Сүтқоректірлердің ішкі құрылысы

Нерв жүйесі. Сүтқоректілердің нерв жүйесі өте күрделі. Олардың миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары мен мишыктың көлемді болуына байланысты, ал олар сүтқоректілердің неше түрлі қимылдар жасауына мүмкіндік береді. Алдыңғы ми сауыттарының қыртысы тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Баста 12 жұп нерв жүйесі бар.

Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің тіршілік әрекетіне қарай жақсы дамыған. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Осы мүшелердің көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын бірін-бірі іздеп табады.

Есту мүшелері жақсы жетілген. Оларға сыртқұ құлақ (құлақ қалқаны), ортаңғы және ішкі құлақ енеді. Ортаңғы құлақ қуысында үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Ішкі құлақтың қарылысындағы бір көңіл аударатын нәрсе, улитканың каналында керіліп жатқан мыңдаған жіңішке талшық — кортьев мүшесінің болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп, жануарлардың нәзік дыбысты естуін қамтамасыз етеді.

Көру мүшесі. Сүтқоректілердің көздері омыртқалылардың көз құрылысына ұқсас. Оларда жоғарғы және төменгі қабағы жақсы дамыған. Аңдарда көздің көру қабілеті құстардікінен нашар.

Сүтқоректілердің дене қуысының айырмашылығы сол, ол диафрагма арқыны бөлінген кеуде қуысы және құрсақ қуысынан тұрады. Кеуде қуысында жүрек пен өкпе жатса, ал құрсақ қуысында — қарын, ішек, бауыр, бүйрек тағы басқа мүшелер болады.

Ас қорыту мүшелері — күрделі және бірнеше бөлімнен тұрады. Ол ауыз қуысынан басталады. Қоректік заттар үстіңгі және астыңғы жақтарға орналасқан тістерден және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Сүтқоректілердің тістері — күрек тістер, шошақ тістері жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Олардың азу тістері өте үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген.

Төмендегі жақ сүйегінің арасында етті тіл орналасқан. Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналаскан. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінде өңеш тесігі жалғасады. Ауыз қуысында сілекей бездерінің түтіктері ашылып көмірсутек қосылыстардың крахмал мен қантқа ыдырауына себебін тигізеді.

Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі мен құрылысы қоректік заттардың түріне қарай әрбір түрде түрліше болады.

Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылысты. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үлкен қарын; 2) жұмыршақ қарын; 3) жалбыршақ қарын; 4) ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда — ауызға келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. Нағыз ішек — аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал жануар тектес азықтармен қоректенетіндеріне қысқа болады.

Сүтқоректілердің астың қорытылуында бауырдан бөлінетін өттің, сол сияқты ұйқы безінің және ішек қабырғасында орналасқан бездердің әсері зор.

Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі тыныс алатын көмекей, кеңірдек, бронхылар және өкпе. Кеңірдек көмекейден басталып жұтқыншаққа ашылады. Ауа танау тесіктері арқылы кіріп жылынады және әртүрлі қатты заттар қосылысынан тазартылады. Таңдайдың жақсы жетілуіне байланысты ауа жүретін жол ауыз қуысынан жекеленген, көкірек қуысында кеңірдек екі бронхыға бөлініп өкпеге енеді. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлініп, жұқа қабырғалы кепіршіктер — альвеолдарды түзеді. Альвеолдар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіп тұрады. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына көкірек қуысының кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып өкпеден газдың шығуына себепші қабырғаларды көтеретін қабырға аралық еттермен көк еттің (диафрагманың) үлкен әсері бар.

Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі зат алмасу процесінің өркендеуіне байланысты төрт бөлімнен екі жүрекшеден, екі қарыншадан тұрады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толық бөлінген. Сондықтан, сүтқоректілердің артерия қаңдары вена қаңдарынан толық бөлінген. Демек, олардың барлық дене мүшелері оттегіне қаныққан бай артерия қаңдарын қабылдайды. Жүректің атқаратын қызметінің көлеміне қарай тамырлары жақсы дамыған. Басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда жүректің қызметін нервпен қамтамасыз ету жоғарғы дәрежеде дамыған. Дененің барлық бөліктері қоректік заттармен және оттегімен жабдықталған және диссимиляция қалдықтарынан да тез босайды.

