8 — отряд: Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын , ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Олар далалы және батпақты жерлердің барлығында кездеседі. Бізде тырналар деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиі кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы 120 см салмағы 6-кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары ширақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, насекомдармен, тышқандармен қоректенеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары. Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.
9- отряд Сутатарлықтар (Rallifomec)
Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары қысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3-12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Бұлар өте көп тараған құстар. Біздің фаунамызда он шақты түрі кездеседі.
- Огряд. Дуадақтар (Otidiformes).
Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарының шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құйымшақ безі болмайы. Аталығында жұтқыншағымен жалғасатын тері қалташасы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фуанада үш түрі кездеседі. Көбірек тараған түрі дуадақ. Салмағы 16 кг болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмытрқаларын тек қана аналығы басады. Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ келеді.
- Огряд. Балшықшылар (Charadriformes).
Бұлардың көпішілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қанаттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200 ге түрі белгілі, бізде оның 50 ден аса түрі кездеседі.
Қызғыштар бізде кең тараған, желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар СССР тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батпақты және сазды көгал желлерге салады.
Чистиктер, көгершіндер, көкектер, тотылар, ешкіемерлер отрядтары
- Отряд. Чистиктер (Alciformes).
Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері де кездеседі. Бұлардың денесі ұзынша мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар.
Балта тұқымдылар — бұлардың тұмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын мекен етеді. Кейде Жаңа Жердің және Мурманскінің жағалауында да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жұмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерді өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.
- Отряд. Көгершіндер(Columbiformes).
Көгершіндер орманды кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа құстар. Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзінде тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы 300 дей түрі белгілі. ТМД елдерінде 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух, вяхирь, иығында және мойнының бүйір белімінде ақ дақтары болады.
Осы кездегі Көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шептесін заттардан салады. Ұясында 1-2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын аталығы да аналығы да кезектесіп басады. Жұмыртқадан 14-30 күн аралығында балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дендері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап құрттарды және жұлдыз құрттарын да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зияндарын тигізеді.
- Отряд. Көкектер (Cuciliformes).
Бұл отрядқа көкектердің 200 ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірінде кездесетн ағашты және бұталы жердің құстары. Аздаған түрлері өздеріне ұя салады және жұмыртқасын басады. Көпшілігі ұя салып жұмыртқа басу инстинтігін жоғалтқан. Мысалы: қаршыға, көкек деген Шығыс Азияда мекендейтін түрі жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді.
Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмыртқасының түсі ұядағы басқа құстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ көзінде, не жерге салып, оны тұмсығымен басқа құстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан Көкектің балапандары ептеп, иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жулдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.
- Отряд. Тотылар (Psittaciformes).
Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құстар. Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауытымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.
- Отряд. Ешкіемерлер (Psittaciformes).
Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үлкендіктері орташа, насеком қоректі, түн құстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік өткен ортасына сай сұр-қоңыр болады. Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерлерді байқау қиын, өйткені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.
Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдардың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Бұлар тек суық жақта ғана болмайды, бізде құрғақ орманды жерлерде — кедімгі ешкіемер кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1-2 жұмыртқа болады. Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер ете пайдалы құс.