Сүтқоректілер экологиясы

Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы сатыда дамыған тобы. Оларда нерв жүйесі жақсы дамыған. Балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Дене температурасы тұрақты. Ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Міне, осы ерекшеліктер олардың жер шарында кең таралуына мүмкіндік береді. Оларды ағаш басында да, жер үстінде де, жер астында да, ауада да, суда да көруге болады. Демек аңдардың тіршілік ортасы әралуан. Олардың дене пішіндері де осы ортаға тіршілік етуге бейімделген. Кит лен тюленьдердің тіршілігі суда өтсе, ал қолқанаттылар ауада ұшуға бейімделген. Олардың қоректену тізбегі де жөніне қарай әртүрлі: біреулері өсімдік тектес азықпен, басқалары жануар тектес азықпен, үшіншілері жыртқыш — шабуыл жасаумен күн көреді, ал , пирматтар, жыртқыштар, кемірушілер азық талғамай қоректене береді.

Жануарлардың ішінде адамдарға ең жақыны сүтқоректілер. Олардың ішінен 15 түрі үй жануарлары, сонымен бірге 20 түрі клеткада өсірілетін құнды терілі аңдар және лабораториялық (тышқаңдар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары т.б.) жануарлар. Сүтқоректілердің ішінде пайдалы жануарлармен бірге адамдар мен үй малдарына шабуыл жасайтын ауру тарататын егіс бақ шаруашлығына зиянын тигізетін жануарлар да бар. Осы жануарлардың табиғатқа, адам шаруашылығына тигізетін зиянды әрекеттерін азайту мақсатында олардың сан мөлшерін, популяциясын, азық қорын ғылыми тұрғыдан зерттеп болашаққа көз жіберу.

Сүтқоректілерді қорғау

Сүтқоректілер немесе аңдар класыннң өкілдері адамдар өміріне өте маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, жыртқыштар мен кеміргіштер аң шаруашылығында пайдаланынады. Қазір респулбикамьпда қоректілердің 60-тан астам түрі кәсіптік маңызда ауланып, халық шаруашылығына айтарлықтай үлес қосуда. Мысалы, Қазақстанда 1955 жылдан бері 4 млн. астам ақбөкен ауланып, одан 70 000 тонна ет өндірілсе, соңғы 40 жыл ішінде республикамызда 32 млн. жуық ондатр терісі дайындалған екен. Жалпы алғанда Қазақстан жыл сайын тек еліміздегі аң терісі өнімінің 14-16% беріп, аң шаруашылығының бұл саласында РСФСР-ден кейінгі екінші орынды алады.

Дәмді ет беретін ақбөкен, таутеке, бұлан, елік, марал және жабайы шошқа сияқты жануарлар кәсіптік мақсатта ауланып, тиісті қажеттерге жаратылады. Сол сияқты кәсіптік маңызы бар — кеміргіштер, қояндар, жыртқыштар, су жануарларын кит тәрізділер мен тюленьдер жатады.

Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту мақсатында биотехникалық шараларды жүргізеді: азықтық жәңе панасы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша азықтандыру, су тасығанда немесе басқа да дүлей табиғаттың апатынан сақтау, құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру, тұз жануарларының ауруларымен және паразиттерімен күресу. Осы аталған жұмыстарды жүргізуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана аңшылық шаруашылығының жұмысы алға баспақ. Республикамызда аңшылық шаруашылығының жұмысын дұрыс жүргізу мен ұйымдастыру жауапкершілігі мемлекет тарапынан ҚР экология ж/е биоресурстар министрлігіне жүктелген. Ол өзінің өкілеттілігіне қарай республика территориясында аң аулаудан әдісің, мерзімін және аулайтын аң түрін белгілейді, жалпы ҚазССР-нің 1981 жылғы 1 августа күшіне енген «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заңының дұрыс орыңдалуын қадағалайды.

Үй малының арғы тегі мен туыстары

Мүйізді ірі қараға ауыл шаруашылығы малының көптеген топтары жатады. Қазіргі үй сиырларының шыққан тегі түр деп аталады. Кезінде ол негізінен Европада кең таралған. Сібір, Қытай, Солтүстік Африка, Сирия, Палестинада да кездескен. Тур деген жабайы сиырды қолға асырап, үйреткеннен кейін үй сиыры пайда болған. Оған дәлел — ертедегі жер асты казбаларынан табылған сүйектердің қаңқаларын үй сиырының сүйектерімен салыстырғанда жабайы сиыр тұқымынан екендігі анықталған. Зерттеп анықтау барысында олардың сүйектері бір-бірімен өте ұқсастығы білінген.