Олардың эритроциттерінің құрылысы өзінше сипат алады. Эритроциттері кішкентай ядролары болмайды. Сондықтан олар өте көп мөлшерде кездеседі (1 куб мм миллиондап болады). Соның арқасында эритороциттердің бет көлемі артып оттегін сіңіретін жалпы аумағы артады.

Сүтқоректілердің қаны суық жануарлардікіне қарағанда тез ұйиды. Ол жануарлардың жарақаттанған кезінде қанның көп ақпай, тез тоқтауына әсерін тигізеді.

Қан айналу жүйесі кіші және үлкен қан айналым шеңберінен тұрады. Қан жасап шығарушы мүше — көкбауыр (талак) болады.

Зәр шығару мүшелері. Сүтқоректілердің бүйрегі мықын бүйрегі деп аталады. Қосмекенділерге, балықтарға тән дене бүйрегі эмбрионалдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүтқоректілердің метанефридиалық бүйрегі бұршақ пішінді болады. Ол бел маңайындағы омыртқалар жотасының екі қапталында орналаскан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағаралар шығын, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп түтігі арқылы сыртқа шығады. Клоакалы сүтқоректілердің несеп жолы несеп — жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтың несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады.

Көбеюі. Сүтқоректілердің көбеюі басқа жануарлардың көбею мүшелерінен ерекше болады. Ең негізгі бір сипаты артқа ішектен жыныс жолдарының толық бөлінуі.

Аталық жыныс мүшелері. Сүтқоректілердір аталық жыныс бездері алғаш дене қуысында болады да, есейген шағында төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен (мошонка) қалтасының ішіне орналасады. Аталық жыныс безіне беттесе орналасқан — ен сабағы болады. Ен сабағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген каналдардан тұрады. Ол шағылыс мүшесінің түп жағынан келіп несеп шығаратын немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.

Шағылыс мүшесінің түп жағында бір жүп бездері болады. Бұны предстательдік без деп атайды. Бұл бездің де жолы тұқым-несеп каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің геперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтықтарды осы без бөліп шығарады. Предстатрльдік және тұкым көпіршік бездерінен бөлінген секреттер сперматозоидтардың қозғалысын шапшандатады.

Аналық жыныс мүшелері. Дене қуысында орналасқан жұп аналық жыныс безінен, бір жұп жұмыртқа жолынан, жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімі фаллопиев түтігінен, жатын мен қынаптан тұрады. Сүтқоректілердің жатындары бәрінде бірдей болмайды. Кейбір сүтқоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына дербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды қос жатын деп атайды.

Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қысылып — екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жаныдарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан — екі мүйізді жатын пайда болады. Пирматтардың, жарқанаттардың, адамдардың екі жатыны да қосылып дара қарапайым болады.

Сүтқоректілердің кейбіреулері — полигамды болады, демек бір еркегі табынның қожасы болып, сол тобындағы барлық ұрғашы жануарларды ұрықтандырады (мысалы, ақбөкендер, жылқылар т.б.). Екінші біреулер — моногамды болады, демек олар жұптасып тіршілік етеді (мысалы, түлкілер, қасқырлар т.б.). Әрине, олар бір маусымда ғана жұптасуы немесе өмірінің ұзақ жылдарында жұптасып тіршілік етуі ықтимал.

Ұрық орны. Барлық сүтқоректілер қағанақтыларға (амниотаға) жатады. Өйткені ұрықтың даму барысында оларды ұрық қабығы пайда болады. Қазіргі сүтқоректілер балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Төменгі сатыдағы (ехидна, үйрек тұмсық), қалталылар, нашар дамыған, әлі жетілмеген балаларын туады.

Планцентарлы сүтқоректілерде сероздың бет жағында өсінділер пайда болады да, ол борпылдақ дене хорионға айналады. Хорионның бір бөлігі жатынның жұмсақ ұлпаларымен жабыса өсіп күрделі мүше ұрық орны немесе плацента пайда болады. Хорионда да, жатынның жұмсақ ұлпаларында да қан тамырлары өте жақсы дамыған. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өзара ұштасады, бірақ әрқайсысы жеке-жеке жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыңырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.

Дамуы. Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.

Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда, сан жағынан аз бала табады. Ірі сүтқоректілер бір-ақ бала табады.

Қазір дүние жүзінде 4500 сүтқоректілердің түрі бар. Соның 3320 түрі ТМД-да болса, Қазақстанда 178 түрі қолайлы орын тапқан.