Ормаңдарда тіршілік етуге бейімделген онша үлкен емес жануар. Маймылдардан айырмашылығы бұлардың ми сауыты кіші жөне бас сүйегінің бет бөлімі алға қарай шығыңқы болады. Ми жарты шарлары нашар жетілген, мишықты жауып тұра алмайды, ми иректері болмайды. Иіс сезу аймағы жақсы дамыған. Көз ұясы алдына қарай емес, бүйіріне қарай бағытталған. Лемурлардың саусақтары да маймылдардың саусақтары сияқты затты ұстауға бейімделген. Жатыны екі тарамды. Әдетте олар бір ғана бала туады. Түнде тіршілік етеді. Өсімдіктермен, насекомдармен, әртүрлі заттармен қоректенеді. Олар Оңтүстік Азияда, Африкада және Мадагаскарда ғана тараған. Олар қарапайым насеком қоректілерден шыққан. Отряд екі отряд тармағына бөлінген: нағыз лемурлар және ұзынсирақтылар.
Маймылдар немесе приматтар отряды (Primates)
Бұл отрядкз эволюциялық дамудың жоғары сатысында тұрған сүтқоректі жануарлар — маймылдар жатады, бұған адам да жатады. Бұлардың көз шарасы алдыңғы жағына караган, басбармақ (бірінші саусақ) ұстауға икемделіп, басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Бұл отрядтың өкілдерінің бас миы басқа сүтқоректілердің миынан анағұрлым үлкен болады, әсіресе алдыңғы миы ерекше дамыған, әрі оның иректері айқын байқалады. Кеудесінде бір жұп емшегі бар, жатыны қарапайым, әдетте бір ғана бала туады. Иіс сезімі нашар дамыған, көзі жақсы көреді. Маймылдардың көпшілігі ормаңдарда тіршілік етеді. Өсімдік тектес азықтармен көбінесе жемістермен қоректенеді. Азық талғамай қорекенетін түрлері де бар. Барлығы күндіз тіршілік етеді.
Приматтар отрады екіге бөлінеді: кең танаулы және тар танаулы маймылдар.
Кең танаулы маймылдар отряды (Platyrrһim). Пішіні орташа, ағаш басында тіршілік ететін жануар. Әртүрлі заттармен қоректенеді. Оларға ойнампаздар, өрмекші тәрізді маймылдар, ревундар т.б. жатады. Танау тесігінің ортасында оны екіге бөліп тұратын пердесі болады. Құйрығы ұзын болады. Маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған.
Tap танаулы маймылдар отряд тармағы (Catarrini). Олар ағаш басында кейбір түрлері жерде тіршілік ететін дене пішіні әртүрлі жануарлар. Құйрығы қармалағыш қызметін атқарады, кейбір түрлерінде мүлдем жойылып кеткен. Танауының пердесі жұқа және танауы денесінің алдына қарай бағытталған. Қазір олар Африкада, Оңтүстік Азияда мекендейді.
Бұл отряд тармағы үш тұқымдасқа бөлінеді: мартышка тәрізділер (мартышкалар, павиаңдар, макакалар т.б.), гиббондар және адам тәрізді маймылдар (орангутан, горилла, шиппанзе).
Мартышка тәрізді маймылдар (Cereopithecidae) ұзын құйрықты, жамбас сірісі (мазоли). Ұрт қалтасы жақсы жетілген.
Мартышка тәрізді маймылдардың миы басқалармен салыстырғанда үлкен емес, жағында ұрт қалтасы, денесінің арт жағында жүнсіз тықыр тері мүйізденген шонданайы болады. Денесінің басқа жері мен ұзын құйрығы қалың түкті болып келеді.
Мартышкалар троптиктік Африкада өзен-көлдерге жақын орман арасын мекендейді. Ағаштың бұтақтарынан ұстап бір ағаштан екінші ағашқа секіріп жүреді. Сондықтан мартышкаларды төрт аяқ қолдылар деп атайды. Ағаштан жерге түскен маймылдар алақанымен және табаңдарымен аяқ-қолдарымен жүгіреді. Саусақтарының ұшында адамдікі сияқты тырнақтары бар.
Мартышкалар ағаштың әртүрлі жемістерін қорек етеді. Құстың жұмыртқасы мен насекомдар табылса, олармен де қоректенеді. Тамақты алдыңғы қол-аяғымен ұстап жейді. Бұлардың аяқ-қолдары ұзын, тізесінен төмен түсіп тұрады. Мартышканың тістері де адам тістері сияқты, бірақ сондай-ақ тістері үлкендей болып келеді.
