Қазіргі уақытта тұяқты сүтқоректілерді бес отрядқа бөледі: дамаңдар, пілдер, сирендер, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Жоғарыда айтылған отрядтар, насекомқоректілерге жақын көне жыртқыш сүтқоректілерден шыққан. Осы бес отрядтың ішінен Қазақстанда кездесетін, оқу бағдарламасында көрсетілген жұптұяқтылар мен тақтұқяқтыларды сипаттаймыз.
Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla)
Осы отрядтың өкілдері даратұқтыларға қарағанда көп және бірқатар жерде кездеседі. Көпшілігі сымбатты әсем жануарлар. Үшінші және төртінші саусақтары жақсы жетілген. Бірінші саусағы жойылып кеткен. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген. Үшінші және төртінші саусақтың арасынан аяқтың тірегі өтеді. Бұғаналары жетілмеген.
Тұяқтылардың сүйектеріне қарап аяқтың эволюциясы қалай өзгергенін байқауға болады. Тұяқтылардың саусақтары әр өкілдерінде әртүрлі. Төрт саусақтан екі саусақтыға айналып бара жатқаны байқалады. Шошқа жұпты аяқтыларға жатады, бірақ төрт саусақты. Бұғының да екінші және бесінші саусақтары жетілген, ал сиырда олар жойылып кеткен. Жұптұяқтыларда күрек тістері жойылуға бет алғандығы байқалады. Қарындары қарапайым немесе күрделі болады.
Ішек-қарынның құрылысына байланысты жұптұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді: күйіс қайырмайтындар және күйіс қайыратындар.
Күйіс қайыратын жұптұяқтылар: сиырлар, бұғылар, қойлар, түйелер, жирафтар т.б.. Денесі сымбатты ұзын, терісінің жұқа жүні бар, бірақ терінің астында қалың май қабаты болмайды. Бірқатар жануарларының мүйізі жақсы жетілген, басы сопақтау болып келеді. Жоғары күрек тістері көпшілігінде болмайды, астыңғы ит тісі қашауға ұқсап келеді. Азу тістері шайнауға икемделген, беті жалпақ, эмальмен қаптарланын қапталған. Ал қарынның құрылысы күрделі, ол төрт бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Қарынның бөлімдерінің атқаратын қызметі әртүрлі. Жиылған жем (өсімдіктер) өңеш арқылы үлкен қарынға барып түседі, оның үлкендігі сиырда 150-200 л су сиятындай. Үлкен қарын жұтылған шөпті жұмсартып араластырады. Ұсақталған жем жұмыршаққа барады. Осы екі қарынның ішінде шөптің клетка қабықтары — клетчатка ашыту бактерияларының әсерімен өзгеріске ұшырай бастайды. Біраз уақыттан кейін қарындағы жем кесек-кесек болып лоқсыған кезде ауызға түседі. Мал күйсеген кезде тістердің көмегімен жем тағы одан әрі ұсақталып және түкірік бездері сілекеймен шығарып жем қойыртпақ ботқаға айналғанда қайта жұтады. Сөйтіп, қайта жұтқан жем қатпаршаққа барып түседі. Одан әрі қарынның ақырғы бөлімі ұлтабарға барып түседі. Ал қатпаршақтың және ұлтабардың қабырғасындағы бездер су қорыту шырынын шығарып тұрады. Ұлтабардан ұзын ащы ішек басталады. Ащы ішектің қабырғасындағы ұйқы бездерінің және бауырдың шығарған секреттері әсерінен ас мүлде қорытылып, қанға тарайды. Ал қорытылмай қалған ас тоқ ішекке жиылып барып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.
Олар тек өсімдік тектес азықпен ғана қоректенеді: шөп, өсімдік қабығы, ағаштың әртүрлі мүшелері, жәндектер, қыналарт.б,
Күйіс қайтаратындар тұяқтылардың ішіндегі ерекше бір топ. Негізі ерекшелігі қиын қорытылатын өсімдік тектес азықпен қоректенуінде. Олар табиғатта ашық далада, орманда, тауда т.б. тіршілік орталарында бейімделген. Соның нәтижесінде күйіс қайтаратын жануарлардың саны белгілі дәрежеде кездеседі.
Бұғы тұқымдасы (Cervidae). Дене құрылысы сұлу, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар. Қазақстанда теңбіл марал, бұлан, елік, марал, құдыр кездеседі. Бұларда мүйіз тек еркектерінде болады. Ал солтүстіс бұғысының еркегінде және ұрғашысывда да болады. Марал мен теңбіл маралдардың жас, мүйіздерінен (панты) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады. Дәрі зат алмасу процесін тездетеді. Ол жүрекке, қантамыр жүйесіне, тыныс жолына әсер ететін жақсы сергіткіш дәрі, Қазақстанда панты алу үшін оларды жартылай қолға үйретіп бағып отыр.
