Онда тек қана Байкал көлінде кездесетін Lubomirskidae тұқымдасының бірнеше түрлері бар. Олаврдың басқа тұщы суық губкалардан бірқатар белгілері: гуммуласы болмауы арқылы айрылады. Бадягалар ағынды сулар да, ақпайтын қара сулар да кездеседі. Ағынды сулардың ағыны бәсең Жағалауларын мекендейді. Олар су астындағы бағанаға, томарға, су астындағы өсімдікке, жағалаудағы тастарға т.т. бекінеді. Олар басқа жануарлар , мысалы молдюскаларға жабысады. Губкалар судағы әр түрлі құрылыстарға жабысып бірқатар зиян келтіреді. өзінің қуысты құрылысының арқасында бадягалар толып жатқан әр түрлі су жәндіктердің , құрттардың, кейбір су шаяндардың личинкаларына пана болады. Сөйтіп олардың арасында ерекше биоценоз пайда болады. Біздің халық медицинасында кептірілген бадягаға ревмотизмді емсдеуге қолданылатын , сонымен қатар денені қызартуға қолданылатын, құрғақ губканың үстіндегі спекулдардың үйкегенде теріні қоздыратын әсері болуы керек.