Мартышкалар топтанып жүріп тіршілік етеді, олардың арасында қарт жетекшісі болады. Топтанған семьясымен жүру маймылдардың тіршілігіне пайдалы, бұл әсіресе жауларынан сақтанғанда және жем тауып алуына қолайлы. Кей жерлерде олар өсімдікті жеп құрытып зиян келтіреді.
Жоғарыдай айтылғандай маймылдардың тіршілік етуі мидың жақсы жетілуіне байланысты. Мартышкалардың ұрғашысы жылына бір немесе екі бала табады.
Гиббондар (Hylobatidae). Бұлар мартышкалар мен адам тәрізді маймылдардың арасынан аралық орын алатын маймыл. Денесінің үлкендігі орташа алдыңғы қол-аяғы өте ұзын, сондықтан ағаштың бұтағын ұстап бір ағаштан екінші ағашқа жақсы секіреді. Құйрығы және ұрт қалтасы болмайды. Кішкентай мүйізденген шонданайы бар. Денесінің жалпы құрылысы, әсіресе миы адам тәріздес маймылдарға ұқсас. Гиббонның бернеше түрлері бар, олар Оңтүстік Азиада кездеседі.
Адам тәрізді маймылдар (Antropomorphidae). Олар жақсы жетілген, төрт аяқты, омыртқалы жануарлардың ішінде эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысында тұрады. Сондықтан мидың құрылысы өте күрделі және көптеген иректері бар. Денесі үлкен, қалың жүнді, бұлшық етті, бірақ беті адамдікі сияқты жүнсіз. Алдыңғы аяқтары ұзын, күшті, ол созылған жағдайдағы күйінде тізесінен төмен түсіп тұрады. Алақанында және табанында түгі болмайды. Көзі бетінің алдыңғы жағына орналасқан. Ұрт қалтасы жоқ. Соқыр ішегі бар. Адам тәрізді маймылдар үш түрге бөлінеді; орангутан, шимпанзе және горилла.
Орангуттанның жағы сопақ алдыңғы аяғы өте ұзын, құлағы кішкентай, он екі жұп қабырғасы бар және үш жұп құйрық омыртқасы бар. Орангутан Калимантан және Суматра аралдарының ормаңдарында кездеседі. Өмірі ағаш бұталардың арасында өтеді. Олар күн батардың алдында ағаш басына ағаштың бұтақтары мен жапырақтарынан ұйықтайтын ұя салады. Жерге анда-санда болмаса түспейді.
Шимпанзе басқарлармен салыстырғанда, оның бойы кішкене, қолы қысқарақ, басы домалақтау, құлағы үлкенірек адамдікі сияқты. Шимпанзелер — Африканың тропикалық орманында кездеседі. Әдетте күндіз жерде тіршілік етіп, түнде ағаштың басына шығып түнейді. Шимпанзелер орангутаңдар сияқты семьясымен топтанып жүріп тіршілік етеді. Бұларда тамақты алдыңғы аяқ-қолдарымен алып жейді. Негізгі қорегі жаңғақ, ағаштың жас жапырағы мен бүршіктері және құстың жұмыртқасы мен насекомдар.
Горилла адам тәрізді маймылдардың арасындағы ең үлкені (бойы 2 м). Алдыңғы аяқ-қолы ұзын, құлағы да орташа, қабырғалары да 13 жұп. Тропикалық Африканың ормаңдарында тіршілік етеді, бұлардың ағашпен байланысы азырақ, көбірек уақытын жерде жерде өткізеді.
Маймылдар немесе приматтар отрядына жататын адамдардың миы тәрізді маймылдардікінен үш есе үлкен, жақтары мен тістері нашарлау жетілген нәзік, бірақ тілге байланысты иек жақсы жетілген. Тері жүнінің жойылып кеткен. Адамның тік жүруіне байланысты, бас сүйек бірінші мойын омыртқамен қосылады, омыртқа қоспалары түзеліп үш ақ иін (мойынында, кеудеде және белде) артқы аяғы табанымен барып бітеді. Сондықтан аяқтары жүгіргенде миға қозғалыс әсерін тигізбейді. Адамның тік жүруіне байланысты жамбас белдеуде өзгешелік болады. Адамның алдыңғы аяғы қолға айналып, олар созғанда тізесіне жетпейді.
Сөйтіп, адамдар сүтқоректі жануарлар, ол сүтқоректілер класының приматтар отрядына жатады. Бірақ, адамның ерекшелігі тек зоологиялық систематикасымен ғана белгіленбейді. Оның эволюциялық дамудың жоғарғы сатысынан орын алудың негізгі себебі қоғам жағдайына байланысты еңбек пен сөйлеудің дамуы.