Қазір ТМД-да жабайы марал 55-60 мындай болса, соның 15-20 мыңы біздің республикамызда. Тебіл бұғының негізгі мекендері Қытай, Жапония, Вьетнам және Корея. Бұл елдерде оның пантысын жоғары бағалайды, сондықтан «гүлбұғы» деп аталады.
Құдыр тек Шығыс Қазақстан облысында — Оңтүстік Алтай тауында ғана кездеседі. Құдырдың етінен басқа, мускус деп аталатын затты медицинада және парфюмерияда қолданылады. Мускус — құдыр текесінің арнайы безінен алынатын күрделі құрамы, жұпар иісті зат. Құдырдың саны республикамызда әлі де аз және сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынған.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Cavicornia). Бұлардың бұтақтанбаған маңдай сүйегінің өсіндісі қуыс мүйізді болады. Ұрғашыларының көпшілігінде мүйіз болмайды, болса еркегінің мүйіздерінен кіші болады. Бұл тұқымдастың жабайы түрлері мыналар: қарақұйрық, ақбөкен, муфлон, архар, тау ешкісі (таутеке).
Қарақұйрық. Қазақстаннның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Соңғы уақытта қарақұйрық Үстіртте, Бетпақ далада, Зайсан ойпатында, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік, Атырау құмдарында бар. Осы аталған жерлерде қарақұйрықтың саны өте мардымсыз. Сондықтан келешекте саны көбею үшін қорғауға алып, атуға тиым салынуы қажет.
Ақбөкен. Қазіргі кезеңде республикамыздың шөл-шөлейтті далаларында таралған. Ол Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Атырау және Орал, Қостанай және Ақмола облыстарының жерінде мекеңдейді. Аса бағалы ақбөкен қазір халқымыздың ет өндіру кажетін өтеу жөнінде елеулі бір резервке айналды. Бұған қоса оның мүйізінің емдік қасиеті бар. Одан пантокрин тәрізді дәрі алынады.
Муфлон немесе үстірт арқары. Республикамызда Маңғыстау түбегі мен Үстіртте таралған. Сан мөлшері өте аз, сондықтан ол қорғауға алынған.
Таутеке. Республикамыздың таулы аудаңдарын ерте заманнан-ақ мекендеп келе жатқан аша тұяқты жануарлардың бірі. Таутеке еті мен терісі үшін ауланады.
Арқар. Қазақстанда Тянь-Шань тауының батыс сілімдері, Іле мен Жоңғар алатаулар және орталық Қазақтан тауларында кездеседі. Арқардың санының азаюына байланысты қорғауға алынған. Қыста бірнешеуі бірігіп топтасып жүреді. Арқардан үй қойларының жаңа тұқымдарын шығарады.
Жабайы өгіздер. Қазіргі кезде Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық және Африкалық Буйволдар, Үндістанда — бантенг, гаял және гауыр жатады. Бұлар орманда және бұталы жерлерде мекендейді. Орталық Азияда Қырғызстанда жүндес Як (қодас), Солтүстік Америкада — бизон, ал ТМД-да Белорусияда зубр деген бір ғана түрі кездеседі.
Бантенг, гаял, буйвол, кодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Түр — осы заманғы көптеген мүйізді ірі қараның арғы тегі болып саналады.
Күйіс қайтармайтын жұп тұяқталар: шошқалар мен бегемоттар, сырт қарағанда өңсіз, сирағы қысқа болып көрінеді. Терісі қалың және сирек қалшық жүндері бар. Терісінің астында қалың майы болады, мүйіздері жоқ. Бас сүйегі сопақ, ал тістері әртүрлі азықпен қоректенуге бейімделген, Жабайы және уй шошқасының өсімдіктердің тамырын суырып алатын сойдық тістері болады. Еркегінде олар жоғары қарай қайқайып аузынан шығып тұрады және жауынан қорғанып, басқа жануарларға шабуыл жасағанда көп пайдасын тигізеді. Азу тістері сиырлардікіндей емес бұдыр келеді, сондықтан шошқа өсімдіктерді де жануарлар тектес азықты да шайнап жей береді. Қарыны қарапайым, сондықтан күйіс қайтармайды. Түр жағынан саны аз болса да, олар күйіс қайтаратын, жануарларға қарағанда жер бетінде өте кең тараған.
Шошқа тұқымдасы (Suidae) өкілінің дүние жүзінде көп түрі кездеседі. Ал ТМД-да бір-ақ түрі кездеседі, жабайы шошқа — қабан. Сол жабайы шошқадай осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көп түрлері шыққан. Бұлар қамысты тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді, өсімтал. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартып, өсімтал түрлері шығарылған.