Тур туралы арнайы әдебиеттерде біршама толық мағлұматтар бар. Тyp шағын топ (8-10) болып сазды, далалы, өзен бойында тіршілік еткен. Тур тұқымының ең ақырғы жабайы сиыры 1627 жылы Полынада өлген. Тур өте күшті, зор денелі (салмағы 800-1200 кт, шоқтығының биіктігі 2 м дейін жетеді), шаңырақ мүйізді, қара қоңыр түсті мал. Ғалымдар турда үш түрге бөледі: европалық, азиялық, африкалық. С.Боголюбскийдің пікірінше, жабайы сиырды қолға үйрету басында бір-бірімен байланыссыз Африка мен Азияда қатар жүргізілгені туралы деректер көп. Қазіргі уақытта Жер жүзінде ірі қара малының 300-ден астам әр түрлі тұқымы белгілі, оның 50-ге жуығы ТМД-да өсіріледі.

Қодас (як). Биік таудың малы. Отаны Тибет болып есептеледі. Жабайы және қолға үйретілген түрінде де кездеседі. Денесінің төменгі жағы (бүйірі, бауыры, бөксесі) ұзын салалы түкті келеді. Бұл оның басты ерекшелігі. Бүйір жүндерінің ұзындығы 70-90 см-ге жетеді. Шоқтығы тұсындағы арқа омыртқаларының өсінділері тым ұзын келеді. Басы үлкен мүйізі ұзын, әрі жұмыр болады. Түсі қара қоңыр, қара. Бұқалары 340-400 кт аналықтары 230-280 кт салмақ тартады. Сүті аз (500 кт-ға дейін), бірақ майлы (7-9%). Қодас таулы жерде жүк тасуға өте қолайлы көлік.

Қодас пен үй сиыры буданының еркегі тұқым бермейді де, ұрғашысы тұқым береді. Екінші және үшінші ұрпақ будандарының сүттілігі біршама жоғары (майлылығы 5-5,5%), 2500 кт дейін сүт береді және еттілік қасиеттері жақсы жетілген. Дүние жүзінде 10 млн. жуық қодас бар, оның 40 мыңға жуығы ТМД-да.

Бизон. Екі түрі бар: америка және европа бизоны немесе зубр. Бизондар қолға үйретілмеген. Казіргі уақытта саны өте аз.

Зубр. Ірі денелі мал, еркегі 800-1000 кт, ұрғашылары 600-700 кт салмақ тартады, шоқтығының биіктігі 2 м, басы үлкен, мойыны жуан әрі қысқа және жүндес. Негізінен орманды жерді мекендейді. Жаңа сиыр тұқымдарын шығару үшін маңызы зор. Америкалық бизон европалыққа қарағанда кішілеу — еркегінің салмағы 700 кт, ұрғашысынікі 450-500 кт. Еттілік қасиеті жақсы жетілген. Бифало атты жаңа етті сиыр тұқымын шығаруға қатысты.

Қой. Үй жануарларының ең көп түрлерінің бірі. Қой малы басқа үй хайуанаттарымен салыстырғанда қолға ерте үйретілген. Көптеген әдебиеттердегі деректерге қарағанда қойдың қолға үйреніп, үй малына айналғанына біздің дәуірімізге дейін 6-8 мың жыл өткен. Осыншама өткен ұзақ мерзім және қазіргі қой тұқымдарының сапа жағынан көп түрлілігі қойдың тегін анықтауға көптеген қиындық туғызады. Соңғы цитогенетикалық зерттеулердің негізінде үй қойларының арғы тегіне қазіргі уақытта кездесетін муфлон, аркар, аргали (арқар) атты жабайы қойлар жатады.

Муфлон — жабайы қойлардың ішіндегі ең ұсағы Жерорта теңізінің Сардиния мен Корсика аралдарында, күнгей Кавказдың таулы аудаңдарында, Иран мен Турция жерлерінде мекендейді. Муфлонның салмағы 50 кт-ға дейін, тұқымның ұзындығы 120 см, биіктігі 65-70 см, құйрығының ұзындығы 10 см шамасында, түсі қара бурылдау, қылшық тым ірі, түбіті қысқа. Үй қойларымен өсімтал будан береді. Совет Одағында муфлонның Қырғыз қорығы мен Украина қорығы — Асканияда ұстайды. Муфлоннан солтүстік қысқа құйрықты қойлары тараған деп есептейді.

Арқар — ұзын, жіңішке құйрықты және ұзын, майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегі деп есептелінеді. Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы далалы аймақтың үстіртінде, Қазақстанның Орта Азия таулы аймақтарында кездеседі. Арқар түсі, сыртқы түрі жағынан муфлонға ұқсас, бірақ одан ілгерірек.

Аргали (аркар) — құйрықты қойлардың арғы тегі қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кт, ірілерінікі 240 кт-ға дейін барады. Орта және Орталық Азияның, Сібірдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, Қазақстанның шығыс және солтүстік Шығысындағы тауларында бәрінде, Сарыарқа, Ұлытау, Қаратау, Шу, Іле тауларында да кездеседі. Көбінесе тау аңғарындағы жыңғыл, бұталардың арасын, жазда таудың биік жерлерін, қыста күнгей беткейін мекендейді. Құлжасының (қошқарының) мүйізі ірі, түбі жалпақ, дене түгі сұр бурыл, қылшық жүнді. Арқар көбіне егіз қоздайды. Үй қойларымен будандастырғанда тұқым беретін ұрпақ туады. Биязы жүнді прекос қойымен будандастыру арқыл қазақтың арқармеринос атты қой тұқым шығарылады. Қой түлігінін жабайы тұқымдастарына қар қойы немесе жуан-мүйіз (толсторог), нахур және жалды қой жатады.

