Споралылар класына өзінің дамуы кезінде тығыз қабықпен қоршалған ұрығы бар, ерекше өніп- өсу стадиясын өтетін, паразит қарапайым жануарлар жатады. Бұл қабықпен қоршалған ұрық спора деп аталынады.
- ші класс тармағы Телоспоралылар- Tolosporidia.
Телоспоралылар класс тармағына ересек күйінде қозғалмайтын және бір ядролы споралылар жатады. Бұлар жыныссыз өніп өсу кезінде бірнеше қайтара көп рет бөліну арқылы көбейеді. Бұл класс тармағының айрықша бір белгісі. микрогаметаларында талшық болуы, бұл белгі телоспоралылардың талшықтардан шыққанын көрсетуі керек. Жыныстық өніп өсу процесі кезінде анизогамиялық коопуляция жүреді, бұдан кейін цистасы бар спора пайда бола бастайды. Спора организмнің дамуының белгілі кезеңдерінде ғана пайда болады.
Бұл класс тармағының үш отряд кіреді, олар:
- Грегариналар –Gregarina
- Кокцидиялар –Cjcedia
- Гомоспоралылар-Gregarina
1 Грегариналар- Gregarina
Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері. Грегариналар клетка ішінде тіршілік ететін басқа телеспоралыларға қарама қарсы ересек кезінде иесінің дене қуыстарында тіршілік етеді. Бұлардың кейбіреуі ғана дамуының алғашқы кезінде клетка ішінде паразиттік етеді. Грегариналар споралылардың ең ірісі. Мұның ұзындығы бірнеше мм-ге жетеді. Олардың әдетте сопақша ж/е жалпақтау келген бір ядролыденесі болады.
Полицистік денесі үш учаскеге бөлінеді: ядро орналасқан артқы келгендері ортаңғы-протомерит, алдыңғы-эпимерит. Эпимериттің ілмелішесіне қармақшасы болады. Осылар арқылы грегарина ішек клеткаларына жабысады. Бұл ілмешіктердің биологиялық маңызы мынадай: ішектің ішінен нәжіс сыртқа шығу жолында осы ілмешіктер болмаса паразитті өзімен бірге алып кетер еді.
Олай болса ілмешіктің паразиті ішекке қалып отырады. Грегаринаның денесін тығыз , қырлы кутикула жауап тұрды. Паразиттің пішіні осы кутикулаға сәйкес келеді. Кутикуланың астында эктоплазмада болады. Бұл грегаринаның денесін эпимерит ж/е протомерит ж/е дейтемеритке бөлетін плазмалық перделер түзеді. Көп грегариналардың эктоплазмасында ұзына бойлық кесе көлденең бұлшықет фибриллалары қабаты ж/е жіңішке скелет жіпшелері болады. Көп грегариналар минемдардың қысқаруы арқасында өз еркімен қозғалып жүреді. Басқа грегариналар өзінің денесінің арт жағына бөліп шығаратын сілекейлі қатты есінділері арқылы қозғалады. Грегаринаның эндоплазмасы қоректік заттың қоры параглкогенға толып тұрады, сондықтан эндоплазма мөлдір болмайды. Грегаринаның аузы да жұтқыншағы да болмайды. Сондықтан олар осмос жолымен, қоректік затты денесінің барлық сыртымен сіңіріп алып отырады. Грегариналар тек жыныстық жолмен ғана өсіп-өніп отырады. Тек шизогрегарин отряд тармағына жататындары жынысты ұрпақпен жыныссыз ұрпақ кезектесіп келіп отырады. Жыныстық өніп-өсу мынадай болып жүреді. Екі грегарина біріне бірі жақындайды, бұлардың біреуі екіншісінің артқы жағына өзінің алдыңғы жағымен жабысады, содан кейін екеуі де домалақтанып сырттан циста қаптайды. Бірақ бұлар қосылып кетпейді. Екі грегаринаның да ядролары тез бөліне бастайды. Бұл ядролар дененің шет жақтарына орналасып, олардың үстіңгі жағындағы плазма учаскелері бұлтықтанып көтеріле бастайды. Содан кейін кішкене ядродан ж/е жаңа плазма учаскесінен құралған әрбір төмпешік буылтықталып бөлінеді, сөйтіп гамета пайда болады. Ал басқа бір түрлерінде бірінші грегаринадан-домалақ, қозғала алмайтын макрогаметалар, ал екінші грегаринадан- талшықтары бар қозғалатын микрогаметалар пайда болады. Жыныстық процес кезінде анизогаметалар пайда болатын грегариналардың жыныстық формаларға бөлінуін грегариналардың бір-біріне жанасқан кезінде ақ байқауға болады. Бұл процес сигизия деп аталады. Грегариналар ішек қуысында да бос күйінде де тіршілік ете алады. Бұлар өзі паразиттік ететін иесін ауруға шалдықтырмайтын болуы керек. Грегаринді мына жануардан оңай табуға болады: ұн құртының ішегінде, грегаринаның әр түрлі үш түрі паразиттік етеді. Бұларды әрбір личинкадан табуға болады. Жауын құртының ұрық жолдарында грегаринаның екі түрлері тіршілік етеді.Ең соңында әр түрлі грегариналар инеліктің личинкаларында болады.