Бегемот тұқымдас (Hippopotamus) — ірі, жалаңаш терлі, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар құрлыққа өте сирек шығады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Бегемоттар тропикалық Африкада тараған. Бұл тұқымдасқа Африкада кездесетін екі түрі жатады. Бірі гиппопотам — тіршілігі суда өтеді, екіншісі ергежейлі бегемот тропикалық ормаңдардың өзен жағасында тіршілік етеді. Екеуі де өсімдік тектес азықпен қоректенеді.
Көп уақытқа дейін бұл отрядтың өкілдерін жұпаяқтыларға жатқызып келді. Бұл отрядқа түйелер мен ламалар жатады. Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұпаяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар.
Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің, нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.
Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыңамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Азербайжанда, Қазақстанда, Орта Азия елдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады.
Ламалар тек кана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі — гуанока және викунья белгілі.
Тақтұяқтылар отряды (Perisspdactyla)
Бұл түяқтылар бір кездерде саны көп, кең таралған жануарлар еді. Қазір сол көп түрден тек тапирлер, мүйіз тұмсықтар және жылқылар ғана қалды. Олардың саусақтары түрлі топтарында түрліше. Талирде алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғы үш саусақты, мүйіз тұмсықтарда барлық аяқтары үш саусақты, ал жылқыларда бір саусақты.
Тапирлер тұқымдасы (Tapiridae) — қазіргі тақтұяқтылардың ішіндегі ең қарапайымы. Орман ішінде тіршілік етеді, өсімдіктермен қоректендеі. Олар Орталық және Оңтүстік Америкада және Оңтүстік-Шығыс Азияда сақталған.
Мүйіз тұмсықтар тұқымдасы (Rhinocerotidae) — ірі жануар, терісі қалың, жүні жоқ жалаңаш (салмағы 2 т, ұзындығы 5 м). Маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі мүйізі болады. Олар Оңтүстік Азия мен Африкада тіршілік етеді.
Жылықлар тұқымдасы (Equidae) — ашық далалы жерлерде, шөлейтті жерлерде тіршілік етеді, так тұяқтылардың ішіндегі прогрессивті топ. Бұларға жататындардың тек ортаңғы саусағы (үшінші саусақ) жақсы дамыған, оның сыртын мүйіз тұяқ жауып тұрады. Ал басқа саусақтар жойылып кеткен немесе нашар дамыған (мысалы, мүйіз тұмсықтыларда). Жылқылар тұқымдасының өкілі үй жылқысы, есектер, зебрлер, құлаңдар.
Жылқы — шөппен қоректенетін жануар, сондықтан тістері және ішектері де шөппен қореткенуге икемделген. Жылқының басы сопақ, үстіңгі және астыңғы саны бірдей алтыдан күрек тістері бар. Күрек тістері жақсы жетілген, өткір болады, шөпті осы тістерімен жұлып жейді. Ал күрек тістерімен азу тістерінің араларында болатын кішкене сойдақ тістің шөп жеуге пайдасы болмайды. Әрбір жақ сүйегінде саны бірдей алтыдан болатын азу тістері бар, олардың үсті қатты эмаль қатпарларымен қапталған және беті төрт бұрышты өткір қырлы болып келеді. Жылқылар шөпті, жемді осы тістерімен шайнап сілекеймен сулап жұтады. Жылқының қарны да үлкен болады, бірақ күйіс қайыратын жануарлардікіндей төртке бөлінбейді. Жылқыда бүйен жақсы жетілген.
Қазіргі жылқылар туысына төрт түрі жатады. Зебр немесе жолақты ат (E.hipptigris). Бұл жануарлар Африканың ашық далалы жерлерін мекендейді. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есек (Equus asinus) — түсі біркелкі, құлағы ұзын, құйрығы зебрдікіндей. Жабайы есектер Эфиопияның солтүстігінде, Сомалиде және Эритриде сақталған. Үй есектері солардан шыққан.
Құлаңдар мен онагрлар — Equus hemionus — оларды жиірек есектерге ұқсатады, көпшілік ғалымдар жылқының қарапайым түрі деп те атайды. Түсі ашық, құлағы қыска, Азияның шөлейтті жерлерінде (Түркмения, Иран, Ауғанстан, Монғолия, Қытай, Тибет, Батыс Индия т.б.) кездеседі.
Нағыз жылқылар — Equus prgewalskii. Олардың түсі біркелкі болады. Құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Атақты саяхатшы Н.М.Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның далаларын мекендейді.
Пржевальский жылқысына ұқсас жабайы жылқының бір түрі тарпан (E.gmelini) Украина жерінде осыдан жүз жыл бұрын құрыған.