Жылқы. Жылқы тұқымдастары тақ тұяқтылар отрядына жатады. Жылқы: есек, құлан, зебр және қазіргі жылқы болып төрт туысқа бөлінеді. Олардың ішіндегі екі түрі — жылқы мен есек қана қолға ұйретіліп, үй малына айналған. Қазба қалдықтары жылқының біздің дәуірімізден 7000-6000 жыл бұрын Азия, Африка және Европада қолға үйретілгенін дәлелдейді. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша жылқының шыққан тегі — Пржевальский жылқысы. Ол қазіргі уақытта да Монголияның ішкі құмдарында кездеседі. Ең алғаш рет оларды орыс ғалымы Н.Пржевальский Азияда (Гоби шөлінде) 1879 жылы кездестірген. Пржевальский жылқысының бойы аласа, жатаған (шоқтығының биіктігі 124-130 см). Тұрқы қысқа, басы үлкен келіксіз, шұнақ құлақ, мойыны жуан әрі қысқа, аяқтарын жіңішке. Түсі негізінен құла. Пржевальский жылқысының үй жылқысынен шағылыстырылса өсімтал будан алынады. Қазіргі жылқының екінші жабайы тегіне өткен ғасырда жойылып кеткен тарпаңды жатқызады. Ол кезінде еліміздің европалық бөлігінде көп кездескен.

Есек — шамамен біздің дәуірімізден 6000-5000 жыл бұрын Африкада қолға үйретіліп, кейін Азия мен Европаға кең таратылған. Жабайы есектер қазіргі уақытта тек ғана Африкада кездеседі. Есектер аса бір күтімді қажет етпейді, төзімді. Жүк тасуға және көлік ретінде пайдалануға, әсіресе таулы аудандарда өте құнды мал. Үй жылқыларымен шағылысады, бірақ алынған будан ұрпақ бермейді.

Шошқа. Қолға үйретілген негізгі орындарында Азия, Европа және Жерорта теңізі жағалауы жатады. Осыған байланысты қазіргі шошқа тұқымдарының үш жабайы тегі бар. Олар — европалық, шығыс-азиялық, және Жерорта теңіздік жабайы шошқалар. Европалық жабайы шошқалар олардың ішіндегі ең ірісі. Қабанның салмағы 350 кт-ға дейін барады, шоқтығының биіктігі 9-10 см, бас сүйегі ұзын, түзу келеді. Шығыс-азиялық жабайы шошқа европалық шошқаға қарағанда ұсақ, бас сүйегі қысқа және тұмсығы ойыстау келеді. Жерорта теңіздік жабайы шошқадан қазіргі неополитан, Италия шошқалары тараған деп есептеледі. Жерорта теңіздік жабайы шошқаның өз тегі будан шалыс.

Ешкі — ежелгі үй жануарлары. Неолит дәуірінде пайда болған. Оған дәлел — Ашхабад маңында қазылған қазбалардың ішінен ешкі сүйегі табылған. Профессор Адамецтің айтуына қарағанда, ешкі батыста Балған түбегінен шығыста Гималайға дейін созылып жатқан таулы өңірде қолға үйретілген. Ең алдымен қарлы мүйізді жабайы ешкіден Балкан, Швейцариядағы велиска, Түркиядағы ангор ешкілерінін тұқымдары шыққан деп есептеледі. Қазіргі ешкілердің ата-тегіне Гималай және Тәжікстан тауларында кездесетін қырлы (сүйір) мүйізді жабайы теке — меркул, Кавказда кездесетін Күнгей Кавказдың жабайы тұқыл ешкісі жатады.

Түйе. Египет пен Арабиядағы жер асты қазбаларынан табылған құм ыдыстарға, тастарға салынған түйе суреттері мен тастан қашалған осы түліктің мүсіндерін зерттеген ғалымдар, олар біздің дәуірімізден бас мың жыл бұрын жасалған деп дәлелденген. Ендеше түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америкадан деп саналады. Сондықтан аталмыш түліктің арғы тегі Солтүстік Америкада пайда болып, содан басқа жерлерге таралған. Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азияда, Батыс Америкада да бар. Түйенің екі түрі бар. Оның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар еркеш түйе). Қос өркештің таза қандысын — бактриан, нардың таза қандысын — дромадер деп атайды. Түйе ірі, күшті төзімді жануар. Салмағы 700-800 кт бактрианның биіктігі (өркешінің арасынан) 178 см; тұрқы 158 см-дей, жүні қара қоңыр, дромадерлердің биіктігі (шоқтығынан) 210 см, тұрқы 155 см-дей жүнінің түсі қызыл сүр келеді.